Сабақтарым 7 модульді еңгізгеннен кейін қалай өзгерді

Курста алған негізгі материал жеті модульден тұрады, жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта пайдаланылатын жекеленген сратегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланысты болады. Осы кезеңде өзіме көп тәжірибе жинақтап, шыңдалған сайын, сыни көзқарасым өзгере түсті.          Сабақта осындай әдіс-тәсілдерді қолдану өте тиімді, сабақ үстінде бірнеше әрекет жасауға мүмкіндік болып отырғанына нақты көзім жетті, сабақтар балаларды ұйымшылдыққа, түсініспеншілікке үйретті, нәтижелі болып өтті деп сені...
Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтарым 7 модульді еңгізгеннен кейін қалай өзгерді


Курста алған негізгі материал жеті модульден тұрады, жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта пайдаланылатын жекеленген сратегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланысты болады. Осы кезеңде өзіме көп тәжірибе жинақтап, шыңдалған сайын, сыни көзқарасым өзгере түсті.

1«Барлық сыныпта интерактивті сабақ беру оқушылардың жетістіктерінің артуына әкеледі. Интерактивті оқытудың тиімділігі мұғалімнің оқушылармен қаншалықты қарым-қатынас жасауына байланысты, ол өздігінен тиімді оқудың шешуші факторы болып табылады. Барлық сыныпта интерактивті сабақ беру артықшылықтары тапсырманы орындауға теріс әсер ететін тәртіпті, түсіну кемшілігін және концентрацияны мұқият және дереу анықтауына қатысты және осылайша тікелей араласу мүмкіндігі болады» деп айтылғандай, мен оқытудың жаңа формасын еңгізу арқылы тиімді жұмыс жасау жолдарын таптым. Курста алған біліммен мектепте жүргізілген тәжірибемді ұштастырған сәтте, бүгінгі оқушының сұранысын қанағаттандыратын, мұғалімді жаңашаландыратын жобаның білім жүйесіне еңгізілуінің орынды екенін түсіндім.

Оқушылар топпен жұмыс істегенде, өзін өзі немесе топтағы сыныптастарын бағалағанда, аз уақыттың ішінде көптеген өзгерістерді байқадым. Бұрынғы сабақта үндемейтін, сурет салуды ұнатпайтын оқушылар белсенділік танытты. Оқушылардың өзара қарым-қатынас мәдениеттері жоғарылай бастады. Балалар сурет салуға немесе пікірді талқылауға қанша адам қатысса, соған сәйкес әртүрлі пікірлердің болатындағы және ол пікірлердің белгілі бір дәрежеде мойындайтындығын, бірлескен іс-әрекет негізінде топта қолайлы психологиялық ахуалдың қалыптасқанын байқап, пікірлерін айтты. Өздерінің пікірлерінің құндылықтарын бағалады.

Формативті бағалауды қолданған кезде балалар ол тек қана баға қою емес, сонымен қатар:

  • бірін бірі мақтау

  • мадақтау

  • жылы шырай таныту

  • бір топ екінші топқа қолдау көрсету

  • ынталандыру екенін түсінді.

Қойылған бағалары объективті болуда. Менің байқауым бойынша бұндай бағалауларда бифуркация дамуы анық көрініп, оқушылар өздерінің бұрынғы білімдерін жаңа алған біліммен ұштастырды және оны тиімді пайдалана алды. Осы жұмысты дұрыс ұйымдастыру мақсатымен берілген жеті модульді сабақтарымда қолдандым.

Берілген модульдер оқыту барысында аралас түрінде берілді. Осы модульдерді сабақтарымда және тәрбие жұмыстарында пайдаландым. Берілген барлық әдіс-тәсілдерді аралас түрінде пайдаланған өте тиімді екеніне көзім жетті. Оқушыларға да ыңғайлы, топпен жұмыс жасағанды олар қолайлы деп санады.

