Интеллектуальная игра по историй на тему Сөз мергені

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Сөз мереген» инт. ойыны

Оқушылардың алған білімдерін тексере отырып, ақыл - ой өрісін жан - жақты дамыту. Оқушылардың ана тілін сүюге, бабалардан қалған ұлағатты ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі - өнеге алуға баулу. Оқушылардың әрбір пән бойынша алған білімдерін тиянақтау, шапшаңдыққа жинақтылыққа тәрбиелеу, ақыл - ойын дамыту.
Түрі: Сайыс сабақ
Әдісі: Ой қозғау, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: топ атаулары, суреттер, интерактивті тақта

Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру. - Армысыздар құрметті оқушылар, қонақтар! Қазақстан болашағы - білімді ұрпағында, сондықтан «Сөз мерген» ақыл-ой зерделі ойынымызды бастайық.

1. Оқушыларды топқа бөлу.
1 - топ: «Болашақ» Ұраны: Жарқын болашақ білімді ұрпақтың қолында.
2 - топ: «Бірлік» Ұраны: Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады.
3 - топ: «Татулық» Ұраны: Татулығымыз жарасқан, тату - тәтті елміз.

2. Топ басшыларын сайлау.
3. Қазылар алқасын сайлау.
4. Жеребе тастап қай топ ойынды бірінші болып бастайтынын анықтау.

Жоспары:
1. «Зымыран сұрақтар»
2 "Тапқыр болсаң, тауып көр!"
3. «Ойлы болсаң, озып көр!»
4. «Кім жүйрік?»
5. «Сөз ойла, тез ойла!».

- Ал, келіңдер, келіңдер!
Біріңе - бірің еріңдер
Білімді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер. - Бүгін біз осы күнге дейінгі алған білімдерімізді көрсетіп, өлеңдермен, мақал - мәтелдермен өрнектеп, өнерімізді, білімімізді ортаға салайық.
Мұғалім: Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жана ма?
Тәрбие тәлім табар мән
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда.

1 - кезең: «Зымыран сұрақтар»
1 - топ: «Болашақ»
1. Сөйлеу тілінде дыбыстау мүшелері арқылы айтып, естілетін тілдік құбылысты не деп айтамыз?
2. Мәтінде баяндалатын оқиға мен ойдың түйіні.
3. Қазақстан халқының екі миллионнан астамы аштықтан қырылды. Бұл қай жылдары болды?
4. Қосымшаның неше түрі бар?
5. Сөз таптарын ата.
6. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің авторы
7. Жылдың төрт мезгіліне арнап өлең жазған кім?
8. Сәулелі жұлдыз іздеген адам.
9. Жылдан құр қалған жануар.
10. Басты байлық не?

2 - топ: «Бірлік»
1. Абайдың әжесі кім?
2. Жырды орындаушы қалай аталады?
3. Қаратпа сөз дегеніміз не?

4. Автордың айтқысы келген басты пікірі қалай аталады?
5. Әріптердің жүйелі тізбегі қалай аталады?
6. Сын есім дегеніміз не?
7. Абылайханның шын аты кім?
8. Қарды оңды - солды ұшырған қатты боранды қалай атайды?
9. Қазақтың киелі саны.
10. Қазақ тілінде буынның неше түрі бар?

3 - топ: «Татулық»
1. Мәтіннің неше түрі бар? (3 түрі)
2. 1925ж. Парижде өткен бүкіл дүниежүзілік жарыста ән салған қазақ әншісі кім? (Әміре Қашаубаев)
3. Сөздің өзгермейтін мағыналы бөлігі қалай аталады? (Түбір)
4. «Достық өлкесінің заңы» қандай шығарма, авторы кім? (Өлең. М. Шаханов)
5. Қазақ хандығының неше жылдығы тойланды? (550 жылдығы)
6. Сан есім дегеніміз не? (Заттың санын білдіретін сөз табы)
7. Қорғансыз, панасыз есеңгіреген халық. (Шұбырынды)
8. Сөйлем мүшесі бола алмайтын сөз. (Қаратпа сөз)
9. 1941 - 1945 жылдары қандай оқиға болды? (Ұлы Отан соғысы)
10. Мемлекеттің өз азаматтарына қолданатын қатаң жазалау шарасы. (Қуғын - сүргін)

