Открытый урок по изо на тему: Киіз үйді бейнелеу

мақсаты: а) Білімділік:                   Ұлттық салт - дәстүрімізді, өнерімізді, тілімізді, дінімізді                                               оқушылардың бойына сіңіру арқылы олардың ой –                                           өрістерін, тіл мәдениетін, өзін - өзі ұстау мәнерін бағалап,                                           ұлттық құндылықтарды насихаттауға үйрету.    ә) Дамытушылық:           Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін                                  ...
Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Открытый урок по изо на тему: Киіз үйді бейнелеу

Оңтүстік Қазақстан облысы

Мақтарал ауданы, Асықата кенті

«Жеңіс» мектеп - гимназия»

коммуналдық мемелекеттік мекемесі

Садықбекова Айгерім Дарханқызы

Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы:

Киіз үйді бейнелеу.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Ұлттық салт - дәстүрімізді, өнерімізді, тілімізді, дінімізді

оқушылардың бойына сіңіру арқылы олардың ой -

өрістерін, тіл мәдениетін, өзін - өзі ұстау мәнерін бағалап,

ұлттық құндылықтарды насихаттауға үйрету.

ә) Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін

дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

б) Тәрбиелілік: Ізгілікке, имандылыққа, қоғамдағы жат қылықтардан аулақ

болуға, адамгершілік пен адалдық қасиетіне тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық материалдар, киіз үй бейнеленген фотосуреттер, қарындаш, өшіргіш, түрлі түсті бояулар және тағы басқа.

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

КОткрытый урок по изо на тему: Киіз үйді бейнелеуиіз үй - қазақ халқының шағын мұражайы. «Ақ үй», «ақ орда», «ақ боз үй» деп аталатын қонақ үйлер көркем безендірілуі жағынан ерекше көз тартады. Киіз үйдің негізгі қаңқасы: кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық сүйегі деп аталады. Киіз үйдің сүйегі жасалатын «үй ағашты» алты ай немесе бір жыл бұрын дайындайды. Киіз үй құрылымдық ерекшелігіне байланысты сүйегі және жабуы деп бөлінеді. Киіз үйдің жабуы:туырлық керегенің іргесінен уықтың орта шеніне дейінгі жерді; үзік кереге басынан шаңырақ шеңберіне дейінгі аралықты; түндік шаңырақты; киіз есік сықырлауықты жауып тұрады. Киіз есіктің сырты киіз, арасы ши, астары жарғақ теріден жасалады, түріп қоюға ыңғайлы. Киіз үй көлемінің кеңеюі оның кереге санының өсуіне байланысты. Киіз үйдің сүйегін бір-бірімен ұстастыру, сыртқы әбзелдерін бастырып тұру мақсатында бау-құрлар қолданылады. Екі керегенің сағанағын кіріктіріп тұратын өрнекті жіңішке құр болады. Басарқан- керегенің басын сыртынан бастырып, орап тұратын қыл арқан. Белбау - туырлықтың керегеге тығыз жатуы және оны жел көтеріп кетпеуі үшін сыртынан бастыра буатын қыл арқан. Шалма -уықтарды ығып кетпеуі үшін шалмалап байлайтын құр. Оны уық шалғыш, иық бау деп те атайды. Жел-бау - өрнекті, төгілме шашағы бар құр, шаңыраққа үш жерден байланып, керегеге асылады, киіз үйге сәндік сипат береді. Оның негізгі міндеті - боран, дауыл кезінде шаңырақты салмамен басып тұру. Басқұр - киіз үйдің ішін безендіру үшін әрі туырлықтың кереге басына үйкелмеуі үшін уық пен керегені байланыстырады.

