• Преподавателю
  • ИЗО, МХК
  • Жарық, көлеңке – бейнелеу өнерінде заттардың көлемін, пішінін шынайы көрсету үшін немесе (туындыда) суретте кеңістікті (перспективаны) білдіру үшін қолданылады

Жарық, көлеңке – бейнелеу өнерінде заттардың көлемін, пішінін шынайы көрсету үшін немесе (туындыда) суретте кеңістікті (перспективаны) білдіру үшін қолданылады

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жарық, көлеңке – бейнелеу өнерінде заттардың көлемін, пішінін шынайы көрсету үшін немесе (туындыда) суретте кеңістікті (перспективаны) білдіру үшін қолданылады.

Мамандығы: 0106000 Бейнелеу өнері және сызу

Біліктілігі: 0106013 Бейнелеу өнері және сызу пәнінің негізгі орта білім беру мұғалімі

Топ: 1а,сКШИЧ


Тақырыбы: Жарық, көлеңкенің өзгеруі


2015-2016 оқу жылы


Оқытушы: Н.А.Хамзин


Пәні: Сурет негіздері



С

«Бекітемін» ______________

Директордың оқу-ісі жөніндегі

орынбасары Ш.С.Набидоллинаабақ жоспары


Пәні:

Сурет негіздері

Тобы:

1а,сКШИЧ

Уақыты:

20.10.2015

Сабақтың тақырыбы:

Жарық, көлеңкенің өзгеруі

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А) ақпараттық құзыреттілік

Әртүрлі геометриялық айналу денелерінен натюрморт салу жолдары, дене көлемін көрсетуде жарық көлеңкені бейнелеу жолдары жөнінде ақпарат беру.

Ә) коммуникативтік құзыреттілік

Бейнелердің құрылысын тұрғызу барысында ережеге сай кезеңдермен жұмыс жасауға үйрету, заттар көлемін көрсету жолдарын меңгерту.

Б) проблеманы шешу құзыреттілігі

Геометриялық айналу денелерінен натюрморт салуда бейнелердің түстік ерекшеліктерін,

жарықтың түсуін, жарық көлеңкенің өзгеруін таба білуге дағдыландыру.

Сабақтың типі:

Аралас

Сабақтың әдісі:

Ауызша, АКТ, машықтық

Пәнаралық байланыс:

Физика, сызу

Қажетті құралдар мен материалдар

Компьютер, геометриялық денелер (цилиндр, конус)

Сабақтың барысы:

Оқытушының қызметі

Студенттің қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру бөлімі

Студенттермен амандаса отырып, сабаққа дайындау, құрал жабдықтарын дайындату.

Оқытушымен амандаса отырып, сабаққа дайындалады.

Сабаққа дайын болады.

ІІ. Үй тапсырмасы тексеру

Сұрақтар қою арқылы өткен материал қайталанады:

  1. Суретті бейнелеу қандай кезеңдер ақылы жүзеге асырылады?

  2. Сурет салу барысында қандай бейнелеу заңдылықтары қолданылады?

Сұрақтың жауаптарын ашу арқылы студенттердің жауабын тексереді.

Бейнелеу өнерінің әр заңдылықтарына суреттер көрсетіліп, анимация арқылы түсіндіріледі.

Жарық, көлеңке – бейнелеу өнерінде заттардың көлемін, пішінін шынайы көрсету үшін немесе (туындыда) суретте кеңістікті (перспективаны) білдіру үшін қолданылады.

Жарық, көлеңке – бейнелеу өнерінде заттардың көлемін, пішінін шынайы көрсету үшін немесе (туындыда) суретте кеңістікті (перспективаны) білдіру үшін қолданылады.

Жарық, көлеңке – бейнелеу өнерінде заттардың көлемін, пішінін шынайы көрсету үшін немесе (туындыда) суретте кеңістікті (перспективаны) білдіру үшін қолданылады.

1. а) Парақтың бағытын анықтау

ә) Бейнелердің орындарын белгілеу

б) Бейнелердің құрылысын шығару

в) Заттардың түстік шешімін табу

г) Жұмысты аяқтау

2.

а) Композиция

ә) Пропорция

б) Перспектива

в) Жарық көлеңке

Үй тапсырмасын толық орындайды, сұрақтарға жауап бере алады.

Көрсетілген бейнелерден бейнелеу заңдылықтарының ерекшеліктерні түсіндіреді.

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру

Оқытушы жаңа сабақтың тақырыбын хабарлай отырып, жаңа материалды түсіндіреді. Жаңа сабақ тақырыбы

Жарық, көлеңке заңдылықтары

Жарық, көлеңке - бейнелеу өнерінде заттардың көлемін, пішінін шынайы көрсету үшін немесе (туындыда) суретте кеңістікті (перспективаны) білдіру үшін қолданылады.

Егер геометриялық денелерді жазықтық бетіне тексызықтармен бейнелеп қойсақ, онда ол денелер сымнан жасап қойған тәрізді болады.

