- Преподавателю
- История
- Ақ Орда XIII-XV ғасырларда
Ақ Орда XIII-XV ғасырларда
Раздел | История |
Класс | 7 класс |
Тип | Конспекты |
Автор | Анафина С.Е. |
Дата | 31.12.2015 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Моңғол үстемдігі дәуіріндегі Қазақстан территориясында құрылған мемлекет Ақ Орда туралы түсіндіру;
Дамытушылық: Туған өлкеміздің тарихын зерделей отырып даму тарихымыздың нағыз шыңдығын білуге ықыласын арттырып, өз білімін жетілдіруге, ізденуге бағыт-бағдар беру, ой-өрісін дамыту;
Тәрбиелік: Өз Отанына деген патриоттық сезімді тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекіліктері: Қазақстан картасы, слайд, үлестірмелі парақшалар.
Сабақтың түрі: дәстүрлі.
Пәнаралық байланыс: география, қазақ әдебиеті.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру;
-
Өткен сабақты пысықтау;
-
Жаңа сабақты түсіндіру;
-
Бекіту, қорытындылау, бағалау;
-
Үйге тапсырма беру.
Үй тапсырмасын сұрау: (Сыныптың жалпы дайындығын тексеру).
-
Алтын Орда қай кезде құрыла бастады?
-
Алтын Орда деп аталу себебі не?
-
Алтын Орда қандай мемлекеттермен жақсы қатынаста болды?
-
Алтын Орда қай хандардың кезінде күшейе бастады?
-
Алтын Орда мұсылман дінін қай хандар кезінде қабылдай бастады?
-
Алтын Орданың әлсіреуіне не себеп болды?
Жеке оқушылармен жұмыс- (үлестірмелі парақшалар арқылы).
Жаңа сабақ жоспары:
-
Ақ Орданың құрылуы, географиялық орны, шаруашылығы;
-
Ақ Орданың ішкі-сыртқы саяси жағдайы.
Этникалық құрамы:
Қоңырат, найман, қаңлы, қыпшақ,керей, алшын, үйсін, арғын, жалайыр.
Кітаппен жұмыс. Әр партаға келесі тапсырмалар беріледі.
-
Ақ Орда мен Алтын Орда арасындағы күрес.
-
Ақ Орданың күшейген кезі
-
Ақ Орданың хандары.
-
Ұрыс хан және оның ұрпақтарының Әмір Темірге қарсы күресі.
Бекіту, қорытындылау.
Алтын Орда мен Ақ Орда
Ұқсастықтарын табу
Айырмашылықтарын табу
Бағалау.
Үйге тапсырма: § 23. Ақ Орда (оқып келу)
Ақ Орда хандарының кестесін жазып келу