Қарахан мемлекет ( 8 сынып)

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қарахан мемлекеті

Сабақтың мақсаты

Білімділігі: Оқушыларды түpiк қағанатының дәстүрлi жалғасы болған, басқару, экономикалық, қоғамдық құрылысы жағынан жан-жақты дамыған феодалдық-патриархалдық мемлекет Қарахандардың тарихымен және мәдениетімен таныстыру;

Дамытушылығы: Оқушыларды Қарахан мемлекетінің қоғамдық құрылысы, саяси жағдайын талдап, тарихи деректермен жұмыс жүргізу, ойларын жинақтап қорытындылау дағдыларын жетілдіру;

Тәрбиелігі: Оқушыларды қазақ жерінде өмір сүрген ортағасырлық мемлекет тарихымен таныстыра отырып, өз Отанын сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі:Венн диаграммасы, ойын элементтері, тест сұрақтары

Сабақтың көрнекілігі: слайд, карта,сызбалар

Сабақтың байланысы: география, математика

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

«ҮІ-ІХ ғасырлардағы отырықшы және жартылай көшпелі мәдениет» тарауы бойынша

Тест жұмысы:

1.Архитектура сөзі қандай мағына білдіреді?

А) баспана ә)тұрын үй б) құрылыс в) құрылысшы д) сардоба

2. ҮІІ-ҮІІІ ғасырлар арасында басталып, бітпей қалған ғимарат?

А) Айша-бибі ә)Бабаджа-қатын б)Ақыртас в)Білеулі д)Мырзарабат

3. Қазақстан мен Қарақалпақстан шекарасы арасында орналасқан ғимарат

А) Ақыртас ә)Дың б) Тасақыр в)Якка д)Білеулі

4. Қазылған құдықтардың үстіне салынған күмбезді ескерткіш қалай аталады?

А) Сардоба ә)Дың б) Мешіт в) Балбық д) Мүсінтас

5.Ақбешім ғибадатханасының көлемі қандай?

А) 45x20 ә)76x22 б) 67x35 в)56x29 д)33x15

6. Дың ескерткіштерінің көп сақталған аймағы қай жерлер?

А) Тарбағатай, Ақбешім, Сыр бойы ә) Орталық Қазақстан, Жетісу б) Орталық Қазақстан, Жетісу, Тарбағатай, Маңғыстау в) Маңғыстау, Орал д)Сыр бойы, Жетісу, Батыс Қазақстан

7. Түрік жазба әдебиетінің көне ескерткіштері

А) Оғызнама ә) Күлтегін б) Тоныкөк және Күлтегін в) Оғызнама және Күлтегін д) Орхон Енисей

8. «Оғызнаманың» ескі нұсқасын ХІІІ ғасырда бірінші жазып қалдырған тарихшы

А) Рашид ад-Дин ә) Әбілғазы хан б) Қорқыт в) Әл-Идриси д) Әл-Марвази

9.Ислам дінінің орталығы болған қалалар

А)Т араз, Қызылорда ә) Сайрам, Тараз, Отырар, Йасы б) Сығанақ, Сыр бойы, Тараз в) Сайрам, Түркістан, Жетісу д) Тараз, Жетісу, Йасы

10. «Қорқыт ата» кітабы неше жырдың қосындысынан тұрады?

А) 14 ә)13 б)19 в)18 д)12

ІІІ. Жаңа сабақ Қарахан мемлекеті

Қарахан мемлекетінің құрылуы

Этникалық құрамы

Қоғамдық құрылысы

Мемлекеттің саяси жағдайы

Мемлекеттің иеліктері

Шаруашылығы

Мәдениеті


  1. Қарахан мемлекетінің құрылуы

Құрылған уақыты: Х ғасырдың орта кезі

Жер аумағы: Жетісу аймағы мен Шығыс Түркістанның бір бөлігі

Орталығы: Баласағұн қаласы

Мемлекеттің негізін қалаған: Сатұқ Боғра хан

2. Этникалық құрамы: жікіл, яғма, қарлұқ, оғыз, қаңлы, үйсін т.б. түркі тілдес тайпалардан тұрды.

3. Қоғамдық құрылысы

Елде жоғарғы өкімет билігі қағанның (хан) қолында болған. Билік мұрагерлікпен беріліп отырған. Билік иелері қатарына ханның ұрпақтары - тегіндер, ілік хандар, бектер, нөкерлер жатты. Билік иелігінде үлестік жерлер болды. Хан кеңесшісі қызметін уәзірлері атқарған. Ханның мемлекеттік саяси-әкімшілік іс жүргізетін орны орда деп аталған.

