Сабақтың тақырыбы: Жеті жарғы заңдары ұлы билер

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 11.04.2016 жыл

Сыныбы: 7 сынып

Пәні: Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §42. «Жеті жарғы» заңдары, ұлы билер

Сабақтың мақсаты:

  • Тәуке ханның «Жеті Жарғы» заңдары және жасауға қатысқан қазақтың ұлы билері туралы мәліметтермен оқушыларды жан-жақты таныстыру;

  • Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдау, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;

  • Ұлы билердің мемлекетті нығайту үшін атқарған қызметтерін көрсете отырып, оқушыларды адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтеп, оның дамуына үлес қосуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, инсерт картасы, дискуссиялық өрнек, топтастыру, тарихи құжат

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, математика,

Көрнекілік: билердің суреті, асық, конверт, слайд материалдары, бейне ролик,

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: «Иә немесе жоқ» тестісі:

1. Жәңгір хан 1628 - 1652 жылдары хандық құрды. Иә

2. «Салқам» деген атақ Есім ханға айтылды. Жоқ

3. 1643 жылы Жәңгір 600 жауынгермен 50 мың жоңғар әскеріне қарсы шықты. Иә

4. Орбұлақ шайқасында жоңғар әскерлері 20 мың адамнан айырылды. Жоқ. 10 мың

5. Тәуке хан 1680 - 1715 жылдар аралығында хандық құрды. Иә. 1718 ж

6. «Билер кеңесі» Түркістан қаласының жанында Битөбеде, Сайрам қаласының маңындағы Мартөбеде және Сырдария облысының Ангрен қаласына жақын жердегі Күлтөбеде өткізіледі. Иә

ІІІ Жаңа сабақ: §42. «Жеті жарғы» заңдары, ұлы билер

Сабақтың жоспары:

1. «Жеті жарғы» заңы

2. Ұлы билер

Төле Әлібекұлы (1663 - 1756)

Қаз дауысты Қазыбек би (1667 - 1764)

Әйтеке би (1682 - 1766)

І. Қызығушылықты ояту: слайд материалдары

Топтастыру: «Ұлы билер»

Тарихи деректер: оқушылар шығармашылығы

ІІ. Мағынаны ажырату:

Билерге тоқталу: «»Аталы сөз»

Бейне ролик: Ұлы билер

Сергіту сәті. «Кім жүйрік?» математикалық ойын.
Математикалық есептерді шешіп тарихи датаны тауып, сол жылға қатысты тарихи оқиғаны атау керек. (Жауаптарында қате бар, оқушылар есепті дұрыс шығарып, айтылған тарихи оқиғаны да дәл табуы керек)

1. 728 х 2 + 0 = 1456 (Қазақ хандығы құрылған жыл)
2. 415 х 4 + 50 = 1710 (Қарақорымда жоңғарларға қарсы үш жүздің бас қосқан жыл)
3. 560 + 1200 - 108 = 1652 (Салқам Жәңгір хан қайтыс болған жыл)
4. (8425 / 5) - 5 = 1680 (Тәуке ханның таққа отырған жылы)
5. 483 + 164 + 996 = 1643 ( Орбұлақ шайқасы болған жыл)
Тарихи құжат. «Жеті жарғы» заңдар жинағынан үзінді

Тапсырма: «Дискуссиялық өрнек»

ІҮ. Сабақты бекіту:

«Ханталапай» ойыны: асықтарды иіріп, жауап береді.

1. Жеті жарғының негізі қандай дала заңдарының үлгі, жобаларынан алынды?

2. «Қарылғаш би» деп кімді атаймыз?

3. Жеті жарғыда қандай мәселелер қарастырылды?

4. Қаз дауысты Қазыбек би деп неліктен айтылған?

5. Атақты Жалаңтөс батырдың ұрпағы кім?

6. «Тура биде туған жоқ, мақалды жалғастыр........

Қорытынды: Үш бидің ел тыныштығы, оның бақытты келешегі, тәуелсіздігі үшін қауіп-қатерді елемей, бастарын бәйгеге тіккен осы шынайы отаншыл сезімі, ынтымақ- бірлігі басқалаларға да ықпал етіп, қазақ халқын бір мақсатқа жұмылдыра түскен. Бүгінгі бақытты өміріміз осындай бабалар арқасы екенін түсініп, үш биіміздей ұлыларды, елім деп еңіреген батырларымызды ұрпақ ешқашан ұмытпауы қажет деп білемін.Үш биге қойылған мүсін ұрпағының оларға деген құрметінің бір белгісі деп түсінемін.

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма: §42. «Жеті жарғы» заңдары, ұлы билер

  • сұрақтарға жауап беру,

  • 1. "Билердің қазақ қоғамындағы рөлі" тақырыбына шағын эссе жазу.

  • 188 - 191 бет.




© 2010-2022