Түрлі түсті бояумен сурет салу (3-сынып)

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Түрлі түсті бояумен сурет салу (3-сынып)Түрлі түсті бояумен сурет салу (3-сынып)Түрлі түсті бояумен сурет салу (3-сынып)Түрлі түсті бояумен сурет салу (3-сынып)Сабақтың тақырыбы: Түрлі түсті бояумен сурет салу

Мақсаты: Тақырыпты меңгерту

а) Түстерді сезіну, көріп есте сақтау және байқағыштық қабілеттерін

қалыптастыру.

ә) Әр түрлі элементтерді қолдану арқылы оқушылардың қызығушы-

лықтарын, ізденістерін арттыру. Негізгі ойды бейнелей білуге үйрету.

б) Төзімділікке, ұқыптылыққа дағдыланыру.

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту.

Пәнаралық байланыс: технология, геометрия, әдебиет

Көрнекі құралдар: слайдтар, көрсетуге арналған үлгілер, сұрақтар, таратпа материалдар, геометриялық денелер.

Сабақтың барысы:

1 Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушылармен амандасу, түгелдеу

ә) Сынып тазалығына көңіл бөлу.

б) Сабаққа даярлықтарын тексеру

II . Өткен сабақтарға шолу.

Үй тапсырмасын тексеру

Пейзаж деген не?

табиғат

Қандай ақын-жазушылардың жыл мезгілдері туралы өлеңдерін білесіңдер?

ІІІ. Жаңа сабақ

- Балалар, түстер бізге өте көп мағлұмат бере алады. Мысалы: таң сәріде, күн ұясынан әлі шықпаған кезде айнала жарық болғанымен барлық заттар қанықпаған бозғылт көгілдір түске боялады.

Күн шыққан соң барлық заттар қанық ашық түске айналады. Ал көлеңкеде заттардың түсі қанықпаған қою түске боялады.

Кешке қарай күн батар кезде жарық та азаяды, түстер қанық реңін жоғалтып, анағұрлым күңгірт тартып, суық реңктерге ауыса бастайды.

Ал түнде түстер реңін мүлде жоғалтып, пейзажда тек қою, қара реңкті түстер ғана қалады.

Демек тәулік мезгілі мен ауа райының әр түрлі әр түрлі жағдайларында заттардың түсі өзгеретініне көзіміз жетті. Ағаштар таңертеңгі ашық жасыл түстен түнге қарай қара түске айналады. Заттардың бояуы оларға түскен жарықтың мөлшеріне қарай өзгереді. Заттарға жарық аз түскен сайын олардың түстері қоюлана бастайды. Жарық неғұрлым мол түссе, кез келген заттың түсі ашық болып көрінеді. Бұл құбылысты табиғат аясында бақылауға болады.

Заттардың түс қанықтылығына қарап жарықтың қай жақтан түсіп тұрғанын ешқандай қиындықсыз байқауға болады.

Мына жапырақтардың қайсысына күн көзі молырақ түсіп тұр?

ІV. Ойлан тап.

Суретте неше қарындаш бар? Суретте неше қоян бар?

Олардың нешеуі ұшталған?


Түрлі түсті бояумен сурет салу (3-сынып)Түрлі түсті бояумен сурет салу (3-сынып)

V. Сергіту сәті

Домбырам күмбірлеп,

Күй шерте аламын.

Бұрала би билеп

Сурет те саламын.

VІ. Құпия сөз

Жасырын сөзді табу.

VІІ. Өзіндік жұмыс «Сандар әлемінде»

Жұмыс алдында қауіпсіздік ережелерін ескерту

Тапсырма: Берілген сандар бойынша суретті бояу

Түрлі түсті бояумен сурет салу (3-сынып)Түрлі түсті бояумен сурет салу (3-сынып)

VІІ. Жекелей оқушымен жұмыс

Жұмыс барысында кейбір оқушыларға жекелей көмек көрсету, бағыт-бағдар беру

VІІІ. Қорытындылау

  1. Тал түсті бейнелеу үшін қандай түстік гамманы таңдайсың?

  2. Заттардың түсі жарық түскен жағында қанық бола ма, әлде көлеңкеде ме?

ІХ. Үйге тапсырма: Түрлі түсті бояумен ерікті тақырыпқа сурет салу

Х. Бағалау. Оқушылардың жұмыстарынан көрме ұйымдастырып, салыстыру, ерекше орындалғандарды атап айту.

ХІ. Сабақ соңында жұмыс орындарын жинастыру,тазалау.

Қолдарын сабындап жуу



© 2010-2022