Бейнелеу өнері пәнінен сабақ жоспары: Абайдын шығармаларына иллюстрация жасау

Абайдың шығармаларынан жыл мезгілдерімен балаларды таныстыру. Иллюстрация деген ұғыммен таныстыру. Суретті топпен салуды меңгерту, оқушы алған білімі өз дамуына әсер ету өмірде алған білімін қолдана алу.  1. Абайдың жыл мезгілдері туралы өлеңдерімен таныстыру арқылы сабаққа оқушылардың қызығушылығын ояту, 2. Жаңа тақырыпқа  оқушылардың білетін білімі арқылы кіру, Б-Б-Б арқылы білетіндерін, білгендерін белгілеп алу. 3. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыд...
Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақты құру және жоспарлау кестесі.

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Жұлдыз Аманбаева

6 сынып

Ақмола облысы Бурабай ауданы Сәкен Сефуллин атындағы орта мектеп

12 апта

22.11.14

4 сабақ 10.40-11.35 №21 дәрісхана

Сабақтың атауы

Абайдың шығармаларына иллюстрация жасау

Сілтеме

З. Айдарова 6 сынып оқулығы Слайдтар

Жалпы мақсаттары

Абайдың шығармаларынан жыл мезгілдерімен балаларды таныстыру. Иллюстрация деген ұғыммен таныстыру. Суретті топпен салуды меңгерту, оқушы алған білімі өз дамуына әсер ету өмірде алған білімін қолдана алу.

Міндеттері

1. Абайдың жыл мезгілдері туралы өлеңдерімен таныстыру арқылы сабаққа оқушылардың қызығушылығын ояту,

2. Жаңа тақырыпқа оқушылардың білетін білімі арқылы кіру, Б-Б-Б арқылы білетіндерін, білгендерін белгілеп алу.

3. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау

4. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау

Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері

1.Оқушылардың бірін-бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу

2.Мұғалім оқуға бағыттап отыру

3.Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау

Сабақта туындаған негізгі идеялар

1.Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне, сүйену

2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау

3. Проблемалық сұрақтарды шешуге итермелеу арқылы СТО

Күтілетін нәтиже

1. Көрген естігендерінен топпен ұжымдасып суреттеу.

2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыларды бейнелеу өнері туралы өздерінің білімдерін кеңейту

3.Жаңа түсінікті пайдаланудың мүмкіндіктері қандай деген жаңа сабаққа үлкен қызығушылық тудыру

Тапсырмалар wiki беттерінен жүктелген дереккөздер

Бейнелеу өнері оқулығы, Wiki беттерінен алынған мәліметтер, YouTube сайтынан алынған «Дара» тобының орындауындағындағы «Желсіз түнде жарық ай» олеңі

1 сабақ Тақырыбы: «Абайдың шығармаларына иллюстрация жасау»

Оқытуға арналған мектептің жалпы қабылданған ғылыми стандартын анықтау

Сабақта қолданылатын ұғымдар

Балаларға арналған идея немесе идеяны балалар қалай ұғынды?

Оқыту сұранысын анықтау. Оқыту қажеттіліктерін анықтаңыз?

Оқыту сұранысын ан-ықтау. Оқыту қажетті-ліктерін анықтаңыз?

Өнердің адам өміріне қажеттілігі, әсемдігі

Шығарма, иллюстрация, пейзаж

Бейнелеу өнерінің жанрларын айыра алмайды, кейде шатастырады, түсінбейді

Бейнелеу өнерінің бір жанры ретінде қарастыру.

Балалар барлық жанрларыды білулері қажет. Олардың айырмашылықтарын білу.

Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады.

Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу / 0,5мин/

Сто сұрақтары

Сабақ барысында жасалған мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеті

Сабақтың маңыздылығы не?

-оқушылар не алады?

-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?

-өмірден алған тәжірибесінің әсері?

-сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?

Өткен сабақты қайталау Слайд1 / 1,5 минут/

-Тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу

І Қызығушылығын ояту. Слайд2,3,4

оқушы ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу. Әр топтан бір оқушы тұрып слайдтағы өлеңдерді оқиды. /3минут/

Слайд5

Сұрақ: Өлең жолдарында не туралы айтылған? Ойларыңды айтыңдар

Слайд5/2

Оқушыларға таратылған қағаздарды толтыруды ұсыну, бейнелеу өнері туралы не «білемін» және не «білгім келеді» екі бағанға жазады.

