Поурочный план по ИЗО

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Кітап графикасы.

Білімділік мақсаты: Оқушыларды тақырып бойынша сурет салу арқылы өзіне деген сенімі артып,шығармашылық қабілеттері дамиды.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беру,сауатты салуға үйрету, бейнелеу өнері теориялық білім беру.

Көрнекілігі: Слайдтар,кітаптар,қолдан жасалған жұмыстар, сөзжұмбақтар.

Пәнаралық байланыс: Математика,әдебиет.

Сабақтың жүрісі: 1.Ұйымдастыру.

2. Үй тапсырмасын бағалау.

3. Тест сұрақтары.

4. Жаңа сабақ.

5. Сөзжұмбақ арқылы жаңа сабақты қорытындылау.

6. Үй тапсырмасы.

Жаңа сабақ: Кітап графикасы.

График- суретшілер кітаптың құрылымын ойластырады, яғни графикалық және мәтіндік материалдарды толықтырып,кітаптың макетін жасайды.

Кітап графикасы-кітапты графикалау, безендіру мен құрылымын үйлестіруден тұратын графиканың бір саласы.

Кітап графикасының дамуына біршама үлес қосқан қазақстандық график-суретшілер: Ә.Қастеев, Қ.Қожықов.Е.Сидоркин,М.Қисамединов,А.Смағұлов,Б.Машрапов,Қ.Төреқұловтар сынды өнер қайраткерлері бар.

Кітаптың сыртқы мұқабасын жасау үшін сол кітаптың ішіндегі мәтіннің мазмұнын жақсы білу керек. Кітап мазмұнына сӘйкестендіріліп, мұқабасы көркемделеді.Ол нақты суретпен немесе көркем жазумен әшекейленеді.

Кітаптың алғашқы бетін ашқанда форзацты көреміз.Форзац-кітап мұқабасы мен негізгі беттерін біріктіретін екі қабатты парақ. Ол ақ,түрлі түсті,тақырыпты,сюжетті және сәнді болуы мүмкін.Содан кейін пішінді таңдап алып, мазмұнға сәйкес сурет салнады. Сурет қарындашпен, бояумен орындалады.Салынған сурет композициясы, кітаптың аты, авторлардың аты-жөні, баспаның аты, жарық көрген жылы жарасымынын тауып тұруы шарт.

Кітапты мәтінмен қоса жүретін иллюстрациялардың маңызы зор. Олардың әсем безендірілуі оқырманды өзіне тартып,қызықтырады.Сондықтан да суретшілер мәтіндерді дұрыс орналастыру, қаріптерінің ерекшеліктері,сурет пішіні мен өзгешелігі,олардың мәтінмен байланысы арқылы оқырманға кітап мазмұнын жақсы түсінуге көмектеседі.

Халық ауыз әдебиетінің кейіпкері -Алдар Көсе ертегіне жасалған иллюстрация және кітап графикасының көркем безендірілуін көрдік.Бүгінгі сабағымызды осы кітаптың форцазын жасап көрейік.

Қорытындылау: Жаңа сабақ түсініктерін оқушылар жадына қайта түсіріп, бекіте түсу мақсатында бірнеше сұрақтар қойып өтемін:

• График терминінің мәнісі.

• Кітап графикасының дамуына үлес қосқан қазақстандық график-суретшілер.

• Форцаз дегеніміз не?

• Форцаздта салынған суреттер немен орындалады?

• Иллюстрациялардың қандай маңызы бар?

Сөзжұмбақ « Графика»

Г



Р



А

Ф


И

К





А


1.Линолеуемге орындалған гравюраның атауы.

2.Сыртқы ағаштан,өзегі графиттен жасалған жазу-сызу құралы.

3.Кітаптың негізгі беттерімен сыртқы мұқабасын қосып ұстап қосар бет.

4.Металға орындалған гравюра.

5.Гравюраны көшіріп, көбейту мақсатында қолданылатын әдіс түрі.

6.Ағашқа орындалған гравюра.

7.Тасқа орындалған гравюра.





«Абай орта мектебі» ММ

Ашық сабақ

Тақырыбы: Кітап графикасы



Бейнелеу пәні мұғалімі: Жақсыбаева А





2012-2013 оқу жылы

© 2010-2022