Открытый урок по тему Тәуелсіздік

Раздел История
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Открытый урок по тему Тәуелсіздік

Қызылорда облысы

Әйтеке би кенті

№234 Ж.Жабаев атындағы орта мектеп

Тарих және құқық пәні мұғалімі


Сыныбы: 6«А»

Кештің тақырыбы: « Т ә у е л с і з д і к а р м а н ы м ! »

Мақсаты:

1. Оқушыларды Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен, қол жеткен жетістіктерімен қысқаша таныстыру.

2. Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу, Қазақстанның келешегі үшін аянбай күресуге және еңбек етуге баулу.

3. Патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың көрнекілігі: «Тәуелсіздік - тұғырым» атты қабырға газеті, лозунгі, Қазақстан Республикасының рәміздері, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, плакаттар, буклет, үнтаспа, суреттер, т.б.

Сабақ түрі: Әдеби-көркем монтаж.

Әдісі: Топпен жұмыс.

Жоспар: 1. Тарихи шолу

а) Тәуелсіздік жолында

ә) Желтоқсан жаңғырығы

2. Тәуелсіз Қазақстан

Кештің барысы: «Көк тудың желбірегені» әні.

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына арналған «Тәуелсіздік мақтанышым, айбарым!» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

Әнұраным - жан ұраным

Айтар әнім - сөйлер сөзім

Туған жерім - сағынарым

Мәңгі-бақи шырқалады.

Республикам әнұраным

Хор: «Әнұран»


Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 23 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.


Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

дей отырып 5 «в» сынып оқушыларының тәуелсіздік күніне арналған тақпақтарын қабыл алыңыздар!

1)Желтоқсанның 16-шы жұлдызы

Зар жылады қазағымның ұл-қызы.

Тыңдамады ешқайсысы оларды

Колбин келіп, тыныштықты сол бұзды.

2)Көтеріліске шықты жастар, боздақтар,

Елін ойлап, намыс отын жаққандар.

Неге Колбин? Басқа қазақ ұлы емес?0

Көп қой ұлттың қамын ойлар адамдар.

3)Қайрат, Ләззат, Ербол сынды батырлар.

Қазағымның намыс отын жақтыңдар.

Ұмытпаймыз біз олардың ерлігін

Тәуелсіздік аңсап өткен тарландар.

4)Желтоқсанның желі, аязы, ызғары

Қанды мұзда талай қазақ сыздады.

Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға

Азап шекті қайсар қазақ қыздары.

5)Талай қазақ қыздарын да тоңдыра,

Талай қазақ гүлдерін де солдыра,

Ел билеуге алып келді Колбинді

Қазақ ұлы Қонаевтың орнына.

6)Егемендік - бұл елімнің елдігі,

Егемендік - барлық ұлттың теңдігі.

Егемендік - елін, жерін қорғаған,

Ербол менен Қайраттардың ерлігі.

7)Желтоқсаным - тәуелсіздік тірегі,

Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.

Есте сақтап ағалардың ерлігін,

Жүректерге сақтау керек үнемі.



Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам

Ән: Жаса, Қазақстан орындайтын «Жігіттер» квартеті

Бақытым - Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.
Алдарыңызда биші жігіттердің орындауында «Қара жорға» биі

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан - елім менің

дей келе оқушылардың Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арнаған қол өнер бұйымдарына кезек берейік.

Ал, енді оқушылар «Мен үшін керемет күн» тақырыбында коррекциялық сабаққа тоқталайық

А) «Бір - бірімізді қалай танимыз»

Сиқырлы қорапшадан бір сыныпта оқитын балалардың есімдерін кезекпен алып шығып, олардың жақсы , жағымды жақтарын айтамыз.

Ә) «Сиқырлы орындық» жаттығуы

Бір бала ортаға қойылған сиқырлы орындыққа отырады. Орындық үстіндегі логикалық сұраққа жауап береді.

Б) «Мейірімді жүрек» жаттығуы.

Әр оқушы өзі қалаған оқушыға оның жақсы қасиетін білідіретін сөздерді айтып жүрекшені ұсынады

В) «Жануарды тап» жаттығуы

Қалауы бойынша ортаға бір оқушы шығады, оның арқасына бір жануардың аты жазылған қағаз жапсырылады. Оның міндеті басқа оқушылардың көмегі арқылы, яғни сөйлемей түсіндірулердің көмегімен жануарды табу

Қорытынды:
«Тәуелсіздік - халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күрес тарихының нәтижесі» деп Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай оңай келген жоқ. Бұл Тәуелсіздік бізге қазақтың басы мен жұлын жүйкесі Кенесары бабамыз арқылы, қайқы қара қылышты Бауыржан атамыз арқылы, уыз сезімді Қайраттай ағаларымыз арқылы келді. Сондықтан оны аялауымыз керек. Біздің еліміз көптеген елдерге танылды. Қайда жүрсек те Отанымызды мақтан тұтуымыз керек.
Тәуелсіз 23 жыл туыңды биік ұстадың,
Көтерді халық уақыттың қатал қыспағын.
Көшіңді бастап бақытты болашағыңа,
Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстаным!

Қазақстан!
Туымен тұғырлы.
Елтаңбасымен еңселі.
Әнұранымен айбатты

Хор: «Көк тудың желбірегені»

Тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына арналған «Тәуелсіздік мақтанышым, айбарым» атты кешімізді қорытындылау үшін сөз кезегін мектеп директоры Құдайберген Марат ағайга береміз.

Зер салып, назар аударып, қатысқандарыңыз үшін сіздерге мың алғыс.

Сау болыңыздар!













Открытый урок по тему Тәуелсіздік




Сынып жетекші: Асанова Арайлым

6 «в» сынып















© 2010-2022