Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ою-өрнек

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұлттық ою-өрнек

Сабақтың мақсаты: ою-өрнектердің шығу тарихын,бейнелеу техникасына байланысты әшекейлеу түрлерімен таныстыру.

Білімділігі:жас ұрпақты ежелден келе жатқан қолөнер түрлерін оқып үйренуге баулу арқылы олардың өздегінен жұмыс жүргізуіне,шеберлік деңгейін арттырып,ынта-ықыласын молайтуға,әсемдік пен сұлулықты көріп,бағалай білуге үйрету.

Дамытушылығы:жас ұрпақты ұлттық қнер туралы білімдерін жүйеге түсіріп,шығармашылық қиялын дамыту,түстерді ажыратып,оларды бейнелеу өнерінде шебер қолдана білуге үйрету.

Тәрбиелігі;жас ұрпақтың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын оятып,батылдыққа,өзіне деген сенімділікке,жұмысты өз бетінше орындауға,ептілік деңгейін көтеруге баулу.

Көрнекілігі:иллюстрациялар,репродукциялар.

Сабақтың барысы:

Ою-өрнек өнері әлемнің барлық халықтарына тән ертеден келе жатқан халықтық мұра болып саналады.

Ою-өрнек түрлері:1.Аспан әлеміне байланысты

2Жануарлар әлеміне байланысты

3Өсімдіктер әлеміне байланысты

4Геометриялық фигураларға байланысты

5Адам бейнесіне байланысты

Оқушыларға сурет салудан бұрын көркем жобалаудың негіздерімен композиция түрлерін көлем кеңістіктегі форма қасиеттерін және композициялық құралдарын таныстырып өтемін.Оқушылардың өнерге деген ынтасын арттыра отырып, оларды салу жолдарын үйретемін.

1.Тақтаға бейнелеймін,ою-өрнек түрлерін симметриялы өрнектің салу жолдары көрсетілген

2.Балалардың сол суреттегі ою-өрнектерді салу жолдарын дәптерлеріне дұрыс бейнелеуін қадағалаймын

3.Оқушыларды аралап кеткен кемшіліктерін түзету

4.Бояу тәсілдерін таныстырып үйретемін

Сабақты бекіту кезінде берілетін сұрақтар: 1.Қазақтың ою-өрнектерінің түрлерін айтыңдар. 2.Қандай заттар қолданылады? 3.Өнер туралы дана сөздерді айтқызу







© 2010-2022