  • Бағдарламада айтылған «Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерде» балаларға өздігінен білім алуға мүмкіндік бердім. 2«Диалог негізінде білім беру мен білім алу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтың шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді» дегенге байланысты өз практикамда балалар өзінің түсінігін өзіндік зерттеулері мен әлеуметтік өзара байланысқа сәйкес құратын белсенді білім алушылар болып табылғандықтан, оларды сабақ барысында жұмыс істеуге бағыттап, бақылап отырдым. Әрі қарай сабақ үстінде оқушылар берілген мәтінді өздігінен оқып бір біріне түсіндіре алды, өздерінің білімдерін сол арқылы толықтырды, біреуді үйреткен арқылы өздері үйренді. Мұндай әдісті қолданғанда сабақта сөйлемейтін Мұратбек те құрбыларынан қалып қоймау үшін өзінің түсінгенін айтты және шағын топтағы айтылғандарды мұқият тыңдады. Өткізілген төрт сабақтан кейін балалардың жұмыс барысына қосылып, біраз пысығанына көзім жетті.

  • Оқушылардың ой-өрісінің дамуына ықпал ететін сұрақтар қою, әр түрлі ситуацияларды туғызу, нақты объектімен жұмыс істеуді ұйымдастырдым. Берілген тапсырмаларға ерекше көңіл аударту сабақта оқушылардың табиғи әуесқойлығын оятып, оларды сыни тұрғыдан ойлауға итермеледі. Мәтінді оқып слайдтары көргенде оқушы нені ойлау керектігін өзі шешуіне бағыттадым. 3«Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың білім алуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады». Мысалы: «Сәулет өнері туралы түсінік» атты тақырыпта балаларға Астана қаласы туралы өлең жолдары берілді. «Осы өлеңдегі айтылған Астана қаласы біздің Бурабаймен айырмашылығы неде?» деген сұрақ қойылды, балалар Астананың көрікті құрылыстары туралы айтты, оны тыңдап алғаннан кейін Астана туралы шағын 3-4 сөйлемнен тұратын әңгіме жазуды тапсырдым, балалар тағы да ғимараттар туралы жазды. Бұл жерде олардың сын тұрғысынан ойлау процессі іске асқаны анық көрінеді, олар шағын топта не жазатыны туралы ақылдасып алды, бір бірінің пікірлерн тыңдап отырды. Тек *сыни тұрғыдан ойлаудың арқасында дәстүрлі таным процесі жекелік сипат алып, саналы, үздіксіз әрі өнімді бола бастады. Сыни тұрғыдан ойлау әлеуметтік ойлау болып табылғандықтан балалар өте қызықты пікірлер айтып отырды, әңгімені құрастырғаннан кейін бес жолды өлең құрастыруға тапсырма бердім. Бұл тапсырманы орындауда да балалардың шығармашылығы сыни тұрғысынан ойлау процессімен тығыз байланыста екендігін байқадым. Барлық ойлар ортаға салынғанда тексеріліп, өткірлене түседі, әрі шыдамдылық, басқаны тыңдай білу және өз көзқарасына деген жауапкершілік секілді өнімді ой алмасуға өте қажет болатын сапалы өңдеулер жүрілді.

  • Сабақтарымда формативті бағалаудың түрлерін қолдандым: мақтау, мадақтау, аз да болсын жетістіктерін атап өтіп оларды әрі қарай жұмыс істеуге ынталандырып отырдым, шағын топтың ішінде бір біріне қолдау көрсетуге бағыт беріп отырдым. Топтың ішінде өзін және топтастастарын ұпайлар арқылы бағалады, тақтада ілініп тұрған суреттерге бағаларын ілді (жабыстырды) балалардың суреттері қойылған ұпаймен бағаланды, жұпта бағалау әдісін қолдандық, оқушылар бес минут аралығында нобай, эскиз салды сосын бір бірімен ауыстырып бірін-бірі бағалады.

  • Нұсқаулықта «Тапсырманы кеңейту анағұрлым тереңдетіп оқыту, кең көлемді жобалар немесе зияткерлік тапсырмаларды кеңейту түрінде берілуі мүмкін» деп жазылған, соған байланысты шағын топтағы дарынды және талантты балаларға жеке күрделірек тапсырмалар берілді, топпен сурет салғанда оларға салған суреттеріне әңгіме құрастыруға тапсырма берілді және сол әңгімені топтағы балаларға түсіндірілу тапсырылды, шағын топтарда ұйымдастырушылар ролін атқарды. Бірінші сабақта шағын топтағы дарынды балаларға мәтін таратылды, олар сол мәтінді оқып топтағы балаларға түсіндіріп берді, кеін Синквейн құрастыруда да дарынды балаларға басымдырақ көңіл бөлдім.