Слайд5/3 /5 минут/

Оқушыларға бейне клип көрсету. Клипті мұқият қарауды талап ету. (Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңі)

Сұрақ: Бұл клипте не туралы айтылған? Оқушылардың пікірлерін тындау

Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер

-еркін ойлауға қан-дай мүмкіндіктер жасалды?

-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады?

Мұғалімнің іс-әрекеті
-әрі қарай не болатынына қызықтыру, белсенділіктерін ояту

-алатын білімінің пайдалылығына көздерін жеткізу

-білімін, ақпаратты жүйелеуге үйрету

ІІ мағынаны тану Слайд 6

  • Естеген көргендерін талдау, тұжырымдау, қорытындылау.

  • Ендеше біз сурет салуды топпен жасап көрейік.

  • Тапсырма: Көргеннен алған әсерлерін топпен бейнелеу

Сурет салу. Балалар топпен сурет салады.

Мағынаны ажыра-ту сатысы (жаңа ақпарат)

-оқушыларды белсе-не қатыстыру

-стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылар-дың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жа-сай білу, баяндау және қызу ой талқы-сын жасай білу қабі-леттерін жетілдіру жолдарын беру)

-оқушылармен бір-лесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу

-оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу

Слайдтағы Абай өлеңдері:

Күз

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан?

Жасыл шөп бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айрылған ағаш, қурай…

Жаздыкүн шілде болғанда,

Көкорай шалғын, бәйшешек

Ұзарып өсіп толғанда;

Күркіреп жатқан өзенге

Көшіп ауыл қонғанда:

Шұрқырап жатқан жылқының

Шалғыннан жоны қылтылдап,

Ат, айғырлар, биелер

Бүйірі шығып, ыңқылдап,

Суда тұрып шыбындап,

Құйрығымен шылпылдап,

Арасында құлын-тай

Айнала шауып бұлтылдап,

Жоғары-төмен үйрек, қаз

Ұшып тұрса сымпылдап...

Қыс

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр-мылқау танымас тірі жанды,

Үсті-басы - ақ қырау, тусі суық,

Басқан жері сықырлап, келіп қалды.

Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,

Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.

Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,

Аязбенен қызарып ажарланды.

Бұлыттай қасы жауып екі көзін,

Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды...

Толғаныс (рефл-я)

-сабақта үйренген-дерін бекіту, қолдану жолдарын беру

-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу

жауап шешімі осыған байланысты жұмыс-тар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру

Слайд 7/

Салған суреттерін топпен тақтаға шығып қорғайды.

Слайд 7/2

Сабақтың аяғында өздеріне берілген қағаздың «білдім» деген бағанын толтырады, бүгінгі сабақтан не алғандарын жазады.

Бағалау

оқушының өзін-өзі бағалауы

-жұпта бірін бірі бағалауы

-мұғалімнің бағалауы

-жалпы бағалау

Оқушының аты-жөні

Топта сөйлеп, идея айтқанды-ғын бағала

Белсенділігін бағала

Сурет салғанын

Мұғалімнің

бағасы

1


2


3


Сабақты аяқтау түрлері

-бір пікірге келу...

-өз пікірін дәлелдеу...

-үйде жалғастыру...

Бүгінгі сабақта өткенді қорытындылау. Бейнелеу өнері туралы көп нәрсе білгендерін айтты.

Сабақтын аяғында кері байланыс жасады. Әр қайсысы өз пікірлерін жазды.

Оқушы алған білімінің деңгейін:

оқушының белсенділігі, оған деген сенім, бірігіп жұмыс жасау ынтымақтастық арқылы дәлелдей аламын. Мұнда оқушылар ынтымақтаса отырып білім беру үдерісіне белсенді араласуы, жеке тұлға ретінде өз-өзіне сеніммен қарап жұмыс жасауы (өзін-өзі бағалауы), білім берудегі жаңа мүмкіндіктерді (достарымен бірге жұмыс жасау) пайдалана алды. Бұл жердегі ең негізгі принцип сенім білдіру мен ынтымақтастық болды.

Бір ескеретін жағдай бүгінгі алған білімімен оның болашағын болжауға болмайды. Өйткені ол қозғалыс пен уақыт арқылы өсіп отыратын жеке тұлға.


© 2010-2022