Авторлық жұмыс Сызу пәнінен тест жинағы (9сынып)

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 9 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Ақжайық ауданы, Алғабас ОЖББ мектебінің бейнелеу

өнері және сызу пәнінің мұғалімі

Хаймулдина Гүлнар Мағзомқызының

іс-тәжірибесінен








Авторлық жұмыс Сызу пәнінен тест жинағы (9сынып)










2015-2016 оқу жылы




Ітарау. Сызбаларды безендірудің негізгі ережелері және сызудағы геометриялық салулар

1.Сызбаны орындау,оқу және оларды пайдалану арқылы есеп шығару ережелерін баяндайтын пән:

а)математика ә)сызу б)геометрия д)алгебра

2.Нәрсенің сызбасына қарап, оның пішіні мен өлшемдерін анықтауды не дейміз?

а)сызбаны оқу ә)кескіндеу б)аксонометрия д)проекциялау

3.Алғашқы сызба қай ғасырда орындалған:

а) XVI ә) XVII б)XV д)XVIII

4.Шығарма және өлшем сызықтары көмегімен өлшемдер қай ғасырда қойыла бастады?

а)XIX ғ.бірінші жартысында ә) XXғ б)XІХ ғ. аяғында д)XVIIІғ

5. «Сызба геометрия» еңбегін жарыққа шығарған кім?

а)И.П.Кулибин ә)Гаспар Монж б) И.И.Ползунов д)І Петр

6.Бу машинасының сызбасын жасаған кім? а)Гаспар Монж ә)И.П.Кулибин б)И.И.Ползунов д)І Петр

7. Cызба арқылы зеңбірек жасаған атақты орыс шебері ?

а)Гаспар Монж ә)И.П.Кулибин б) Ломоносов д)І Петр

8.Гаспар Монж қай елден шыққан ғалым:

а)франция ә)испания б)германия д)россия

8.Сызба жұмысын орындайтын қағаз түрі:

а)жұмсақ ә)қатты б)тығыз д)орташа

8.Сызу пәніне арналған қарындаштар нешеге бөлінеді? а)5 ә)6 б)3 д)4

9.Бұрыштарды өлшеу және оларды салу үшін қолданатын құрал:

а)рейсшина ә)транспортир б)циркул д)сызғыш

10.Сызбаға арналған құрылғымен жабдықталған, арнайы конструкторлық үстел қалай аталады? а)рейсшина ә)кульман б)сызбаүлгі д)трафарет

11.Сызбада шеңбер сызатын құрал:

а)транспортир ә)рейсшина б)циркуль д)сызғыш

12.Ең жұмсақ қарындаштың таңбасын көрсет: а)М ә) б)ТМ д)2Т

13. Стандартты қысқаша қалай белгілейді? а)ОТК ә)ЕСКД б) МЕСТ д) СҒВ

14.Сызбалар мен схемаларды рәсімдеудің міндетті бірыңғай ережелерін не белгілейді?

а)стандарттар ә)конструкторлар б)инженерлер д)техниктер

15.Реттілікке қол жеткізу мақсатында ережелер мен қағидалардың белгілі бір саладағы өзара байланысты кешенді түрде көрсету:

а)стандарттау ә)бейнелеу б)проекциялау д)эскиздеу

16. «Машина жасаудың барлық түрлеріне арналған сызбалар» атты алғашқы стандрт қай жылы қабылданды? а)1928ж ә)1930 б)1927 д)1931

17.Белгілі өлшемдегі сызбалары бар парақтар қалай аталады?

а)дәптер ә)пішім б)құжат д)альбом

18. А-4 парағының өлшемі қандай? а)420х594 ә)210х297 б)297х420 д)591х841

19. 1м2 өлшемінің пішімі: а)А1 ә)А4 б)А3 д)А0

20. 297х420 өлшемінің пішімі: а)А3 ә)А2 б)А0 д)А4

22.Сызбаның өрісін шектейтін жиек қағаздың әр жағынан ...мм қашықтықта жүргізіледі. а) 10мм ә)20мм б)5мм д)дұрыс жауабы жоқ

21. Негізгі жазу сызба қағазының қай жағында орналасқан?

