План урока по изо ою-өрнектер

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары

Бейнелеу өнері

6 сынып
Сабақ тақырыбы: Ою - өрнектер түрлері
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: оқушыларға ою - өрнек, оның түрлері, жасалу жолдары туралы мағлұмат беру. Оюдың мағынасын түсініп, жаңа үлгілерін өз шығармашылығында орындау, оюды оя білуге үйрету.
2. Дамытушылығы: Оқушыларға қағазды қию, бүктеу, жапсыру тәсілдерін меңгерту; шығармашылық ізденісін дамыту; икемділігін, сабаққа қызығушылығын арттыру;
3. Тәрбиелігі: ою - өрнек оя отырып, оқушыларды сұлулыққа, әсемдікке тәрбиелеу; эстетикалық талғамын арттыру; қолөнерге, еңбекке баулу.
Әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру.
Көрнекілігі: «Ою - өрнек түрлері» буклетті, «Ою - өрнектің қолданылуы» суретті плакат, сөзжұмбақ - «Қолөнер», тест сұрақтары.
Пәнаралық байланыс: еңбек.
Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау. Жұмыс орынын ұйымдастыру, құрал - жабдықтарын түгендеу.

2. Жаңа сабақ. Сабақ тақырыбын хабарлап, ою - өрнек туралы баяндау.
Қазақтың ұлттық ою - өрнегі - қазақ жерін мекендеген көшпелі тайпалар өнері әсерімен ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір жүйеге келген ою - өрнек түрлері. Ғылымда ою - өрнектерді 4 топқа бөледі. Олар: жануарлар тектес; өсімдік тектес; геометриялық және ғарыштық деп бөлінеді.

Қазақ оюы, қазақтың ою - өрнегі - үй - жиһаздарын, сәндік, тұрмыстық бұйымдар мен киімдерді нақыштап безендіруге қолданылатын өрнектер. Жаппай дамыған кезеңінде (19 ғасырдан кейін) қазақтардың үй жиһаздарын әшекейлеуге кең көлемде қолданған. Олардың ішінде жануарлардың сыртқы пішініне, мүйізіне, тырнағына, мойнына, табанына, т. б. мүшесіне ұқсас ою - өрнектер халық арасына (зооморфтық түр) кең тараған. Жануарлар тектес ою - өрнек кебеже, жүкаяқ, әбдіре, асадал сияқты тұрмыстық бұйымдар әшекейінде жиі кездеседі. Аталған ою - өрнектер кебеже бүйірінде, көбінесе, тігінен бедерленіп, бос жерлерін толықтырған, ал төсектің жан ағашы белгілі бір ырғақпен түгел дерлік өрнектелген. Кейде оларды өсімдік сипатты өрнектермен сабақтастырып, жарасымды тұтас композиция құраған

Ұсақ аңдардың табандарының іздері жүкаяқ, кебеже, асадалдың көрнекті жерлеріне салынған. Сонымен қатар бұл өрнек түрін үй жиһаздарының жиектерінен, бұрыштарынан кездестіруге болады. Жануарлық тектес өрнекте төрт түлік малдың абстракциялық пішіні ерекше орын алады. Оған мысал ретінде қошқармүйіз, төртқұлақ, түйетабан, ботамойын, түлкібас, құсқанат және тағы басқа оюларын атауға болады.

1. «Мүйіз» - қазақ оюының ең көне мәнері. Ою - өрнектің бұл элементі мүйізді мегзеуден шыққан. «Мұйіз» ою - өрнек кейде ұсақ, кейде ірі болып келеді. Ұсақ түрлері ағаш, сүйек, мүйіз сияқты нәзік қолөнер саласында қолданады. Ірі түрлері сырмақ, текемет, алаша, кілем, сәулет өнерінде сан түрлі мәнерде қолданылады. Мүйіз элементтері «аймүйіз», «қосмүйіз», «сыңармүйіз», «сынықмүйіз», «қырықмүйіз», «маралмүйіз», «еркешмүйіз», «қошқармүйіз» т. б. түрлерге бөлінеді. «Мүйіз» өрнегі үй жиһаздарында (кілем, сырмақ, текемет, алаша, көрпе, түскиіз, шымши), тұрмыстық заттарда (саба, шанаш, күбі, оқшантай, торсық, сандық т. б.), сондай - ақ қару - жарақтарда (қынап, оқшантай, торсық, садақ), киім - кешек, ат әбзелдерінде (ертоқым, айыл) қолданылады, жалпы бұл элементтің қолданбайтын жері жоқ десе де болады.

2. «Қосмүйіз» ою - өрнегі қойдың, ешкінің, сиырдың екі мүйізін ғана бейнелейді және кейде «ырғақ», кейде «ілмек» деп аталатын оюларды «қосмүйіз» дейді. Үй жиһаздары мен тұрмыстық заттарды, киім - кешек, қару - жарақтарды безендіру үшін пайдаланатын қой, ешкі, сиыр, бұғы, марал сияқты жануарлардың қос мүйізін бейнелейтін ою - өрнек. Қазіргі кезде «қосмүйіз» ою - өрнегін сәукелеге, айыр қалпақтың төбесіне, шетіне, қамзолдың алдыңғы жағына, етіктің қонышына салады.
3. «Арқармүйіх» деп аталатын ою - өрнек қойдың мүйізін бейнелейтін оюдың түрі. Бұл элемент «қошқармүйізге» өте ұқсас, бірақ, оған қарағанда шиыршықтанып, тармағы одан көбірек болып келеді (кілем, тұскиіз, сыр - мақ, кесте, киім - кешек пен үй жиһаздарында кездеседі).

4«ТІС» ою - өрнегі малдың, аңның тісіне ұқсас, аққара түсті шақпақтан құралатын, шахмат тақтасына ұқсас ою - өрнек. Кесте тігуде бұрыштарын қарама - қарсы түйістіріп отыратын тік сынық сирек тігістердің өрнегінде қолданылады. Мұны «тіс», «иттіс» деп те атай береді.

5«БӨРІКӨЗ» ою - өрнегі бөрінің көзін, қасқырдың басын, құлағын, сондай - ақ «бөріқұлақ» деп аталатын жапырақты бейнелейді.

Практикалық тапсырма : ою-өрнектерді бейнелеу.

Сабақты қорытындылау
Оқушылар бүгін біз ою - өрнек туралы толық мағлұмат алдық. Сонымен мына сұрақтарға жауап беріңдер
• Ою - өрнек дегеніміз не?
• Ою - өрнектің неше түрін білесіңдер?
• Зергерлік бұйымдарға көбінесе қандай өрнектер пайдаланылады?
• Кілемде қандай ою - өрнектер басым?

Көрме ұйымдастыру, оқушыларды бағалау.
Үй тапсырмасы. Бес түрлі ою түрлерін араластуру арқылы бір ою-өрнек шығару.

План урока по изо ою-өрнектер

© 2010-2022