Баяндама Ақпараттық технология қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 12 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Ақпараттық технология қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында

Қазіргі білім беру жағдайында электронды құрал-жабдықтарға негізделген ақпараттық -қатынастық технологияларды (АҚТ), сандық білім қорының біртұтас жиынтығын, интерактивті тақта мен ғаламтор желісі мүмкіндіктерін,т.б. пайдаланбай, солардың көмегіне сүйенбей сабақ беру мүмкін емес.Сол себептен АҚТ-ны бүгінігі заманның орасан зор жетістігі ретінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің сабақтарында да пайдалану маңызды да өзекті. Бұл технология елімізде соңғы он шақты жыл көлемінде кең қолданыс тауып,өркен жаюда.

Әлемдік және отандық іс-тәжірибе көрсетіп отырғандай,қазіргі заманның кез-келген пән мұғалімі (оқытушысы) кем дегенде Microsoft office бағдарламаларын пайдалананды. Мәселен, филолог-ұстаздар үшін Word бағдарламасы әрбір сабаққа қажетті түрлі мәтіндік материалдар құру үшін керек болса, Excel кесте, сызба, график,тест құру, PowerPoint оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстарына, яғни, сабаққа қажетті электоронды жалғама әзірлеу үшін қажет. Ал Publisher бағдарламасы оқылатын сабақ тақырыптары бойынша букле,реферат, жобалар дайындауға, жобаларды бағалап қорытындылауға, Access бағдарламасы мұғалім-оқытушыға өз оқушылары мен студенттері туралы сан алуан мәліметтер базасын жасауға ыңғайлы.

Алайда еліміздің барлық деңгейлік білім ошақтарына еніп жатқан ақпараттық және тахнологиялық прогресс ұстаз-педагогтан ғаламтор желісін де тиімді пайдалануды,интерактивті технологияларды да мейлінше меңгеруді талап етеді. Міне,осындай қазіргі жағдай қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарын жүргізетін мұғалім-оқытушылардың АҚТ-ның барлық мүмкіндігін қарапайым орфографиялық ереже-қағидалардан бастап интерактивті тақтаға дейін пайдалана отырып қашықтан оқыту үшін ғаламтор желісінде де жұмыс істей алуды талап етеді.

Электорды құрылғыларға негізделген оқытудың ақпараттық-қатынастық жаңа ідңс-тәсілдері мен тиімді жолдарының біраз жылдық іс-тәжірибесі нәтижелерін зерттеп-зерделесек,еліміздің оқу орындарындағы қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда мынадай басымдылықтарды анықтауға болады:

Оқытуды даралау және саралау, оқытудың түрлі бағдарламаларында қиындық келтіретін тұстарды нақтылау,әрбір тақырып бойынша қорытынды жасау, шығармашылық жұмыстың түрін таңдау;

Зерделенетін материалдың қолжетерлігі,білімгерлердің ғаламтор қорларын еркін пайдалана алуы;

Ақпараттың кез келген түрімен өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын, тиімді сандық білім ресурстарын жинақтау ептігін (машығын) дамыту;

Ақпараттық интерактивті технологияларды қолданып,шығармашылық-зерттеушілік жұмыс орындауда оқушылырдың таным белсенділігін арттыру.

Біздің зерттеп пайымдауымызша,соңғы онжылдықта қоғамдық-гуманитарлық,соның ішінде тіл мен әдебиет пәндерін оқытатын мектеп мұғалімдері өздерінің әрбір сабақтары үшін электронды жалғама (сабаққа қажетті қосымша материалдар) дайындалуы жақсы дәстүрге айналдырған. Мұндай жалғамалар сабаққа қатысты көрнекі құралдар,жаңа тақырыпты түсіндіретін дидактикалық материалдар, сабақ ұғынықтылығына сеп болатын сызбалар (схема) мен кестелер,сабақ жүргізу барысында оқушыларды бір сәт сергіту мақсатында қолданылатын ақпараттық-танымдық материлдар,бағалау-бақылау материлдары болып келетіні анықталады.

Әр сабақтың осындай оқу материалдарын дайындауға, жасауға мұғалім-оқытушылармен қатар білімгерлер де тартылатыны әркімге болсын түсінікті.

Қорыта айтқанда оқушы қазіргі технологияларға өзінің де қатысы бар екенін сезініп,оны терең түйсініп,әріде жинақтаған тәжірибесін ғаламтор желісін пайдалана отырып қашықтан білім алуға да ұтымды пайдаланады.



© 2010-2022