Внеклассное мероприятие по истории Тәуелсіздікке 25жыл

Раздел История
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шақаман жалпы орта білім беретін мектебі

«Тәуелсіздік толғауы»

Мақсаты: Оқушыларға тәуелсіздіктің 25 жылдық даму тарихын еске түсіру. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тарихи мағынасын ашып оқушыларға түсіндіру. Негізгі тарихи оқиғалар мен тарихи даталарды слайд - шоу арқылы жете таныстыру. Елі үшін, халқы үшін құрбан болған жастардың өмірімен байланысты ұғындыру.

Көрнекілігі: Буклет, суреттер, әдеби монтаж, слайд -шоу.

Жоспары:

  1. Ұйымдастыру.

  2. Слайд шоу мен таныстыру.

  3. Әдеби монтаж.

  4. Қорытынды.

Тәрбие сағатының жүргізілуі.

  1. жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар!

Сіздермен бірге сонау 1986 жылғы 16-шы желтоқсан күнін еске ала отырып, «Тәуелсіздік толғауы» атты ашық тәрбие сағатын бастаймыз.

Сол бір сәтте бұлт торлады аспанды,

Алатаудың көзінен де жас тамды.

Тәуелсіздік желтоқсанмен бітпейді,

Тәуелсіздік күресі енді басталды.

Слайд шоу: Қолдарына ел тәуелсіздігін паш еткен транспорттар ұстанған жастар. «Өзге ұлттың өкіліне ел басқартпаймыз! Колбин құрысын!».

«Ел басымыз қазақ болсын»,

«Тәуелсіз болғымыз келеді»- деген дауыстар естіледі.

«Қазақстан тәуелсіз мемлекет болу керек!»-деп қолын сермей айбатпен сөйлеген жігітті сауыт асынған солдаттар тап басып, қолынан ұстап алып кетті.

Сол жігіт Қайрат Рысқұлбеков еді.

Мінбеге бір майор шықты.

  • Қане тараңдар?

  • Жарты сағат уақыт береміз, әйтпесе жақсылық күтпеңдер. Тараңдар.

  • Тараңдар.

Жастар:- Бізге тәуелсіздік керек.

Тарқамаймыз, әділдік керек.

Бәрін ұрып - соғып алып кетеді.

«Нашақор»деп, «ұлтшыл» деп,

Қазаққа күйе жаққан

Базары кетіп бір түнде,

Қайғыға халық батқан күн.

Озбырлық күшпен тұншығып,

Үміттің оты ұшқан күн.

Жанына таппай бір шындық,

Ер Қайрат қыршын кеткен күн.

Желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қ. Рысқұлбековтың түрмедегі көрінісін назарларыңызға ұсынамыз.

(түрме іші)

Елбең - елбең жүгірген,

Ебелек отқа семірген.

Арғымақ мінген жаратып,

Ақ сауыт киген темірден.

Алатаудай бабалар,

Аруағыңмен жебей гөр!

Қайрат кінәлі деп сот үкім шығарады.Қайрат Рысқұлбеков қылмысты деп табылып, Қазақ КСР қылмыстық кодексінің 60- бабы бойынша 3 жыл бас бостандығынан, 65- бабы бойынша 15 жыл бас бостандығынан айырылсын және жазаның ең ауыр түрі - өлім жазасына кесілсін - деп Қайратқа ақтық сөз береді.

Қайрат деген атым бар

Қазақ деген затым бар

Бозторғайдай жаным бар

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар.

( Қайратты алып кетеді.)

Мұғалім:

Міне, балалар, біздің қазақ азаматтары ағаларың, апаларың ел үшін, халық үшін, тәуелсіздік үшін қалай күрескенін көріп отырсыңдар. Сол 1986 жылы 16 желтоқсанда өзінің батылдығы, жігерлігі үшін, Отан сүйгіштігі үшін небір жастар Алматыдағы алаңға шығып өз өмірлерін қиды. Алаңға шыққан жастарда, жұмыстан қайтқан жұмысшыларда барлығы жұмыстан, оқу орынынан босатылып қалды. Ауылдан барған небір жастарымыз тәуелсіздік жолында құрбан болды. Атап айтсақ: Ләззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұқаметжанова, Ербол Спатаев т.б. Бірақ бұлардан да басқа жастарымыз қайда, қалай құрбан болғандары осы уақытқа дейін жұмбақ болып келеді.

Міне, балалар, біздің Тәуелсіз мемлекет болғанымызға бірден бір себебін тигізген «Желтоқсан оқиғасы».

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.

Асау аттай өз тізгінін бермеді

Қазағымның алтын басын иілтіп

Талай дұшпан төрімізге төрледі

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді

Жұртым менің не қиындық көрмеді?!

Жылап тұрып Аналарым бұл жолда,

Сан перзентін қара жерге жерледі

Орыны ағалардың бізбен болсын

Сәбилер ағалардың жолын қусын

Бір минут үнсіздікпен еске алайық

Әруағы ағалардың риза болсын

(бір минут үнсіздік)

Салынып үміт көлінің асқар бағы

Қазағымның мұң болып асты арманы

Тұрған шақта еліме ұран болды

Есенғали ағаның «Қасқалдағы».

«Қарабауыр қасқалдақ» әні орындалады.

Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековке арнау оқылады:

Қайрат аға, сен қандай бақыттысың,

Оны жұртқа паш етіп танытты ісің.

Буырқанған желтоқсан дауылында,

Қарындасты қорғады намысы күшің.

Шындық іздеп ішінде жүрсің көптің,

Ержүрек жан халқы үшін күйсін-депсің.

Жала жапқан күнәсін ақтар немен,

Ал сен болсаң нақақтан қыршын кеттің.

Қайрат аға, сен қандай текті едің,

Имандыққа табынып өтті демің.

Кеудеңдегі қыраның шыңға қонар,

Бауыржандай айбатты өткір едің.

Міне, осы күні Қайрат ағамыздың құрметіне арнап көшелерге аты берілген.Жетісай қаласындағы орталық мәдени- демалыс паркіне Қайрат Рысқұлбеков есімі берілді.

Алматы, Семей қаласындағы орталық көшелердің бірі Қайрат Рысқұлбековтың есімімен аталады. Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданы, «Қоңырат»совхозының 1- бөлімшесіндегі орталау мектептің дружинасы Қ.Рысқұлбеков атында. Туған ауылындағы бір көшеге де аты берілді.

Бауыр десе езіліп елжіредің

Таза бұлақ сияқты мөлдіредің

Күйі өзің боп кеудемнің туған жыры

Тәуелсіздік туындай желбіредің

Байқоңырда бұл қазақ зорға ұшқан

Ал Семейі у ішіп ауа құшқан

Азаттықтың алғашқы құрбандығы

Азаттықтың алғашқы қарлығашы

Болған саған қарыздар Қазақстан!

Тұрса да биік өр басым

Қазаққа бақыт орнасын!

Сексен алтыншы жылдағыдай

Желтоқсан желі болмасын.

Қорытынды сөзі: Барша қазақстандықтар үшін Тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша. Өйткені біз Тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгендеп, тілімізді, дінімізді және ділімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздерін қабылданып, ұлттық салт - дәстүрімізді жандандырдық.

Мен қазақпын, биікпін байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім - деп ақын Жұбан ағамыз жырлағандай сіздер де азат елдің білікті, білімді, жігерлі, зиялы азаматы болыңыздар деп кешімізді «Қазақстан»әнімен аяқтаймыз.








© 2010-2022