Самоанализ урока по ИЗО на тему Қағаз батигі 6 класс

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың анализі

Мұғалімі: Ташимова А.А. пәні: бейнелеу өнері тақырыбы: Қағаз батигі сыныбы: 6 өтілетін уақыты: 19.11.2008

Анализдің құрамды бөліктері

Аналитикалық жұмыстың алгоритімі


Сабақтың жалпы құрлымы

Жаңа сабақты меңгерту. Эвристикалық іздену сабағы. Әр түрлі техникаларды меңгере, мәнерлеу арқылы жаңа білімді өздігінен меңгеруге жағдай жасалды. Сабақ элементтері сабақтың әр бөлігінде дұрыс белгіленген.


Сабақтың негізгі дидактикалық мақсатын жүзеге асыру

Сабақта « Қағаз батигі » тақырыбы бойынша бағдарлама талаптарының бәрі ашылып көрсетілді. Оқушылар осы материалды қызыға қабылдап, өте жоғары дәрежедегі белсенділік танытты. Кескіндеме туралы білім бір жүйеге келітіріліп оқушылардың іскерлігі көрсетілді.


Оқу үрдісінде оқушылардың дамуын жүзеге асыру

Жаңа техниканы меңгеруде оқушылардың шығармашылыққа деген құлшынысы арта түсті, әр түрлі материалды экспериметтеп суреке қолданылуы сурет салу түрлерінің жасалу жолдарын уйренуге қол жеткізді.


Сабақ үрдісіндегі тәрбие

Сабақтың негізгі тәрбиелік мақсаты өне бойында ұқыптылық пен ізгілік жүзеге асырып отырды. Сабақтың өмірмен байланысы сурет салуды іске асуын түсіндірумен қоса мұғалімнің жеке профессионалдық эстетикалық тәрбиелік әсері мүмкіндік берді.

Дидактиканың негізгі ұстанымдарын орындау

Берілген материалдың көлемі ауқымды, қарапаймнан күрделіге қарай сынып оқушыларының білім деңгейіне лайықты берілген.


Оқыту әдістерін таңдау

Сабақты түсіндру әдісі дұрыс таңдалған. Оқушылардың білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын қалыптастуһыру жаттығулары жүзеге асырылды. Сурет салу кезінде олардың дербестік дәрежесі өсіп отырды, алған білімдері тиімді пайдаланылды.

Мұғалімнің сабақтағы жұмысы

Жіберген қателермен жұмыс жасай отырып оқушылар дұрыс бағытталынып шығарма-шылықпен жұмыс орындауға негізделді. Оқушылардың көңілін бөлетін артық нәрсе болған жоқ.


Сабақтағы оқушының жұмысы

Оқушылардан кескіндеме түрлері туралы білімдерін сұрақ жауап арқылы анықтаған соң, олардың сабаққа деген қызығушылығын жаңа техникамен жұмыс орындату арқылы арттырылды. Тақырыпты бекіту үшін эвристикалық ізденушіліктерін ояту арқылы практикада сурет салғызылды. Акрил бояуымен, қағаз батигімен жұмыс жасау әдісін меңгертілді.

Сабақтың гигиеналық жағдайлары

Жаңа заман талабына сай болғандықтан сынып бөлмесі оқушы денсаулығына оң әсерін тигізді. Сабақтан соң жекелеген оқушылар қоңыраудан соң сабаққа батиктің басқада түрлерімен жұмыс жасауға тілектерін білдірді.

Кейбір арнайы тапсырмалар


Сурет үйірмесіне қатысатын оқушыларға батик техникасында көлемді А3 форматына сурет салу тапсырмасы берілді.

© 2010-2022