2 - кезең: «Тапқыр болсаң, тауып көр!» Бұл кезеңде мақалдар жалғасын табу.
1 - топ: «Болашақ»
1Білекті бірді жығар,...(білімді мыңды жығады)
2 Әдептілік белгісі (иіліп сәлем бергені)
3 Ата көрген оқ жонар (Ана көрген тон пішер)
2 - топ: «Бірлік»
1 Дос жылатып айтар(Дұшпан күлдіріп айтар)
2 Батыр туса - ел ырысы (Жаңбыр жауса - жер ырысы)
3 Адам көркі - шүберек (Ағаш көркі - жапырақ)
3 - топ: «Татулық»
1 Қарт кісіні қадірле, (Өзің де қарт боларсың)
2 Өзін - өзі мақтаған (Өліммен тең)
3 Диқаншы жерін мақтайды (Балықшы көлін мақтайды)

3 - кезең: «Ойлы болсаң, озып көр!» Қойылған сұрақтарға мақалмен жауап беру.
1 топ: «Болашақ»
1. Қар жана ма?
2. Инемен құдық қазуға бола ма?
3. Тастың жеңілі бола ма?
4. Елу құлағы бар кім?
5. Қартаймайтын не, ортаймайтын не?
2 - топ: «Бірлік»
1. Білетінің қанша, білмейтінің қанша?
2. Оттан да ыстық болып тұрған не?
3. Адам денесіндегі қорқақ, батыр мүшелер.
4. Көрдім, көрмедім деген сөздер неше сөз бола алады?
5. Жаман атты, жаман жолдасты немен алмастыруға болады?

3 - топ: «Татулық»
1. Бір рет өлуге де болады, немесе мың рет өлуге де болады.
2. Отқа түсіп күймеуге бола ма?
3. Қарныңды қалай тойғызар едің?
4. Намыстан, қамыстан ажал табушылар.
5. Өрге шыға алмайтын қандай сөз?

4 - кезең: «Кім жүйрік?»
Шарты: Берілген сөз тіркесін мейілінше бір сөзбен айту.
1 - топ: «Болашақ»
1. Төбе шашы тік тұрды. (Қорықты)
2. Көз ұшында көрінеді. (Алыста)
3. Қолды болды. (Ұрланды)
4. Жүрек жұтқан (Батыр)
5. Қоян жүрек. (Қорқақ)
6. Көзі ілінбеді. (Ұйықтамады)

2 - топ: «Бірлік»
1. Көзге түртсе көргісіз. (Қараңғы)
2. Бетінен оты шықты. (Ұялды)
3. Араларынан қыл өтпейді. (Достар)
4. Күлін көкке ұшыру. (Құрту)
5. Жүрек жалғап алды. (Тамақтанды)
6. Көз шырымын алу. (Ұйықтау)

3 - топ: «Татулық»
1. Ит терісін басына қаптады. (Ұрысты)
2. Ат ізін бір салмады. (Іздеп келмеді)
3. Су тегін. (Арзан)
4. Тісіңнен шығармау. (Айтпау)
5. Ешкімнен ештеңесін аямайды. (Жомарт, мырза)
6. Ала жіпті аттама. (Ұрлама)

5 - кезең. «Сөз ойла, тез ойла!». Ұяшықтарды таңдап, шыққан әріптерден басталатын сөздерге сөйлем құрау. Әр топ екі ұяшықтан таңдайды.
І - топ: «Болашақ»
2 - топ: «Бірлік»
3 - топ: «Татулық»

Қорытынды: Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, - дей келе сөз кезегін әділқазыларға беріледі.









© 2010-2022