Қазақстан тарихы Ғұндар тарихы 6 сынып

Раздел История
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан тарихы Ғұндар тарихы 6 сыныпҚазақстан тарихы Ғұндар тарихы 6 сыныпҚазақстан тарихы Ғұндар тарихы 6 сыныпҚазақстан тарихы Ғұндар тарихы 6 сыныпҚазақстан тарихы Ғұндар тарихы 6 сыныпҚазақстан тарихы Ғұндар тарихы 6 сыныпҚазақстан тарихы 6 сынып

Сабақ тақырыбы: Ғұндар

Сабақ мақсаты: 1. Ғұн тайпаларының тарихы туралы айта отырып ғұндар туралы жазылған тарихи деректермен оқушыларды таныстыру. Ғұн қоғамының сатыларына сипаттама беру.

Ғұн билеушілері Моде және Еділдің (Аттила) ғұн тарихында алатын орны туралы айта отырып оқушыларды ерлікке, отансүйгіштікке, адалыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас,

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, тарихи диктант

Сабақ көрнекілігі: карта, тірек-сызбалар, интерактивті тақта, видеофильм

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа назарын аудару

ІІ Үй жұмысын сұрау:

1. Сақтар қай жерді мекендеген?

2. Парсы деректері бойынша сақтар нешеге бөлінді?

3. Сақ қоғамына сипаттама бер?

4. Сақтардың негізгі шаруашылығы не?

5. Аң стилі деген не?

ІІІ. Жаңа сабақ

Ғұндар-б.з.б І м/ж қазіргі Монғолияның Каспий өңіріне дейінгі Орталық Азия жерін мекендеген. Қытай деректерінде «Ғұн» атауы б.з.б ІІІғ аяғнда пайда болған. «Ғұн» атауының пайда болуы түрлі тайпаларды біріктірді.

Мерзімі

Тарихи оқиғалар

Б.з.б. ІІІғ

Туманем бастаған ғұн тайпаларының Қытайға шабуылы. Ұлы Қытай қорғанының салынуы

Б.з.б. 202-203жж

Алтай, Енисей, Саян өңірлерін басып алып, Шаньюй Моде Ғұн державасын құрды

Б.з.б. 200-188жж

Шаньюй Моде Қытайдың Хань династиясының әскерін талқандауы, Қытайлар салық төлеп тұрды

Б.з.б. 55ж

Ғұндардың Оңтүстік және Солтүстік болып бөлінуі

Б.з.б. 47-46жж

Шаньюй Чжи-Чжи бастаған Солтүстік ғұндар Қазақстанда Талас өңіріне І қоныс аударуы

Б.з.б. 42ж

Чжи-Чжи әскері қаңлылармен одақ құрып үйсіндерді талқандап, астанасы Қызыл Аңғар (Чигу) қаласын басып алды

Б.з.б. 37-36жж

Талас өңірінде Шаньюй Чжи-Чжи ордасының құрылуы

Б.з.б. 36ж

Талас шайқасы. Қытайлар әскерінің Ғұндарды талқындауы Чжи-Чжи өлімі

Б.з.б.93ж

Солтүстік ғұндардың Қазақстанға ІІ қоныс аударуы. Жетісу Орталық Тарбағатай, Сырдария өңіріне орнығуы

Б.з.І-Vғ

Ғұндардың Батыс Қазақстан Арал, Еділ, Дон өңірлеріне таралуы

Б.з. ІVғ

Ғұндардың Дунайға дейінгі жерлерге орналасуы

Б.з 375ж

Ғұндардың Батысқа жылжуы, халықтардың Ұлы қоныс аударуының басталуы

Шамамен Б.э 430ж

Еділ бастаған Ғұн империясының құрылуы

Б.з 437ж

Еділ әскери Бургундия патшалығын басып алды

Б.з 448-451жж

Ғұндардың көсемі Еділдің Шығыс және Батыс Рим империясының территориясына жорығы

Б.з 451ж

Еділнің Рим империясының әскери қолбасшысы Аэтцмй бастаған рим, франктер әскерімен Каталауын даласындағы ірі шайқасы

Б.з 452ж

Еділдің Солтүстік Италияға жорығы

Б.з 453ж

Еділдің өлімі. Ғұндар державасының тарих сахнасынан жойылуы



Ғұндар туралы деректер

Тарихи деректер

Грек деректерінде

Арабтар деректері

Қытай деректері

Ғұндар кәсібі

Мал шаруашылығы

Егіншілік

Аң аулау

ІV Сабақты бекіту

1 тапсырма Тарихи диктант

Ғұн тайпалары Қазақстан жеріне Еуропадан (Орта Азиядан) қоныс аударған. «Ғұн» атауы б.з.б І ғ (б.з.б ІІІғ) пайда болды. Ғұндардың билеушісінің лауазымы Хан (Шаньюй). Еділ (Моде) ғұн тайпаларын біріктіріп Ғұн мемлекетінің негізін қалады.Ғұн тайпалары 36 рудан (24ру) тұрды.451ж (453ж) ғұн билеушісі Еділ қайтыс болды.

2 тапсырма Жылдар сөйлейді

Б.з.б ІІІғ-

400-453ж-

451ж-

Б.з.б 36ж-

Б.з 375ж-

Б.з.б 55ж-

Б.з. 452ж-

V Қорытынды: Сонымен Қазақстан жерін мекендеген ғұн тайпаларының қазақ тарихында алатын орны ерекше. Ғұн тайпалары Орталық Азия жерінен Қазақстан жерінен қоныс аударған тіпті олар Еділ шаньюй тұсында Еуропа жеріне дейін қоныс аударған. Еуропаға қоныс аударуы Еуропа жеріндегі үлкен империяның бірі Рим империясын талқандады. Еуропа жерінде қоныстанып қалған ғұндар «ақ ғұндар» деп аталып кеткен

ІV. Үйге тапсырма:

Ғұн тайпалары туралы қосымша мәліметтерді пайдалана отырып Еділге (Аттилаға) мінездеме жазу

V. Бағалау:

























© 2010-2022