Оқушым Д. Дауыгалидың Қарапайым ағаш өңдеу станогын жасауатты ғылыми жұмысы

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

КІРІСПЕ

Қасиетті халкымыздың қолөнер туындыларын жасау, оның кұндылығын ұғына білу әрбір иісі казақтың мақсаты болуы керек. Мен осы қазақтың қолөнерінің ішінен «ағашты көркемдеп өңдеу» түрін таңдап отырмын.

Қазақ жерін мидай дала, ұшы қиырсыз шөл мен шөлейт деп түсінушілер әлі де ұшырасады. Алайда, көлденеңі ұш мың шақырымнан, ені екі мың шақырымнан асатын ұланғайыр өлкеде ұшан - теңіз бау мен бақ, жидесі мен тораңғысы толқыған тоғай, қарағай, шырша, самырсын сыңсыған, ит тұмсығы батпайтын сансыз орман толып жатыр. Ағаштың неше түрі ақындардың шипалы аузына да ілінген. Осындай жырлардың көріктілерінің бірі І. Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» атты топтамасы болса керек. Осы топтамаға енген «Жер жүгі» деген өлеңінде ақиық, асқақ ақын:

«Ағашта өзің білген қарағай, тал,

Жалғыз - ақ неше алуан түрлісі бар.

Долана, ұшқат, жөке, ырғай, арша

Ақсасық, қызыл қайың, барша, шынар.

Шырғанақ, сөңке, терек, сөгет, емен,

Үйеңкі, шырғай, балғын, тораңғылар.

Сарыағаш, қой қарақат, жиде, шетен,

Тобылғы, түйеқұйрық, бауырқұрттар,

Қарағай, бозқараған, шеңгел, шілік,

Сықылды ағаштардың талайы бар», - деп шабыттана жырлайды. 1

Ағаштың өзіндік, яки, техникалық қасиеті оның ішкі түзілімі мен механикалық сипаттамасына тікелей байланысты. Ағаш талшығы, әдетте, өзектің ұзына бойына қуалай өрбиді. Ағаштың техникалық қасиеті беріктік, серпінділік сияқты механикалық көрсеткішімен сипатталса, сәнділігі өрнектілігімен, өңділігімен, жылтырақтық белгілермен бағаланады. Жалпы ағаштың осындай қасиеттерін біз технология сабағында өтіп жүрміз. Сондықтан мектеп жасындағы балалардың «Сегіз қырлы, бір сырлы» болып калыптасуы үшін технология пәнінің алатын орны ерекше деп ойлаймын.

Қазіргі техникаға келетін болсақ, оның қаншалықты қоғамға пайда жасап жатқанын ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ол адамның қоғамдағы көптеген жұмыстарын жеңілдетуде. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында жоғарғы білім беру саласында техникалық білім беруді дамытуға ерекше назар аудара отырып, жоғарғы оқу орындары желісінде оңтайландыру жүргізілуге тиіс деп аталады. яғни, бұдан ақпараттандыру техникаларының біздің елімізге өте қажет екенін сезінуге болады. 2

«Қарапайымнан күрделіге қарай» принципіне сүйене отырьш, мен ағаш өңдеуге, техникаға қызығушылығымды осы «қарапайым ағаш өңдейтін станок» жасаудан бастағым келді. Ойлана келе елімізді көркейтуге, болашағымызды жақсартуға білімді жастар керек екенін түсіне келе, осы шығармашылық ғылыми жобамды жасап көруге тырыстым. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті отыз елдің қатарына кіру стратегиясының мақсаттарының бірі еліміздегі экономиканы дамыту үшін техникамызды да дамыту қажет деп ойлаймын.

.

Зерттеу бөлімі.

