Открытый урок на тему Ерлікке тағзым ұрпаққа ұлағат

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ерлікке тағзым ұрпаққа ұлағат.

Сабақтың мақсаты: 1.Ұлы Отан соғысы туралы мәліметтер беру;

2.Ұлы Отан соғысының елге әкелген тауқыметі, осы қиындықты жеңген ата-бабаларымыздың ерлігі жөнінде айта келіп оқушыларды Отанды сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, нақыл сөздер.

Сабақтың барысы: 1. Кіріспе.

Мұғалім: Ұлы Жеңістің мерекесіне биыл 67 жыл. Бұл мереке бейбітшілікті сүйетін елдер үшін ерекше мереке. Сондықтан арамыздағы ардагерлерімізді ардақтау үлкендеріміздің де, кішілеріміздің де парызы. Олардың қаһармандық ерлігін мақтаныш етуіміз керек. Ол кезде Кеңес Одағы деп аталған 14 елдің Одағының құрамында болды. Осы елге неміс фашизмі шабуыл жасады. Елді қорғауға қазақстандықтар да аттанды.

Ұлы Отан соғысында Бауыржан Момышұлы, Төлеген Тоқтаров, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов, Нүркен Әбдіров, Рақымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов, шығыстың қос жұлдызы Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова қазақ халқының батыр-халық екенін дәлелдеді.

Ерлік - табиғат сыйы емес, саналы әскери тәрбиенің жемісі, Отан алдындағы қасиетті парызыңды орындау үшін адамзаттың ең асыл сезімімен жігерленіп, өзінді саналы түрде қауіп-қатерге бас тігуге мәжбүр етудің нәтижесі.

Қазақстан Халық қаһарманы атағы берілді. Соғыс жылдары Қазақстандықтар «Бірі де жеңіс үшін, бәрі де майдан үшін», деген үндеумен түн демей, күн демей еңбек етті. Мәселен: Ыбырай Жақаев күріштен, Шығанақ Берсиев тары өсіруден, Жазылбек Қуанышбаев төл алудан рекорд жасады.

Қазақстанның ауыл еңбекшілері жауды жеңу үшін, Отансүйгіштік және еңбек парызын жанқиярлықпен өтеді. Соғыс жылдары 5829 мың тонна астық, 734 мың тонна ет, басқа да азыө-түлік, шикізат берді.

Ұлы Отан соғысы жылдары 1 млн 200 мың қазақстандық майданға аттанды деген сөз. 1941-1945 ж.ж жарамды ер-азаматтың көпшілігі соғысқа аттанды.

1945 жылы 9 мамырда кеңестік қызыл армия жауынгерлері Германияныің астанасы Берлин төбесіне қазақ азаматы Рақымжан Қошқарбаев қызыл ту тікті. Осы сыннан халқымыз мүдірмей өтіп, әлем алдындағы беделі асқақтан түсті.

2. Нақыл сөздер:

Бауыржан Момышұлынын қанатты сөздері

  • Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу - сатқындыктың белгісі.

  • Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін.

  • Опасызда Отан жоқ.

  • Елсіз ер болмайды, жұртсыз жігіт болмайды.

  • Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше, шындықтын уын ішіп өлген артық.

3. Ой ашар.

Тест.

1. Ұлы Отан соғысы қашан басталды?

А) 1939 ж Ә) 1941ж

Б) 1948 ж В) 1940ж

2. КСРО -ның Батыс өлкесіннен Қазақстанға қанша завод фабрика көшірілді

А) 110 Ә) 2

Б) 80 В) 100

3. Ұлы Отан соғысы жылдарында қанша қазақстандық армия қатарына алынды?

А) 1 млн 200 мың Ә) 2 млн

Б) 500 мың В) 1 млн 300 мың

4. Ленинград үшін шайқаста қай қазақстандық батыр жау пулеметін өз денесімен жауып ерлікпен қаза тапты?

А) Б.Момышұлы Ә) Ә.Молдағұлова

Б) М.Мәметова В) С.Баймағанбетов

5. Ұлы Отан соғысы жылдарында күріш өсіруден рекорд жасаған кім?

А) Ж.Қуанышбаев Ә) Ш.Берсиев

Б) Ы.Жақаев В) Б.Дисекбаев

6. Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысып қаһармандық ерліктің үлгісін көрсеткен қазақстандық дивизия

А) 316 атқыштар дивизия Ә) 238 атқыштар дивизия

Б) 310 атқыштар дивизия В) 314 атқыштар дивизия

7. Ә.Молдағұлованың өмір сүрген жылдарын атаңдар

А) 1921-1940 ж.ж Ә) 1925-1944 ж.ж

Б) 1915-1942 ж.ж В) 1920-1943 ж.ж

8. Б.Момышұлының өмір сүрген жылдары

А) 1910-1982 ж.ж Ә) 1900-1945 ж.ж

Б) 1905-1978 ж.ж В) 1908-1980 ж.ж

9. Ұлы Отан соғысы қай жылы аяқталды?

А) 1939 ж Ә) 1942 ж

Б) 1945 ж В) 1944 ж.

4. Қорытынды.

«Ерлік ескерусіз қалмайды...

Ұрпақтар оны жалғайды.

Қантөгіс енді болмасын,

Тек бейбіт күн болғай-ды». (Б.Момышұлы).



Әуезов орта мектебі













«Ерлікке тағзым ұрпаққа ұлағат»

/Сынып сағаты/









Мухамедиярова Д.Қ.

5-сынып

© 2010-2022