Открытый урок по изо на тему: Киіз үйді бейнелеуОткрытый урок по изо на тему: Киіз үйді бейнелеуОткрытый урок по изо на тему: Киіз үйді бейнелеуОткрытый урок по изо на тему: Киіз үйді бейнелеуБұл ерекше баспана туралы қызықты да ұзақ әңгіме қозғауға болады. Қазақ халқы осы дәстүрлі, көнеден келе жатқан баспанаға деген ыстық ықыласын бүгінгі күнге дейін аялап жеткізе білді. Киіз үй қазақ халқы үшін тек жеңіл де қолайлы баспана ғана емес, сонымен қатар ол - халық мұрасы. Киіз үйдің құрылысы аса күрделі емес. Негізінен ол кереге, уық, шаңырақтан тұрады. Бұлардың бәрі қайың, терек сияқты ағаштардан жасалынады. Киіз үй құралдарына айналмас бұрын ағаш бұтақтары ұзақ та тиянақты дайындықтан өтеді.Киіз үйдің дайын бөлшектері көбінесе өсімдік бояуы - қынамен боялады. Үйді тіккеннен кейін керегенің сыртынан әсем тоқылған ши жүргізіледі. Содан кейін тұтастай бор ерітіндісімен суарылған киізбен жабылады. Бұл киізді ағартып, беріктігін арттыру үшін жасалынады. Бұған қосымша киіз ұлттық нақышты өю-өрнектер түріндегі жібек немесе мақта матадан ойылған оюлармен безендіріледі. Одан кейін іші-сыртынан ағаш және киіз бөліктер әдемі басқұр, жел баулармен бекітіп байланады. Киіз үйді құру дәстүрі де бағзы заманнан бері өзгермей келе жатыр. Үй тігіліп жатқанда отбасына бақыт пен қуаныш орнасын деген ниетпен әрқашан көңілді әзіл-күлкі толастамайды. Киіз үйдің есігі, әлбетте, шығысқа қарап тігіледі. Себебі ақын жанды қазақ үйге бірінші қонақ - күннің сәулесі түсуі тиіс деп санаған. Шаңырақ - отбасылық қасиетті реликвия. Киіз үйдің кереге, уықтарын әйелдер құрастырса, шаңырақты көтеру - отағасының немесе рубасының міндеті.

Шаңырақ көтерілгеннен кейін оның шеңберіне әткеншек ілініп, оған қыз бен ұл баланы отырғызып тербетеді. Бұл бір жағынан құрылыстың беріктігін тексеру болса, екіншіден, ертеден келе жатқан сенім бойынша, балалардың күлкісімен жаңа қонысқа байлық пен бақ орнайды. Киіз үйдің барлық бөліктері жарамсыз болып қалса, олар ауыстырылып, шаңырақ сақталып, ол кенже ұлдың меншігіне қалдырылған. Келген қонақтар алдымен кенже ұлдың үйіне түсіп, содан кейін оның ағаларының үйіне баруы тиіс. Бұл шаңырақты құрметтеу болып табылады. Шаңырақтың ортасындағы күлдіреуіштің төрт ұшы әлемнің төрт жағын көрсетіп тұрады. Ертедегі көшпенділер шаңырақ ортасында жұлдыздардың орналасуына қарап, бір жайылымнан екінші жайылымға көшу уақытын анықтап отырған.

Киіз үйдің ішкі көрінісі

Сен киіз үйдің ішіне кіріп көрдің бе? Оның ішінде ерекше тыныштык пен жайлылық әлемі орнап тұрғандай сезінесің. Киіз үйдің іші бірнеше бөліктерге бөлінеді. Кіре беріске қарама-қарсы жақты төр деп атайды. Бұл құрметті
қонақтарға арналған орын, сондықтан ол сәндеп безендіріледі. Үйдің оң жағы ер адамдардың, сол жағы әйелдердің үлесі болып табылады. Киіз үйдің ортасы
- ошақ орны. Ошақ орны қасиетті деп саналады, сондықтан оның орнын баспай айналып өту керек. Киіз үйдің ішкі керегелері мен едені түкті және тықыр кілемдермен, алаша, түскиіз, ши, сырмақ және текеметтермен безендіріледі.

Открытый урок по изо на тему: Киіз үйді бейнелеу








Үйге тапсырма беру: Киіз үйді және оның ішкі көріністерін бейнеле.


© 2010-2022