Жаңылтпаштар, жұмбақтар. Қазақ тілі 7 сынып

Жаңылтпаш – қай халық фольклорында болмасын кең таралған жанрлық түр. Қазақ жаңылтпаштарына да зерттеушiлер ертеден назар аударып келедi. Оның тұңғыш хатқа түскен үлгiлерiн Ә.Диваев, М.Ф.Гаврилов жазбаларынан кезiктiремiз. Кейiнгi кезеңде жаңылтпаштар балаларға арналған мерзiмдi басылымдар да жиi жарияланып, жеке кiтап та болып басылып шықты. «Жаңылтпаш деген аты жаңылтудан шыққан. Қатарынан қайта-қайта шапшаң айтқанда, иә тiл келмейтiн, иә тiл басқа сөз қылып бұзып кететiн сөздердiң басын құрап...
Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Жаңылтпаштар, жұмбақтар, 7 сынып



Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік:
Оқушыларды халық ауыз әдебиетінің түрлері: жаңылтпаш,жұмбақтармен таныстыру.
Ә) Дамытушылық:
Халық ауыз әдебиетінің бұл түрлерін бір-бірінен ажырата білуін,мәнін терең түсініп,мағынасын аша білуін және оқушылардың ойлау қабілетін,тілін дамыту.Шығармашылық жұмысқа баулу.
Б) Тәрбиелік:
Оқушылардың халық ауыз әдебиеті арқылы ұлттық сезімін оятып,кішіпейілділікке,ізеттілікке,адамгершілікке,топпен жұмыс істеуге үйрету.
Сабақтың түрі: Тренинг сабақ.
Пән аралық байланыс: ағылшын тілі,орыс тілі,дүниетану.
Көрнекі құралдар:үлестірмелі қима қағаздар,тренинг ережелері жазылған,сабақтың тақырыбы жазылған плакат,топ ұпайларының көрсеткіштері,тест жұмыстары жазылған плакат,магнитофон.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.
А) сәлемдесу Ә) топтарға бөлу
2.Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабағымыз тренинг- сабақ түрінде өтеді.Тренинг сабақтың негізгі мақсаты оқушыларды ұйымшылдыққа,топтасып жұмыс жасауға баулу,ойларын бөлісіп,ашық айтуға дағдыландыру,бірлесіп,үндестікпен жұмыс жасауға үйрету.
Сыныпты үш топқа бөлеміз:
Тұлпарлар.
Достар.
Батырлар.
Әр топ жанына топ аттары жазылған табличкалар қойылады.
Сабақ ережесімен таныстыру.
1.Тыныштық сақтау 2.Ұжыммен жұмыс
3.Қол соғу 4.Ойын ашық айт
5.Ережені бұзбау.

ӘрбІр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.
Әр топ өздері арасынан:
1.Топ басшысын
2.бақылаушысын дайындайды.
Топ басшылары топ мүшелерімен таныстырып отырады,ал бақылаушылар топ мүшелерінің алған бағаларын жазып отырады.

1-бөлім.
«Білгенге маржан,білмегенге арзан».
Әр топқа тапсырма беріледі.Ойлануға 2 мин.
Тапсырмалар:
№1.жұмбақ деген не?
№2.жаңылтпашты қалай түсінесің?
Талданып болған соң ойын: «түсін мені».
Шарты:1-топтан 1-оқушы шығып,қима қағаз алады да ондағы жазу бойынша ерекшеліктерді бейнелеу.
Қалған екі топ қимылына қарап анықтайды.
Бағалау.
2-бөлім.
«Ойлан, тап» деп аталады.
А) Тапсырма магнитофоннан тыңдалады.
Әр топ айтылған жұмбақ жауабын үш тілде берулері керек.
№1. Өзі сондай қу,жүрген жері айқай шу.
№2. Маң-маң басқан маң басқан,шудаларын шаң басқан.
№3. Қыста ақ тон киемін,сәбізді сондай сүйемін.
Ә) Шығармашылық жұмыс.
Жаңа жұмбақ шештік,енді берілген тапсырмаларды алып,ойдан жұмбақ құраймыз. Қалған екі топ жауабын табады.

3-бөлім.
«Кім жаңылыспайды» ?
Магнитофоннан жаңылтпаш тыңдалып,жаңылыспай айтылуы керек.
№1. Дәу тау болады,тау дәу болады.
№2. Шүрегей сүңгігіш пе,сүңгуір сүңгігіш пе?
№3. Аңқау жалқауды жалқаусын дейді,жалқау аңқауды аңқаусын дейді.
Жеңімпаздарды марапаттау.



© 2010-2022