Дінтану пәнінен Діни экстремизмнің алдын алу тақырыбында пікірталас /8-9 сыныптар/

Раздел История
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Шежін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі





/пікірталас/

8-9 сынып

Дін тану пәнінің мұғалімі Б.Ч.Кадыркулова




Мақсаты:
1. Білімдік: Экстремизм, терроризм, радикализм терминдеріне түсінік беру,
Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері, қазіргі таңдағы ахуал жайы жөнінде мағлұмат беру.
2. Дамытушылық: Оқушыларды БАҚ құралдары мен ғаламтор материалдарын пайдалана отырып, дамыта оқыту.
3. Тәрбиелік: Келер ұрпақ жас өренді өмір қауіпсіздігі, жанашырлыққа, бейбіт рухтағы адами қасиеттерге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Мектеп оқушыларының діни сауаттылығының артуы. Экстремистік, террористік әрекеттен сақтануына түсінігінің қалыптасуы. Ислам дінінің басқа діни ағымдардан ара-жігін ажырата білуі.

Сабақтың түрі: дөңгелек үстел
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру/
Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа сай дидактикалық материалдар / слайд суреттері - плакаттар,
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Келген қонақпен таныстыру, сабақ жоспарымен таныстыру
1 .Экстремизм деген не? Экстремизмнің негізгі белгілерін қалай ажыратамыз?
2 .Бүгінгі шиеленіскен діни ахуалдың себеп - салдары қандай?
3. Мұсылмандар кімдер?
4.Діни экстремизм және оның алдын - алу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?
5. Қорытынды

ІІІ. Қорытындылау
10. Соңғы пікір
Кіріспе сөз. 37-ші хикмет. Қожа -Ахмет Йассауи.

«Он сегіз мың ғаламға сәруәр болған Мухаммед,

Отыз үш мың асхабқа сардар болған Мухаммед.

Аш-жалаңаш жүргенге қанағат берген Мухаммед

Ұмматыма рахым ғып шапағат берген Мухаммед »-деп Құрметті ұстаздар, қонақтар мен оқушылар. Бүгін сіздер «Дін экстремизмнің алдын алу» атты 8 - 11сыныптар арасындағы дөңгелек үстелде бас қосып отырсыздар.

Келген қонақтармен таныстыру:

1. Панфилов аудандық ЖПҚ басшысының орынбасары, полиция майоры Д.З.Умбетбеков

2. Панфилов аудандық ЖПҚ қызметкері Ә.Н.Есіркеева

3. Алты үй ауылдық бас имамы Қанатқазы

4. Шежін ауылының имамы Тоққожа

Қоғамның ең әлсіз тұсы дін, жастарымыздың дін туралы сауаттылығы нашарынан ба, әлде бір себеппен бе, секталарға кіру себебі, бүгінгі «Діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбы да осы арнаға келіп саяды. Қазіргі уақытта қоғамның, мемлекеттің ең өзекті мәселесі осы жайында. Бүгін біздің оқушыларымыз сіздерге ой тастайды.
Мұғалім сөзі: Ислам араб сөзі, аллаға бойын ұсыну деген мағына білдіреді, Ислам діні VІ ғасырдан Арабия түбегінен тарай бастады. Ислам діні әлемде 1,3 млрд адам ұстанады және де мемлекеттік дін деп жариялаған мемлекеттер де бар. Ислам діні бүкіл әлемде көк пен жерді жаратушы, Аллаға ғана сенуді уағыздайды. Ал ислам дінінің алғышартының бірі Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед Алланың елшісі екендігіне куәлік беру. Ислам діні - адам баласын тура жолға бастайтын дін. Адамды мейірімділікке, бауырмашылыққа, қайырымдылыққа үйретеді. Имансыз ұлт болмайтынын түсінген атам қазақ, ислам дініне қатты көңіл бөлген.

«Алланың өзі де рас, сөзі де рас,

Рас сөз ешуақытта жалған болмас.

Көп кітап келді Алладан, оның төрті,

Алланы танытуға сөз айырмас»- деп жырлаған ұлы Абай ислам дініне берік болған ғой, ал қазіргі таңда кездесіп отырған келеңсіз жағдайлар неден,- деп қарастырып көрейік.

( «Құрбандар» бейнефильм)

1-қонаққа сұрақ.Экстремизм деген не? Қоғамға тигізер әсері қандай?

Енді осы экстремизмнің мағынасын объективті түрде түсіндіріп көретін болсам,. Экстремизм (ехtгеmus) деген латын тілінен енген термин, сөздік мәні соңғы, шеткі деген мағынаны білдіреді, ал саяси мағынасы шектен шыққан көзқарас пен іс - әрекет арқылы ерекшеленетін күрделі әлеуметтік феномен. Сонымен қатар, бұл - тікелей немесе жанама түрде парламенттік демократияны жоққа шығаратын саяси қызмет түрі.
біріншіден, мемлекетте диктатура орнатуды ашық жариялайды, яғни бұл дегеніңіз елдегі азаматтардың саяси және азаматтық құқықтарын кемсіту; екіншіден, елдегі конституциялық құрылымды үзілді - кесілді мойындамайды, оны зорлық - зомбылық күшімен жоюға және билікті заңсыз басып алуға ашық түрде насихаттайды; үшіншіден, заңсыз қарулы жасақтар құрады; төртіншіден, елде әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тіл және діни алауыздықты қоздырады, сонымен қатар, осы ерекшеліктер бойынша азаматтардың құқығын шектеуді мақсат етеді; бесіншіден, елде белгілі бір ұлттың немесе діни конфессияның тоталитарлық режимін орнатуға ұмтылады.
2-қонаққа сұрақ.«діни экстремизм» дегенді қалай түсіндірер едіңіз?
Қоғамдағы дәстүрлі діннің құндылықтарын жоққа шығару. Дәстүрлі дінге жат «идеяны» белсенді насихаттау. Зайырлы қоғамға қарсы әрекет ету. Қоғамға белгілі бір діни конфессия бойынша өз түсініктері мен көзқарастарын насихаттау деуге болады.(бейне фильм «Жихад-240»)

