Урок на тему Миллион кімге бұйырады

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Урок на тему Миллион кімге бұйырады


Сынып 5 а

Пәні: бейнелеу өнері

Сыныптан тыс

Мұғалімі: Есмахан И.Қ

Сабақтың тақырыбы: Миллион кімге бұйырады?

Мақсаты

Оқушылардың бейнелеу өнері жайындағы білімін толықтыру. Оқушылардың ой - қиялын дамыту, олардың икемділігін, сурет салу шеберлігін арттыру. шығармашылықтарын дамыту.

б) Әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу, өнерге баулу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың типі: білім, білік дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, өзін - өзі тексеру, сайыс.

Міндеті:

  • оқушының қабілетін дамыта отырып, жеке тұлға қалыптастыру,

  • табиғат сұлулығын көре және сезіне білуге тәрбиелеу арқылы эстетикалық талғамдарын қалыптастыру;

Сабақтың типі

білім, білік дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың түрі

Сайыс сабақ

Қолданылатын

модульдер

  1. Сын тұрғысынан ойлау

  2. Акт пайдалану

  3. Бағалау

  4. Көшбасшылық

  5. Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалану

  6. Дарынды, талантты балаларды оқыту

  7. Жас ерекшелігіне сай оқыту

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, музыка, тарих, дүниетану

Қолданылатын құралдар А4 форматты ақ қағаз, түрлі түсті маркерлер, суреттер ;

Қолданылатын техникалық қүрал Компьютер, процессор, интер-белсенді тақта

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

топтық жұмыс, өзін - өзі тексеру, сайыс.

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары

Сабақ

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру

кезеңі

Психологиялық дайындық

.Оқушыларды топқа бөлу

«қыс»

«жазғытұры»

«жаз»

«күз»

Оқушылар бір - біріне жақсы тілек айтып жүрек жылуын сыйлайды

«Алтын ережені» қайталайды.

− Балалар, "Миллион кімге бұйырады" тақырыбындағы сайыс сабағымызды бастайық...
Егер сен өнерден ләззат алғың келсе, онда өнер жөнінде білімдар адам болуың керек.
К.Маркс

− Бүгінгі сайыс сабақта бейнелеу өнері жайлы білімдерің тексеріледі, шапшаңдық, ой - қиялдарын, сурет салу шеберліктерің сыналады.
Сабақ бағдарламасымен таныстыру.

1. Бейнелеу өнерінен білімді тексеру.
2. Табиғаттың суретін салу

3. Табиғаттың суретін құрастыру
4. Жұмбақтар сайысы.
5. Түстер туралы мақал - мәтелдер.
6. Өлеңдерге иллюстрация жасау.
7. Достық әзіл сайысы.
8. Қорытынды.

Сынып оқушылары 4 топқа бөлінеді және әділқазыларды сайлайды.

І-топ - қызыл

ІІ-топ - жасыл

ІІІ-топ - көк

ІV-топ - сары

Сұрақ жауап

1. Пейзаж өнері деген не? Слайд - табиғат көрінісін бейнелеу

2. Перспектива деген не? жақындағы заттар үлкен, ал алыстаған сайын кішірек болып көрінеді
3. Перспектива түрлерін ата. Сызықтық және ауа
4. Табиғат деген не? Бізді қоршаған орта
5. Акварель қандай бояу. Суға тез еритін
6. Гуашь қандай бояу. Суға жақсы езіліп қою жағылатын
7. Жылы түстерді ата. сары, жасыл, қызыл
8. Суық түстерді ата. көк, күлгін, сұр.


Қораптан карточкалар алынып, әрбір топтың жетекшісі сұрақтарды өздері таңдап алып, тобымен бipгe дайындалады. Қай топ дайын болса, сол топ жауап береді. Дайындалуға 2 - 3 минут уақыт беріледі. Топ жетекшісінде бағалау парағы бар, сол бойынша жауап берген оқушыларды бағалап отырады. дұрыс жауапқа 5 ұпай. қате жауапқа ұпай қойылмайды.
Әр топ 2 сұрақтан алады. Жауап береді

Сурет салу

Әр топқа табиғаттың суретін салу тапсырылады 5минут уақыт беріледі

Табиғаттың суретін салады, талдайды

Жапсырмалау

Әр топтың салған суреттерін топтарға бөліп беру. Суреттерден табиғаттың суретін жапсырмалау.

Әр топтың салған суреттерінен табиғаттың суретін жапсырады , қорғайды, Топ басшысы бағалау парақтарына белгілеп отырады.

Суретшілер шығармалары

Интерактивті тақтада суретшілер шығармалары көрсетіледі.
Әр топқа екі суретші шығармасы беріледі. Шығарманың тақырыбы, суретшінің аты - жөнін табу тапсырылады.

Оқушылар суретшінің , шығарманың атын табады. Ұпайларын бағалау парақтарына белгіленеді.

Мақал - мәтелдер сайысы.

Ақ серке қой бастайды,
Ақын жігіт той бастайды.
Ақ ит, қара ит, бәрі бір ит.

Ақ бидайдың қадірін ашыққанда білерсің,
Ағарғанның қадірін қыс шыққанда білерсің.

Ағын су арнасын табады,
Ақ адам орнын табады.

Қасапшыға мал қайғы
Қара ешкіге жан қайғы.

Өрмекшінің торы
Қара шыбынның соры.
Қайғысыз қара суға семіреді.

Ана көңілі қызында,
Қыздың көзі қызылда.

Күн сіркіресе,
Көк дүркірейді.
Сабыр түбі сары алтын.
Сараңның асын сары ит ішеді.

Ел - жұрттың қадірін іс түскенде білерсің,
Сары тонның қадірін қыс түскенде білерсің.
Сарғайған жетер мұратқа
Сабырсыз қалар ұятқа.

Берілген мақал-мәтелдердің жалғасын табады.Ұпаймен бағалау парағына белгіленеді.

Тест

Тест жұмыстарын беру

Тест тапсырады. Тексереді Ұпай саны шығарады.

Қорытынды

Әділқазылар алқасы сайыскер оқушыларды берілген ұпайлар бойынша анықтап жеңімпаз топты атайды.

Оқушылар марапатталады.



















Сыныбы: 5




Мұғалім: Есмахан Илияс


© 2010-2022