а) жоғарғы оң жағында ә)төменгі сол жағында б)төменгі оң жағында д)жоғарғы сол жағында

22.Мектептің оқыту жазбасындағы негізгі жазудың мөлшері:

а)185х55 ә)145х22 б)145х30 д)297х210

Сызбадағы өндірістік негізгі жазудың өлшемі:

а) 55х185 ә)145х22 б)145х30 д)297х210

23.Сызба сызықтары неше түрге бөлінеді? а)5 ә)7 б)9 д)4

25.Сызбаның өрісін шектейтін жиек қағаздың сол жағынан ...... қашықтықта жүргізіледі. а) 5мм ә) 20мм б) 10мм д) 15мм

24. Негізгі жуан тұтас сызықтың қалыңдығы:

а) 0,5ден - 1,4мм ә) 0,1ден-2мм б) 0,8ден-1,8мм д) 1ден-3мм

25.Қос нүктелі үзілме сызық ........қолданылады.

а)көрінбейтін сызықтарды белгілеу үшін ә)қима сызықтарды көрсету үшін

б)осьтік және шығарма сызықтарда д)жазбаларды бүгу сызықтары үшін

00.Шығарма сызық өлшем сызығынан .......мм шығып тұрады.

а) 10мм ә) 5мм б)1мм д) 20мм

28. Өлшем және шығару сызықтары ......... орындалады.

а)тұтас жіңішке сызықпен ә)тұтас жуан сызықпен б) үзілме нүктелі сызықпен д) қос нүктелі үзілме сызықпен

00.Сызбадағы өлшем сызықтарының аралық ...мм қашықтықта орындалады.

а)3мм-5мм ә)10мм-20мм б)8мм-15мм д)7мм-10мм

30. Ирек сызық ........ қолданылады: а) көрінетін контурды сызу үшін ә)тетікбөлшектің үзілу сызығын белгілеу үшін б)жазбалардың бүгу сызықтарын көрсету үшін д)көрінбейтін сызықтарды белгілеу үшін

31. Сызбада негізгі тұтас жуан сызық ...... қолданылады.

а) шығару және өлшем сызықтарын,тілікпен қиманы сызықтау,қосымша сызықтарды кескіндеу үшін ә) сызба түрін және қиманы шектеу сызығын бейнелеу үшін б)көрінетін сызықтарды бастыра орындайтын,өту сызықтарын, тілік және шығарып көрсетілетін қималардың контурын кескіндеу үшін д)қима мен тіліктің қиюшы жазықтықтардың орналасуын белгілеу үшін

32.Тілікті көріністен бөлу үшін қолданылатын, аспаптың көмегінсіз салынатын, жуандығы тұтас жіңішке сызықтың жуандығындай болатын ......сызық: а) тұтас іркісінді ә)тұтас жуан б)тұтас жіңішке д)тұтас ирек

33. Қағаздың бүгу сызықтарын белгілейтін,жуандығы тұтас жіңішке сызықтың жуандығымен бірдей болады, бөліктерінің ұзындығы 5....30мм, аралығы 4...6мм болатын .......сызық: а)жіңішке қос нүктелі үзілме ә)жуандатылған нүктелі үзілме б) үзілме д)жіңішке нүктелі үзілме

35. Нақты масштабты көрсет: а) 2:1 ә)1:1 б)1:3 д) 1:2,5

36.Сызбада көрінбейтін сызықтарды кескіндеу үшін .....қолданылады.

а)үзілме сызық ә)жіңішке нүктелі үзілме сызық б)үзік сызық д)тұтас ирек

37. ) Шығару және өлшем сызықтарын,тілікпен қиманы сызықтау,қосымша сызықтарды кескіндеу үшін ........ қолданылады.

а)үзілме сызық ә)жіңішке нүктелі үзілме сызық б)үзік сызық д)тұтас ирек



Авторлық жұмыс Сызу пәнінен тест жинағы (9сынып)

© 2010-2022