Қарахан мемлекетінің қоғамдық құрылысы өзгеше. Ол басқару тәртібіндегі жер иелену мен алым-салық жүйесінен байқалады.

Жетекші терминдерге шолу

4. Мемлекеттің саяси жағдайы

1.Сатұқ Боғра -хан 942-955 ж.ж.

2.Мұса 955-960ж.ж. 960 жылы Ислам дінін мемлекеттік дін ретінде жариялады. Орталығы - Қашғар қаласы болды.

3.Әли Арслан 960-990ж.ж. Хандықтың орталығы - Қашғар қаласы. Тараз бен Баласағұнның билеушісі болды.

Елде саяси билік үшін талас болғанымен олар көрші елдерді жаулап ала бастады.

Хасан Боғра хан Испиджабты, Бұхараны, Самарқанды бағындырды.

Хасан Боғра ханның баласы Жүсіп 992 жылы Хотанды,

Әли Арсланның баласы Насыр ибн Әли 996 жылы Мауараннахрға жорыққа аттанады, 999 жылы Бұхара қаласын басып алып, Мауараннахрды түгел бағындырды.

5. Мемлекет иеліктері

Шығыс хандығы мемлекеттің негізгі бөлігі болды. Сондықтан оның ханы «ұлы хан» болып есептелді. Басқа хандар оған бағынышты болуға тиісті еді. Бірақ бірлік онша сақталмады.

Қарахандықтардың мұндай алауыздығын Салжұқ сұлтаны Мәлік шах пайдалана білді. 1089 жылы Батыс хандықтың орталығы Самарқанды, одан соң Бұқараны басып алды.

ХІІ ғасырдың 30 жылдарында қарақытайлар Жетісуға басып кіреді. Бұхара қаласын, Мауараннахрдың орта бөлігін толығымен жаулап алады.

Батыс иеліктің ханы 1212 жылы қаза болып, Мұхаммед Қарахан мемлекеті біржола құлатады. Ал Шығыстағы хандықты Найман ханы Күшлік басып алады. Сөйтіп үш ғасырға жуық өмір сүрген Қарахан мемлекеті құлайды.

6. Шаруашылығы

Қарахан мемлекетінің Жетісу аймағындағы шаруашылық екі бағытта жүргізілген

1.Отырықшылық, егін, бау-бақша өсіру.

Аймағы: Тараз, Талхир, Баласағұн

2. Жартылай көшпелі, жартылай отырықшы мал шаруашылығы

Аймағы: далалы, таулы, қыратты жерлер

7. Мәдениеті

Мемлекетте қала халқы кедейленген малшылар мен егіншілер есебінен өсті. Қалалық мәдениеттің дамуы нәтижесінде қолөнер, көзе жасау шеберханалары көбейіп, сапалы, сырлы құмыра жасау ісі дамыды.

Ислам дінін мемлекеттік дін ретінде жариялауы күмбездеп салынған мешіт ғимараттарынның салынуына ықпал етті. Мысалы, Айша- бибі, Бабаджа - қатын кесенелерінің салынуы қара халықтың ислам дініне бет бұруына әсер етті. Сонымен қатар қалаларда Шығыс моншасы құрылыстары салынған.

ІҮ. Сабақты бекіту

А) Венн диаграммасы

Ерте орта ғасырда өмір сүрген «Қимақ қағанаты» мен дамыған орта ғасырдағы «Қарахан» мемлекетін салыстырыңдар.

Б) «Тарихи шынжыр» ойыны

9159429559609961212

915-Мемлекеттің негізін қалаған Сатұқ Боғраханның туылған жылы

942-Мемлекеттің құрылған уақыты

955-Мұса билікке келген жыл

960-Ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялаған жыл

996-Насыр ибн Әли Мауараннахрға жорыққа аттанған жыл

1212-Мемлекеттің құлаған уақыты

Ү. Үйге тапсырма

  1. Тақырыпты оқу

  2. Қарахан мемлекетi тұсында салынған сәулет өнepi үлгiлерiне қатысты реферат жазу.

( Мысалы: Айша - бибі, Бабаджа - қатын кесенелері жайында)

ҮІ. Бағалау



© 2010-2022