Открытый урок ИЗО на тему: Натюрмот

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Натюрморт

Сабақтың тақырыбы: Натюрморт. Затқа қарап сурет салу

Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің түрлерімен және жанрларымен таныстыру. Бейнелеу өнері жанры натюрморт жайлы білімдерін жетілдіру.
ә) Дамытушылық: натюрморт жайлы түсінігін кеңейту; жанрлар ерекшелігін ажырата білу қабілетін дамыту; өнерге қызығушылығын арттыру.
б) Тәрбиелік: Эстетикалық тәрбие беру; сурет салу арқылы оқушыларды әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Жазықтықта (қағаз бетінде) бейнелеу.

Сабақ барысында игеруге тиісті проблемалар: пішін сұлулығы пропорциясы, түстін үйлесімділік.

Көрнекі құралдар: Арнайы қойылым заттары, бояулар түсінің реттік тәртібін көрсететін суретшілер шығармаларының иллюстрациялары т.б.

Оқушылар үшін: ақ қағаз, акварель бояу, қыл қалам, су құятын ыдыс, карандаш бояулар езуге араластыруға қажетті ақ түсті пластикалық тақтайша. (15х15см) (палитра)

.Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі - 1 мин

( Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын түгендеп, сабақ барысын ұйымдастыру.)

ІІ үй тапсырмасын сұрау -10 мин

1. «Натюрморт» дегеніміз не?

2. «Натюрморт» қай елдің сөзі, мағынасы қандай ұғымды білдіреді?

3. «Натрюморт» қай ғасырда, қай елде алғаш пайда болды?

4. Қағаз бетін қалай таңдап аламыз?

5. Компоновка дегеніміз не?

Сұрақтардың жауабы:

1. «Натюрморт» дегеніміз заттар мен бұйымдарды үйлесімді етіп бейнеленген көркем шығарма.

2. «Натюрморт» - француз сөзі дәлме-дәл мағынасы. «Өлі табиғат» деген ұғымды білдіреді.

3. «Натюрморт» алғаш рет VII ғасыр басында Голландияда пайда болды.

4. Қағаз бетін заттар мен бұйымдардың көлеміне байланысты таңдап аламыз. (тігінен немесе көлденеңінен)

5. Компоновка дегеніміз - орындалатын жұмысты жоспарлау. Яғни қағаз бетіне дұрыс орналастыру.

ІІІ Жаңа материялды игеру- 20 мин

Суретші бейнелеген заттар адамның өмірі, талғамы, үйреншікті әдеттері жайында көп сыр аңғарта алады. Түрлі түсті маталар ыдыс-аяқ гүлдер жеміс жидектер, теңіз байлығы мен түз құстары сияқты әр қилы көріністер үйлесімі қоршаған ортаның байлығы мен сұлулығын дәріптеп қана қоймай, біздің көңілімізді не мұңға, не шаттыққа бөлейді. Қай заманның суретшілері де графика, мүсін, бейнелеу өнерінде талай талай натюрморттар қалдырған. Солардың ішінде ХVII-ғасырдағы фламонд голланд суретшілері Ф. Снейдерс. В. Хедтлердің натюрморттары айрықша орын алады. Өз шығармаларында олар (Алланың)табиғаттың адамға сыйлайтын мол рызығын адам қолынан шыққан бұйымдардың сұлулығын жырға қосады.

Суретші И.Э. Грабарь М. С. Сарьян П.П. Кондальский И. И. Машков т.б. натюрморт жанырының шеберлері болды.

Қазақтың ұлттық тағамдарының кейбір түрлерін белгілі суретші А.Ғалымбаева өзінің дастархан атты натюрмортында әсерлі берген. Мұндағы күрең бауырсақ пен ақ құрт, ағаш тегенедегі сары қымыз, шақпақ қантпен үгіліп кеткелі тұрған кеудірлек нан, дастархан шетіндегі торғын сүлгі, бұлардың тұсында аяққап осындай бір бірімен жараса астасып ел байлығын, қазақ дастарханының бір көрінісін тартымды бейнелегенін көреміз.