Осы денелер бейнесіне жарық, көлеңке реңін түсіріп бояу арқылы ол денелердің кеңістіктегі шынайы пішінін, көлемін, қандай материалдан жасалғанын жазықтық бетінде көрсетуге болады.

Бейнеленетін обьектілердің жарық түсіріп тұрған жағы жарық деп, ал екінші қарама-қарсы жағы көлеңке деп аталады. Заттың жарық көзінен сәулелер түспейтін жақтары меншікті көлеңке деп аталады. Жарық түсіп тұрған заттан екінші заттың бетіне түсетін көлеңкені түспе көлеңке деп атайды.

Жарықтан көлеңкеге ауысар жері шала көлеңке деп аталады. Мөлдір нәрселерге жарықтың тікелей түсіп, шағылған бөлігі жылт деп аталады.

Меншікті көлеңкенің жарықтау жерлерінде рефлекстер болады. Бұлар жақын тұрған заттардан шағылысқан сәулелердің меншікті көлеңкеге түсуінен пайда болады.

Жылтыр немесе мөлдір заттардың бетіне түскен өте ақшыл дақтарын көру қиын емес. Бұл - заттың өзіне түскен сәулелерді ең көп шағылыстыратын жері. Бұл дақтар заттардың дөңес және ойыс бетінде, сондай - ақ олардың қырларында көбірек байқалады.

Бейнелеу барысында заттың қай бөліктеріне жарық түсіп тұрғанын дұрыс ажырату үшін жарық көзінің қандай екендігін, сондай - ақ жарық сәулелерінің бағытын анықтап алудың маңызы зор.

Жарық - көлеңке іздерінің кезеңдері түстік реңдер арқылы сызылып көрсетіледі.

Жарық, көлеңке – бейнелеу өнерінде заттардың көлемін, пішінін шынайы көрсету үшін немесе (туындыда) суретте кеңістікті (перспективаны) білдіру үшін қолданылады.

Цилиндрге түскен жарық, көлеңкені әр бөлшектерін жылжыту арқылы көрсетіп, дәлелдейді.

Жарық, көлеңке – бейнелеу өнерінде заттардың көлемін, пішінін шынайы көрсету үшін немесе (туындыда) суретте кеңістікті (перспективаны) білдіру үшін қолданылады.

Студенттер жарық, көлеңке заңдылықтарымен таныса отырып, орындалу әдістерін меңгереді.

Жарық , көлеңкеде түстік реңнің өзгеруін оқытушы көрсету барысында айтылған мәліметтерге сәйкес ретін айқындайды.

Сонымен қатар құмырада берілген жарық көлеңке құралдарының атауларын тақтада жазады.

Жарық, көлеңке – бейнелеу өнерінде заттардың көлемін, пішінін шынайы көрсету үшін немесе (туындыда) суретте кеңістікті (перспективаны) білдіру үшін қолданылады.

Жарық, көлеңке заңдылықтары жөнінде түсінік қалыптасып, осы орындау әдістері жөнінде мәлеметтер алады.

Жарық, көлеңкеде түстік реңнің өзгеруін берілген мәліметтерге сәйкес анықтай алады.

ІV. Машықтық жұмыс

Студенттер геометриялық айналу денелерінен құралған натюрмортты орындайды. Орындау барысында негізінен жарық, көлеңкені шығаруға көңіл аударылады.

Студенттер цилиндр және конусқа түскен жарық, көлеңке іздерін ережеге сәйкес орындайды. Орындау барысында жаңа сабақта түсіндірілген мәлімет, ережелер негізге алынады.

Қажетті құралдарымен талапқа сай жұмыстана отырып, геометриялық денелерден құралған натюрморт бейнесіне жарық, көлеңке беріп үйренеді.

V. Қорытындылау. Үйге тапсырма.

Сабақ соңында студенттердің орындаған жұмыстары таданып, сараланады, бағаланады. Өтілген материал сұрақтар қою арқылы пысықталады:

1. Жарық, көлеңке заңдылығы не үшін қолданылады?

2. Айналу денелерінде жарық, көлеңке қандай ретпен орындалады?

3. Түспе көлеңкенің көлемі неге байланысты болады?

Студенттер өз жұмыстарына сипаттама бере отырып, саралайды, сұрақтарға жауап береді.

  1. Жарық, көлеңке заңдылығы дененің көлемін көрсету үшін қолданылады.

  2. Жарық, жылт, жарық, көлеңке, шала көлеңке меншікті көлеңке, рефлекс, түспе көлеңке.

  3. Түспе көлеңкенің көлемі жарықтың түсуіне байланысты болады

Берілген сұрақтарға толық жауап бере отырып, жаңа материалды толық меңгереді. Геометриялық денелерден натюрморт сала отырып, жарық, көлеңке заңдылықтарын меңгереді.


© 2010-2022