Бірінші бөлім. Жобаны болжау және негіздеу

Мен технология пәні бойынша алған білімімді, оның техникамен байланысын ескере отырып, бұл пәнді тереңірек оқу керек екенін түсіндім. Математика, физика, химия және сызу пәндерінің техникаға байланысы зор екенін ұғына отырып, технология пәні сабағына қызығушылығымды арттыра отырып, техникаға, яғни электромеханизм жұмыстарына ынталана қарадым. Ақырында ағаш материалдарын өрнектеп кесіп, оны механикалық тәсілмен өңдеу станогін жасағым келді. Сарамандық жұмыс кезінде де материалдарды кескенде қауіпсіз болу үшін станоктың моторларын ауыстыруды жөн көрдік. Оқу шеберханасындағы «Ағаш өңдеу станоктарында шағын, кішкентай, жіңішке өңдеп, ою-өрнек салу өте ыңғайсыз, қиынырақ және дайындамалар тез сынады. Ал 220 В электр көзімен жұмыс істеу де қауіпті. Сол себепті де менің жобам мектеп қабырғасындағы жас өспірімдерге сарамандық жұмыс барысында өте қажетті құрал деп түсіндім және төмендегі сұрақтар төңірегінде ойландым:

Бұл жасалған бұйым, яғни техника кімге, не үшін қажет?

Қоғамға әкелетін пайдасы бар ма?

Жоғарыдағы сұрақтарға көп ойланып-толғанып, осы станокты жасауды ұйғардым.

Содан үйде бұзылып жатқан көне велосипедтің механизмін алып және ағаш материалдарын пайдалана «Қарапайым ағаш өңдеу станогын» жасауды ойланып шештім.

Оның негізгі себептері:

Кішкентай және жіңішке ағаш бұйымдарын (мысалы, шахмат фигураларын) жасағанда үлкен ағаш өңдеу станоктары ыңғайсыз, сондықтан шағын станокта оларды әшекейлеу ыңғайлы, тиімді, әрі қауіпсіз деп ойладым.

Мектептегі оқу шеберханаларында осындай станоктар болса, онда оқушылар да қызыға бұйымдар жасауға үйренер еді және оның тиімді жағы электр тогы 12 В, яғни ол қауіпсіздік техникалық ережелеріне сай болады.

Сонымен оның сызбаларын, техникалық нұсқау картасын, операцияларын бірнеше рет сызып, пән мұғалімдерімен ойласып, технология пәні мұғалімінің көмегімен нақты өлшемдерін келтірдік. Әрине, көптеген қиыншылықтар кездесті, бірақ қызығушылығымның арқасында ойымды жүзеге асыруға тырыстым. Бұл өзімнің білімімді дамытуға және бағдарлай оқуға әсерін тигізіп жүр.

12 жылдық оқуға көшудің де негізгі мақсаттарының бір - оқушы өзі ізденіп білім алу деп ойлаймын.

Екінші бөлім. Жасалу реті

Оқушым Д.Дауыгалидың Қарапайым ағаш өңдеу станогын жасауатты ғылыми жұмысыОқушым Д.Дауыгалидың Қарапайым ағаш өңдеу станогын жасауатты ғылыми жұмысы



2

1


Оқушым Д.Дауыгалидың Қарапайым ағаш өңдеу станогын жасауатты ғылыми жұмысы



5


Оқушым Д.Дауыгалидың Қарапайым ағаш өңдеу станогын жасауатты ғылыми жұмысыОқушым Д.Дауыгалидың Қарапайым ағаш өңдеу станогын жасауатты ғылыми жұмысы


3

4

Станоктың жасалу сәтінен көріністер

Оқушым Д.Дауыгалидың Қарапайым ағаш өңдеу станогын жасауатты ғылыми жұмысы



Оқушым Д.Дауыгалидың Қарапайым ағаш өңдеу станогын жасауатты ғылыми жұмысы



Оқушым Д.Дауыгалидың Қарапайым ағаш өңдеу станогын жасауатты ғылыми жұмысы



Оқушым Д.Дауыгалидың Қарапайым ағаш өңдеу станогын жасауатты ғылыми жұмысы



Оқушым Д.Дауыгалидың Қарапайым ағаш өңдеу станогын жасауатты ғылыми жұмысы



Оқушым Д.Дауыгалидың Қарапайым ағаш өңдеу станогын жасауатты ғылыми жұмысы



Оқушым Д.Дауыгалидың Қарапайым ағаш өңдеу станогын жасауатты ғылыми жұмысы



Оқушым Д.Дауыгалидың Қарапайым ағаш өңдеу станогын жасауатты ғылыми жұмысы



Экономикалық есеп Егер де әр оқушыға осындай бір-бір станоктан болса, ұзындығы 25 см ені 6 см ДВП, бағасы 30 теңге. Осындай көлемді өңдеу үшін 5 минут уақыт қажет. Сонда кететін күшті табу үшін:

Электродвигатель: Номиналдық кернеуі - 12 В. Номинальдық қуаты - 20 Вт. Якорь валы айналымы - 3000 об/м. Қолданылу ток күші - 4,5 А. Айналу қалақша мен як. Валь - 2200 об/м. Жүмыс кезіндегі ток күші -2,7 А Жогарыдағы формулаға салатын болсақ, А=12 В*4.5 а*0.08 ч. =4.32 квт/ч 1 квт/ч ток энергиясы -6,3 1 теңге А=4.32 Квт/ч*6,31 тиын =27 теңге 1 ч= 60 мин

Х=5 ч= - = 0,083с

60

5 минутта - 4,32 квт/ч электр энергия кетеді.

Оның қүны - 27 теңге

Жүмыс күшіне - 50 теңге

ДВП - 30 теңге

Эл. энергия - 27,26 тиын

Барлығына: 3 0+5 0+27,26= 107,26 тиын

Оқушы коэффиңиенті - 4

Базар бағасы - 800 теңге

Оқушы бағасы - 420 теңге

Шығын -107,26 теңге 420-107,26=312,74

1 оқушы 20 минутта = 312,74 таза табыс 1 топта 12 оқушы 12*312,74= 3752,88 тиын 12 оқушы 20 минутта = 3752,88 тиын таза табыс.

Жылдық 68 сағат Оның 34 сағаты теория 34 сағат - сарамандық жүмыс 2040 минут =12 рет 20 минут Сонда жылдық табыс 1 сыныпқа /9 сынып/ жуық шамамен 45033,6 теңге. Әрине бүл станоктың пайдасы, яғни заводқа жіберіп, конструкциясымен жасатып алатын болсақ, мектеп қабырғасындағы оқушыларға тигізер үлесі өте көп деп ойлаймын.

«Қарапайым ағаш өңдеу станогы» электродвигателінің жұмыс істеу түсініктемесі:

МЕ-255 типті электродвигателі 2 полюсты, 2-щеткалы құрылысы арқылы тұрақты 12 В ток көзінен электрлік магниттен ток күшін пайда болғызу арқылы - 3000 жэне 2200 об/мин 2 айналыста жұмыс атқарады.

Электродвигатель болат, темір құймасынан жасалған қораптан /1/ және оған темір пружинасы /3/ ұстатқышымен 2 электромагнит /11/бекітіледі.

Якордың валы астыңғы /8 және үстіңгі /13/ метал керамикалық ұяшықтарымен бекітілген.

Якорь ток шығару орам сымдарының әрбір ұштары, коллектордың III мыс пластинкаларына дәнекерленген.


Қорытынды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы заманғы білім беруді дамыту, кадрлардың біліктілігі мен оларды қайта даярлауды ұдайы арттыру және Қазақстан халқы мәдениетінің одан әрі өркендеуін, яғни, кәсіби-техникалық және жоғары білім беру мекемелері жүйесі арқылы білікті ұлттық кадрларды жұмысшы мамандықтары бойынша оқыту және кәсіби жағынан даярлау жөніндегі бағдарлама әзірлесін деп нақты атап көрсетті.3

Мен өз ой пікірімді, жетістігімді қорыта келе қазіргі ақпараттандыру технологияларын пайдалана отырып, техникаға деген қызығушылығымда дамыта түсемін деп ұғамын. Біздің болашақта мақсатымыз өз еліміздің өркениетін дамытуға, оның елу елдің қатарына қосылуына үлкен үлесімізді қосу. Ол үшін әуелі техникамызды дамытып, жоғары сатыда болу керек деп есептеймін. Сол себепті де мен өз ғылыми жобамды әрі қарай жалғастырып, оның қыр-сырын анықтап, одан да басқа техникалық ойларымды дамыта түсемін деп өз-өзіме сенім артамын.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. «Ағаш өңдеу өнері» Д. Шоқпарбаев 13 - бет

  2. «Мектептегі технология» журналы №4 10 - бет

  3. «Мектептегі технология» журналы №1 19 - бет

7


© 2010-2022