Бейнелеу өнері 5 сынып. Наурыз эмблемасы

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сызу 9 сынып

Тақырыбы: Геометриялық денелер бетінің жазбалары.

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі :
Оқушыларға геометриялық денелер бетінің жазбалары туралы түсінік беру, геометриялық денелер жазбаларын салуға үйрету. Геометриялық денелер макетін құрастыру.
Дамытушылығы:
Оқушылардың проекциялау туралы білімдерің арттыру, кеңістікте ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі:
Еңбекқорлыққа, табандылыққа, ұқыптылықты тәрбиелеу. Топпен жұмыс жасауда ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: геометриялық денелер модельдері, геометриялық денелер жазбалары.

Жабдықтау: үлестірме материалдар, қағаз, қайшы, желім, жұмыс дәптері, сызу құралдары.

Әдістері: слайд көрсету, сұрақ-жауап, әңгімелеу, талдау, пікірлесу.
Пәнаралық байланыс: геометрия, технология, бейнелеу өнері.

Сабақтың түрі: аралас.

Барысы:

  1. Ұйымдастыру.

  • Қоңырау соқты тағы да, бізді шақырды сабаққа.

Кел, балалар, отырайық, сызу сабағын бастайық!

  • Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.

  • Сәлемдесу.

  1. Қайталау.

Сұрақтарға жауап беру:

  1. Нәрсенің геометриялық пішініне талдау жасау дегеніміз не?

  2. Нәрсенің геометриялық пішініне талдау не үшін жасалады?

  3. Қандай геометриялық денелер білесіңдер?

Топпен жұмыс.

Әр топқа бір геометриялық дене беріледі.

№1 тапсырма «Геометриялық денелерді тап»

ДРЛИНЦИ

УСНОК

ДАРАМИПИ

ИЗПРМА

Әріптерді ретімен қойып, геометриялық денелерді тауып, ережесін айт.

1 топ. Цилиндр

2 топ. Конус

3 топ.Пирамида

4 топ. Призма

№2 тапсырма «Нәрсенің геометриялық пішініне талдау жасау»

Сұрақ: Айналамыздағы нәрселерді қарастырып, олардың қандай геометриялық денелерден тұратынын айтып беріңдер.

Бейнелеу өнері 5 сынып. Наурыз эмблемасы.

1 топ. 1,2

2 топ. 3,4

3 топ. 5,6

4 топ. 7,8

3 тапсырма «Қателерді тап!»

Сызбада геометриялық денелердің проекциясы берілген. Қателерін табу.

1топ. Үшбұрышты пирамида.

2 топ. Цилиндр.

3топ. Конус.

4 топ. Алтыбұрышты призма.

№4 тапсырма «Геометриялық денелердің проекцияларын құрастыр»

Түрлі түсті қағаздан қиылған геометриялық денелердің проекциясы берілген. Берілген қағаз парағына аксонометриялық осьтерді сызып, қажетті қиындыны (проекцияны) тауып, қажетті жазықтыққа жабыстыру.

1 топ. Цилиндр.

2 топ. Алтыбұрышты пирамида.

3 топ. Алтыбұрышты призма.

4 топ. Конус.

№5 тапсырма «Геометриялық денелердің макетін жасау»

Тапсырма: Геометриялық денелер бетінің жазбасын жасап, макетін құрастыру.

Біз күнделікті өмірде, өндірісте және құрылыс саласында беттердің жазбасымен жиі кездесеміз.Шырын құюға немесе үй қояндарына жем беруге арналған, сондай-ақ мерекелік қорапшаларды және т.б. жасау үшін геометриялық денелердің жазбаларын құрастыра білу керек.

Геометриялық денені бір жазықтықпен шектейтін барлық жақтардың немесе беттердің үйлестіруінен алынған жайма геометриялық дене бетінің жазбасы деп аталады.

Барлық көпжақтардың жазбалары болады. Оларды жаймаланатын беттер деп айтады. Шар жаймаланбайтын бетке жатады.

1топ. Үшбұрышты пирамида.

2топ. Цилиндр.

3топ. Алтыбұрышты призма.

4 топ. Төртбұрышты пирамида.

Жазбаны жасау алгоритмі:

  1. Геометриялық дененің проекциясын анықта.

  2. Геометриялық дененің неше беттері, табаны бар? Сана.

  3. Геометриялық дененің табанының шаблоның жаса.

  4. Геометриялық дененің беттерін сызып, қиып ал.

  5. Қағаз бетіне жазбасын үйлестіріп ал.

  6. Сызып шық, қиып ал.

  7. Жазбаны жинап, геометриялық денені құрастыр.

3. Сабақты бекіту.

Сұрақтар:

  1. Геометриялық денелердің жазбасын жасау не үшін қажет?

  2. Жұмыс барысында қандай қиындықтар туындады?

4.Қорытынды.

1. Топ жұмыстарын бағалау.

2. Үй жұмысы: мерекелік қорапша жасап келу





© 2010-2022