3-қонаққа сұрақ. Бүгінгі шиеленіскен діни ахуалдың себеп - салдары қандай? 2006 жылғы 8 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясы «Ғаламдық террормен күрес» стратегиясын қабылдады. Бұл құжатта БҰҰ - ға мүше мемлекеттер экстремизм мен терроризмнің барлық пішінін бір жақты айыптайды және осыған қарсы тығыз ынтымақтастық арқылы әрекет етуге дайын екендігін көрсетеді. Стратегияны әр мемлекет шынайы түрде іске асырып жатса, діни экстремизм мен күрес шын мәнінде өз нәтижесін берер еді.
Елімізде 2005 жылдың 18 ақпанында «Экстремизмге қарсы іс - қимыл туралы» Заң қабылданды. Осы заңның 10 - бабы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының шет мемлекеттердің органдарымен және халықаралық ұйымдармен экстремизмнің алдын алу, анықтау және жолын кесу саласындағы өзара іс - қимылы» деп аталады. Осы бап жоғарыда аталған БҰҰ - ның «Ғаламдық террормен күрес» стратегиясына сәйкес еді. Демек, еліміз аталған стратегиядан бір жыл бұрын қабылданған заңы арқылы экстремизм мен терроризмге қарсы басқа мемлекеттермен бірігіп күресуге әбден дайын.
Қазақстан өзі тарапынан аймақтық бейбіт өмірді, қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз ету, сонымен қатар, демократиялық, әділ және ұтымды саяси, экономикалық халықаралық тәртіп орнату үшін қолынан келгеннің бәрін жасап жатыр. Соның бір мысалы ретінде Қазақстанның 1996 жылы «Шанхай бестігі» деген атаумен құрылып, 2001 жылдың 1 маусымынан бастап Шанхай ынтымақтастық ұйымы аталған құрылым аясындағы экстремизм мен терроризмге қарсы нақты іс - шараларын айтуға болады.(бейнефильм тв-Насихат)
4-қонаққа сұрақ. . Алтын Ордамен байланыс жасаған саудагерлер үшін жазылған қыпшақ заңы- «Кодекс куманикус» қыпшақ тілінде жазылған діни мәтіндер мен сөздіктерден тұратын кітап, 164 беттен құралған қолжазба күйінде бізге жеткен. Тәңірді бәрінен биік сүй!

Тәңірдің атымен ант ішпе!

Ұлық күнді әлпеште!

Атаңды, анаңды құрметте!

Кісіні өлтірме!

Ұры болма!

Ыржақай болма!

Жалған куәлік берме!

Өзге ксіге күндестік жасама!

Сенің өз бауырың -Адамды сүй!

Мұсылмандар кімдер, басқа сектаға кетпеу үшін жас ұрпаққа не істеу керек? «Ислам» сөзі арабшада «бейбітшілік», «бағыну», «мойынсұну» деген мағыналарды білдіреді. «Мұсылман»-құдайдың құлымын дегенді білдіреді.

Жаратушыны жалғыз,дара деп қабылдаумен Ислам монотеистік дін болып табылады. Негізгі ұстанатындары «Құран» кітап пен Мұхаммед пайғам бардың өнеге етіп қалдырған іс-амалдары (сүннеті).

( Бейнефильм «Джихад» ролик)

Түйін: әрбір азамат қоғам тыныштығы үшін діни экстремизмге табанды түрде қарсы тұруы тиіс. Қазақ халқы ертеден - ақ бірліктің, ынтымақтың маңызын жете түсінген. Бабаларымыздан өсиет болып бізге жеткен «Бақ қайда барасың ынтымағы мен бірлігі жарасқан елге барамын деген қанатты сөз бүгінгі күн ішінде өз көкейкестілігін жойған жоқ. Кемеңгер бабаларымыз «алтау ала болса ауыздағы кетер, төртеу түгел болса төбедегі келер»деп елді бірлікке шақырып отырған. Елбасымыздың «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауында біз сөз еткен ұғымдардың ерекше аталып өтуі тегін емес, Сондықтан бәрімізге қастерлі тәуелсіздігіміздің нығаюы үшін, елімізде ұлтаралық және дінаралық татулықтың сақталуы үшін бір кісідей атсалысайық. Бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз баянды болсын ағайын.

Шежін орта мектебі кмм

Дін тану пән мұғалімі Б.Ч.Кадыркулова.

© 2010-2022