Саба жоспары Акварель бояулары

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 5 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Іле ауданы. №14 орта мектетің бейнелеу өнері пәні мұғалімі

Жигитахметов Болат Кабышевич

5- сынып Бейнелеу өнері.

Ашық сабақ жоспары.

Сабақтың тақырыбы: Акварель бояулары.

Сабақтың мақсаты: Акварель бояулары, пайдалану тәсілдері, сурет салуға бейімдеу.

Дамытушылық: Қарапайым табиғат элеғменттерін бейнелеу, логикалық ойлау қабілетін дамыту, табиғат көріністерін анықтау барысында оқушының ойлау және көз алдына елестету арқылы есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Тапқырлыққа, ұтқырлыққа және ұжымдық ұйымдастыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Оқулық, суретшілердің пейзаж репродукциялары.

Сабақтың типі: Бекіту сабағы.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, тақтаға эскиздік бейнелеу жұмыстары, сұрақ-жауап.

Пән аралық байланыс: Сызу, биология және география.

С а б а қ т ы ң б а р ы с ы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі - оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, құрал-жабдықтарын, акварель бояуларын қарап шығу.

  2. Жаңа материалды қабылдау кезеңі: Бояу түрлері: майлы бояу, акварель бояуы, түрлі түсті қарындаштар. Соның ішінде біздің кең қолданатын бояуымыз -акварель. Бұл бояу суға езіледі, иісі жоқ, денсаулыққа зияны жоқ. Акварель бояуын қолдану бары-сында суды қоса отырып бояу түрін қою немесе сұйық түрінде қолдануға болады. Сонымен қатар суық және жылы түсті бояуларды бір бірімен қосып басқа түстер шығаруға болатынын білеміз. Мысалы:- сары+қызыл (қызылсары), сары+көк (жасыл), жасыл+қызыл (қоңыр), қызыл+көк (сиякөк) т.с.с.

  3. Акварель қағазына бояуларды жағу техникасын көрсету. Бояуды даярлап сумен жібіту, қағазды дымқылдап, бояу таңдап қолдану үшін беттен политра даярлау. Пейзаж дегеніміз не? Пейзаж дегеніміз табиғат көрінісі - бұл суретшінің табиғат аясында салған суреті. Бұл суреттер жылдың төрт мезгілі болуы мүмкін. Бүгін акварель бояуын қолдана отырып күзгі табиғат көрінісін бейнелеу

  4. Бекіту кезеңі - Акварель бояуы не үшін қажет?

  • Бояу қалай қолданады?

  • Бояу түрлерін қалай өзгерте аламыз?

  • Суық және жылы түстерді қалай шығарамыз?

  • Суық және жылы түстерді ажыратып бер?

  • Пейзаж дегеніміз не?

  • Натюрморт дегеніміз не?

Оқушылардың өздік жұмыстары «Күзгі пейзаж». Жұмыс барысын қадағалап, дұрыс жұмыс жасаған оқушылардың жұмыстарын көрсете отырып сынып балаларының жұмыстарын қызықты ұйымдастыру.

Саба жоспары Акварель бояулары

Үйге тапсырма беру, оқушылар білімін бағалау кезеңі - Жоғарыда берілген сұрақтарға ұтымды әрі жылдам шешімдермен көзге түскен оқушылар еңбегін бағалау.

© 2010-2022