  • Бағдарлама бойынша оқушыларға берілетін тақырыптар және сабақ жоспарының құрылымы оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес, тиімді құрылған және қолжетімді деп санаймын. Сабақтағы балалардың сабаққа деген үлгерімдері әр түрлі болғандықтан сабақтарымда деңгейлік тапсырмаларды қолдандым. Сабақта қызығушылық танытпайтын балаларды сабаққа тарту үшін басқалардан ерекше жеңілдетілген тапсырмалар бередім.

  • 4«Көшбасшылық Бағдарламаның өн бойында мұғалім енгізетін өзгерістер тарапынан қарастырылады» сондықтанда мен келгеннен бастап барлық жұмыстарымды өзгерттім, жаңа әдіс-тәсілдерін еңгіздім, сабақ беру формаларын өзгерттім, барлық өзгерістерді бақылап, көшбасшылық жасап жүрдім. Іс-тәжірибені жетілдіру жұмыстарын өз қолыма алдым, өзгерістер еңгізу үшін әріптестеріммен стратегиялық шешімдер қабылдадым. Балаларға жұмыс барысында бағыт бағдар беріп отырдым. Сонымен қатар, алған сауалнамалардаң оқушылардың ойынша, топтарда ешқашан көшбасшы болған жоқ, олар тек мұғалімнің көшбасшылығын мойындайды. Бірақ менің бақылауым бойынша топта барлық бала белсенді жұмыс жасаса да арасында жетелеп отыратын балалар болды, олар сурет салуда жақсы идеялар беріп отырды, топпен жұмысқа белсенді қатысты, бірінші екінші сабақтарда топтардағы көшбасшылар суреттерді қорғады, топтағы тәртіпті де осы балалар бақылап отырды. Омарова Айгүл сабақтағы ең ұйымдастырушы бала болып шықты, ол қай топта отырса да сол топ ең жақсы, қызығушылықпен жұмыс жасайтынын байқадым. Айгүлде осындай қабілеті бар екенін мен осы уақытқа дейін және осы жаңаша әдіс-тәсілдерді қолданғанша байқамаппын.

Бұл алған білімнің оқұ үрдісінде және жеке өзімнің сабақтарымда пайдасы мол деп ойлаймын. Бұрынғы әдіс бойынша сабақтың тақырыбын айтып, түсіндіргеннен кейін оқушыларды сабаққа қызықтыру өте қиын болатын. Енді сабақтың басынан бастап аяғына дейін оқушылар бір құпияны ашуға асық болып отырғандай болады, сабақ үстінде қызығушылықпен мәтінді талдайды, бірігіп сурет салады, мүсіндейді, коллаж жасайды, бір бірімен пікір алмасады. Топпен салған суреттің бастапқы сабақтарда сапасы болмады, жұмыс түрлерін өзгертуге тура келді, әр түрлі техникада жұмыс жасады, кейіннен жұмыстары жақсара бастады. Бірнеше сабақтан кейін оқушыдардың ұйымшыл болғандығын байқадым, бір біріне түсініспеншілікпен қарайтын болды. Сабақтарда мүлдем сойлемейтін оқушылар сабақтарда жауап беріп, суреттерді қорғағанда сөйлей бастады. Оқушылар сабақта барлығы жауап бергендіктен, сабақтарға және сынып сағаттарына жаупкершілікпен қарайтын болды, үй тапсырмасын дайындап келіп отырды.

Сабақта осындай әдіс-тәсілдерді қолдану өте тиімді, сабақ үстінде бірнеше әрекет жасауға мүмкіндік болып отырғанына нақты көзім жетті, сабақтар балаларды ұйымшылдыққа, түсініспеншілікке үйретті, нәтижелі болып өтті деп сенімділікпен айта аламын. Ең бастысы қойылған мақсаттарыма жету болып табылады. Оқыған, практикада жүрген күндерімді талдай отырып, мен бағдарламаны толық игердім деп айтпасам да, нақты жұмысты қалай істеуім керек екенін білемін.

Сілтемелер:

  1. TEHOLS_Тәжірибедегі диалог тәсілі. (Александер, 2000 ж.).

  2. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық: «Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер» 12 бет

  3. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық: «Сұрақ қою» 40 бет.

  4. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық: «Білім беруді басқару және көшбасшылық» 14 бет.

/1191 сөз/

© 2010-2022