- Преподавателю
- История
- Макала: Орыс тілінің үстемдігі қалай орнады
Макала: Орыс тілінің үстемдігі қалай орнады
Раздел | История |
Класс | 11 класс |
Тип | Статьи |
Автор | Батырбекова А.Қ. |
Дата | 02.01.2017 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
Орыс тілінің үстемдігі қалай орнады?
1822 жылы Ресей патшасы қазақ халқының хандық басқару жүиесін бұзып , мемлекетімізді бөлшектеп, әр ру тайпаны болыстар мен аға сұлтандар басқаратын жүие енгізді. Кіші жүз халқы Орынбордың Орта жүз - Омбының генерал -губернаторлығына бағынышты болды. Дәулетті қазақтың балалары аталмыш қалалардағы орыс мектептерінде білім алуға көшті.
1860 жылдары орыс әскерлері Ұлы жүз жеріне ойран салды. Верный бекінісін салды (Генерал Колпаковский) , Әулиеата мен Түркістан қалаларын қантөгіспен басып алып, Оңтүстіктің халқын Ташкент генерал -губернаторының қол астына қаратты. «Туркистанский ведомости» деген газет ашып қазақша бөлімін қосты.
1907 жылы Столыпин реформасы бойынша , қазақ жеріне орыс мұжықтарын жаппай көшіріп, өз жерінде 81 пайыз болған қазақ халқының демографиясы 65 пайызға төмендеді.
1919-1921 жылдардағы ашаршылықтан 1,5 миллиондай қазақ қырылса ,1932-1933 жылдары малын күштеп тартып алғаннан кейін болған ашаршылық зұлматынан 2,5 миллионға жуық қазақ қырғынға үшырады да 1 миллионнан астамы шетел асты.
1937-1938 жылдары 125 мыңдай зиялы қазақ халқы «халық жауы» ретінде атылса 1941-1945 жылдары соғыста жарты миллиондай боздағымыз оққа ұшты.
Осылайша , жергілікті халықтың санын 37 пайызға дейін күрт азайтып жіберу туралы демографиялық саясат жүргізілді. Нәтижесінде орыс тілінің үстемдігі орнады.