Сабақ жоспары Шығыстың ғұламалары

Раздел История
Класс 5 класс
Тип Видеоуроки
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні, айы, жылы________________

5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы: §9. Шығыстың ғұламалары.

Сабақтың мақсаты:

● ІХ - ХІІ ғасырларда ғылымның дамуы және сол кезеңде өмір сүрген Қазақ жерінің ғалымдары туралы, олардың ғылымның дамуына қосқан үлестері туралы оқып білу.

● Тарихи тұлғаға мінездеме беріп, оны өз ойымен корытындылай білуге дағдыландыру. Тарихи тілмен сауатты сөйлеуге үйрету. Ғылымға дұрыс баға беруге дайындау.

● Біртуар ғалымдардың бойындағы жақсы қасиеттерді, үлгіні оқушылардың өз бойларына қалыптастыруға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: баяндау, сұрақ - жауап

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

● Оқушылармен сәлемдесу.

● Оқу құралын түгелдеу.

● Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1. Түрік қағанаты қалай құрылды?

2. Қай қағандардың тұсында Түрік қағанаты гүлдену шегіне жетті?

3. Ежелгі түркілердің өзіндік жазба мәдениеті болғандығын растайтын жазба ескерткіштерін атаңдар.

4. Түрік қағанатының екіге бөлінуіне қандай жағдайлар себеп болды?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

1. Әл - Фараби.

2. Жүсіп Баласағұни.

3. Махмуд Қашқари.

4. Қожа Ахмет Йасауи.

5. Ахмет Йүгнеки.

Шығыстың ғұламалары.

Әл - Фараби (870 - 950 ж.) Қазақстанның ғана емес, бүкіл Орта Азия халықтары мен әлемнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы, ойшылы, ғалымы болып есептелінеді. Әл - Фараби қазіргі Түркістан алқабының Фараб аймағына қарайтын Отырар қаласында дүниеге келген. Отырар қаласы V - XV ғасырларда маңызды сауда, ғылым - білім орталығы болды.

Әл - Фарабидің толық аты - Әбу Наср Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Узлағ Тархани. Әкесі қыпшақ ұлысының атақты әскер басшысы болған. Жастайынан талапты, оқу - білімді жетік меңгерген. Тәрбиешілері, ұстаздарының алдында зеректігімен көзге түскен. Ол оқу - білім іздеп шетелдерге сапар шегеді. Бұхара, Самарқан, Шам, Мысыр, Александрия т.б. шаһарларды, араб - парсы елдерін түгел аралаған.

Жүсіп Баласағұни (1021 - 1075 ж.) толық есімі - Жүсіп Хас Хажип. Баласағұн қаласында дүниеге келген. Ол XI ғасырдағы аса көрнекті тарихи және әдеби шығарма «Құдатғу біліктің» («Құт негізі - білік») авторы. Автор еңбегін Баласағұнда бастап Қашғарда аяқтаған. Бұл еңбек Сүлеймен Арслан ханға сый ретінде тартылған. Аталмыш дастан түркі тілінде жазылған алғашқы шығарма.

Махмуд Қашғари (1030 - 1090 ж.) - Қашғардан шыққан ғұлама ғалым. Араб тілін жетік меңгерген ол білімді Қашғарда, кейіннен Орта Азия мен Иран қалаларында алған. 1074 жылы ол атақты «Диуани лұғат ат - түрк» («Түрік тілдерінің сөздігі») еңбегін жазды.

Қожа Ахмет Йасауи (1103 - 1167 ж.) - атақты ойшыл әрі ақын. Алғаш өз бетінше мұсылманша білім алып, кейіннен Бұхара қаласында білімін жетілдірген. Қазақстан жерінде мұсылман дінің таратуға атсалысқан. Сол кездегі поэзияның сопылық бағытының негізін қалаған тұлға. Оның түрік тілінде жазған «Диуани Хикмет» («Даналық кітабы») атты шығармасы адамзатты адалдыққа, имандылыққа, рухани тазалыққа шақырады.

Ахмет Йүгнеки - Қарахан дәуірінде өмір сүрген ақын. Түркістан өңіріндегі Жүйнек (Йугнек) қаласында дүниеге келген. Ақынның бізге жеткен еңбегі - «Ақиқат сыйы». Түрік тілінде жазылған бұл шығармада адалдық, шыншылдық насихатталады. Осы еңбегімен ол сол кездің өзінде - ақ «ақындардың ақыны» атанған.

ІҮ. Сабақты бекіту:

  1. Әл - Фараби қай қалада дүниеге келген?

а) Отырар ә) Испиджаб б) Тараз в) Йасы

2. Қожа Ахмет Йасауи кесенесі салынған қала:

а) Отырар ә) Сығанақ б) Түркістан в) Баласағұн

Кестені толтырыңдар.

Шығыстың ғұламалары

Ғұламалар

Туған жері

Еңбектері

Еңбектерінен не туралы мағлұмат аламыз




Ү. Бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма: 9 параграфты оқу, мазмұндау, кестені толтыру.



© 2010-2022