Поурочный план ИЗО пейзаж 3 класс

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бейнелеу өнері. 3-сынып

Сабақтың тақырыбы; Тау табиғаты. Пейзаж.

Сабақтың мақсаты;

1-Білімділік. Оқушыларды табиғат бояуларымен таныстыру, тау көрінісін бейнелеудің үлгілерімен үйрету. Тау табиғат көрінісін бақылап этюд жазуға бейімдеу.

2-Дамытушылық. Қоршаған ортадағы табиғатты сезіммен қабылдауға оқушының дағдысын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту.

3-Тәрбиелік. Отанын, туған жерін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: Түрлі-түсті бояулар. Акварель, гуаш, қаламдар. Сурет альбомы,қылқалам,өшіргіш, су құятын ыдыс.

Сабақ барысы.

1-ұйымдастыру кезені.

Амандасу, танысу, түгендеу.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Жана тақырыбымыздың алдында өткен сабақтар бойынша алған білімізді тексерейік.

ІІ-Өткен сабақ материалдары бойынша білімдерін тексеру.

ІІІ-Бейнелеу өнерінің түрлері. Оқушылар атап өздері тақтаға жазады, салады.

Тақтада бейнелеу өнерінің қандай жанры? (Натюрморт, портрет,геометриялық денелерден құралған натюрморт, аниманистік жанр, тьақырыптық картина, пейзаж).

ІҮ-Жана тақырыпты жариялау.

Балалар жана айтып кеттім, бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз «Пейзаж-тау табиғатын бейнелеу»

Ү-Жана сабақ.

Балалар, осы біз жарық және әр түрлі түстер болмаса қоршаған ортамызды көре аламыз ба? Жоқ әринге. Ал осы табиғаттағы түстердің бояуларын біз бояу түрлері арқылы қағаз бетіне түсіре аламыз. Ендеше осы сурет өнерінде танымал суретшілердің жұмыстары жайлы әңгімелеп талдау жасайық.

Мына суретте тау табиғатының қай мезгілі бейнеленген?

Қандай бояулар басым, неліктен?

Осы тау табиғатты жайлы қандай суретшілердің картиналарын білесіңдер?

Суреттеу.

Жана тез салынған суретті этюд дейміз. Этюд орындауда үш кезенге бөліп қарастыруға болады;

1-Композиция, яғни табиғат көрінісін қағаз бетіне дұрыс орналастыру.

2-Сурет құру.

3-Түстік бояу шешімін табу.

Енді осы тау табиғатына байланысты этюдті салып үйренейік.

Жұмысты жақындап жүргізуіміз керек.

Практикалық жұмыс.

Оқушыларды аралап, салған суреттерін мақтап, мадақтау.

ҮІ-Қортындылау.

Этюд дегеніміз не? Ол қанша кезеңмен салынады?

ҮІІ-Оқушылардың білімдерін бағалау.

Оқушылардың суреттерін жауаптарына сай бағалау.

ҮІІІ-Үйге тапсырма. Аяқтап келу.

















© 2010-2022