Күн сайын көріп жүрген қарапайым бұйымдар біздің көзалдымызда бұрын-соңды байқалмай келген ерекше жарастық тауып тоғысқан.

Суретші негізінен жеміс-жидектерден тұратын бұл шығармасында олардың әсемдігі мен кәзір ғана үзілген жемістің таза қанық бояулары асқан шеберлікпен берілген. Әр түрлі заттардың бұйымдардың тобын бейнелеу барысында олардың бір-біріне қатысты мөлшерін дұрыс бере білу керек ол үшін бұйымдардың жеке-жеке пропорциялық ерекшеліктерін айқындау қажет.

Салынған суреттерді мұқият қарап шықсақ, барлық жерде бірдей бұйымдар заттар бірақ топтамаларын әр түрлі бейнелеген. Барлық суретте сол заттар, бірақ топтамалар жинағы әр түрлі бейнелеген.

1-суретте зат бір-бірінен алшақ орналасқан,

2-суретте кейбір суреттер бір біріне жақындасып, кейбірі жекеленген, оқшау қалыпта,

3-суретте барлық заттармен бұйымдар бір жерге жиналған.

Бұл суретте бұйымдар тобының ерекшелігі тек оның пішіні көлемі фактурасына ғана байланысты емес, сондай-ақ олардың өзара орналасуы жағдайынада байланысты екендігін байқаймыз.

Сурет салынғанда суретші осыған байланысты қағазды тік немесе көлденең қалпында пайдалануды шешеді.

Олай болса балалар бізде өзіміздің Дастархан атты натюрмортымызды бастайық

ІҮ өзіндік жұмыс - 5 мин

1- кезең Бейнелейтін заттың нобайын геометриялық қандай бейнеге ұқсайтынын анықтаймыз. Сондай ақ әр бір дененің биіктігі мен енін шама жағымен салыстыра отырып белгілейміз.

2- Суретте салынған дененің құрлымына назар аударамыз. Әр бір затты салыстырып қарау үшін көмескі сызықтарды пайдаланамыз.

3- Заттардың жарық көлеңкесін жұқалап белгілеу арқылы олардың көлемін шығарамыз. Заттың өңі жарық көлеңке арқылы анықталады.

4- Бұл бейнелеген затты толықтай анықтау кезеңі деп аталады. Мұнда сурет салу ережесіне сүйене отырып, кейбір елеулі артық кеткен жарық пен қараңғы дақтарды бәсеңдетеміз. Бір тұтас реңдік қатынасқа бағындырамыз.

Оқушыларға қойылатын талаптар:

1. Заттың суретін бір-бірімен салыстыра отырып бейнелеу.

2. Әр затты өзінің табиғи түсімен бояу.

3. Жарық пен көлеңкені ажырата отырып бояу.

4. Жұмыс барысында (бояу барысында) заттың көлемін көрсете білу.

Жұмыс барысында оқушыларды қадағалап, ұдайы көмек көрсетіп отыру. Оқушыларға заттар мен бұйымдардың көлемін салыстырып, бояу түстеріне көңіл бөлдіртіп талдау жасату. Пішіні қандай заттар?

Бояу түстері қандай деген сұрақтарды қоя отырып, жұмыс істеулеріне көмектесу. Суретін салып болған оқушылардың жұмысын тексеріп, қателер болса түзетіп отыру. Оларға салынған суретті бояуға рұқсат етіп, жұмыстарын жалғастыру. Сабақ барысында жұмысы дұрыс бағытта орындалған оқушының жұмысын сынып оқушыларына көрсетіп отыру.

Ү Бекіту - 7 мин

Сабақты қорыту:

Сабақ соңына қарай оқушының жұмысына таңдау жасап, бағалау.

1. Берілген бұйымдармен, заттардың дұрыс белгіленуі.

2. Бояу түстерінің үйлесімділігі.

3. Бояу арқылы заттардың көлемін көрсете білулері.т.б.

Оқушылардың жұмысын бағалау.

Үйге тапсырма:

Заттын өзіне қарай бейнелеу. Екі-үш заттардан тұратын натюрморт.


© 2010-2022