Ашық сабақ на тему Ата заң - болашақ кепілі

Раздел История
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мен және жанұям (тренинг сабақ)

Гүлназ 24 наурыз 2014 17921 0

0

Мақсаты: Ата - ана мен баланың арасындағы қарым - қатынстың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету. Оқушылар мен ата - анасының арасындағы қарым - қатынасты нығайта түсу. Сондай - ақ, «мектеп - ата - ана», «оқушы - ата - ана» байланыстарын бір жолға қою.

Күтілетін нәтиже: бала мен ата - ананың арасында жылылық орнату.

Тренинг жоспары:

2. «Біз біргеміз!» жаттығуы

3. «Идеалды отбасы» жаттығуы.

4. «Сіз балаңызды білесіз бе?» жаттығуы.

5. «Жалғасын тап» ойыны.

6. Қорытынды.

Барысы:

1. Кіріспе сөз. Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - баланың ата - анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл - жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.

Бала - ата - ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін,» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған.

Бала тәрбиесі - қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.

Ата - аналардың жастығы мен бала тәрбиесіндегі тәжірибенің жоқтығы, болмаса тәрбие жұмыстарында тек қана өз ойлары мен көзқарастарына ғана жүгінуі немесе қажетті педагогикалық білімдерінің жетіспеушілігі салдарынан тәрбие процестері көптеген қателіктерге ұшырап отырады.

Сондықтан да мектеп өміріндегі ата - аналардың педагогикалық білімін жетілдіру, мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіне белсене араластыру, соның нәтижесінде ата - ананы баланың алғашқы ұстазына айналдыру мақсатында ұйымдастырылатын тренинг - сабақтардың маңызы орасан зор.

2. «Біз біргеміз!» жаттығуы.

Мақсаты: Отбасындағы қарым - қатынасты нығайтуға өзара түсінушілікте ата - аналар мен балаларға қолдау көмек көрсету.

«Қолынан танып біл!»

Көздері байлаулы аналары баласын тауып алуы керек.

Талдау:

1. Сізге балаңызды табуға не көмектесті?

2. Балаңыздың қолынан ұстағанда не сезіндіңіз?

3. «Идеалды отбасы» жаттығуы.

Жеткіншек жастағы балалар идеалды отбасын қалай елестетеді? Онда ата - аналар қандай қызмет атқарады? Жеткіншектердің балаларды «дұрыс» тәрбиелеу, «жақсы» балалар жайлы түсініктері қандай? Ата - аналардың олардан не күтетінін қалай түсінеді? Бұл тақырыптарды тек талқылауға ғана емес, сурет түрінде бейнелеуге болады.

Кіші жеткіншектер идеалды отбасын ата - аналарының балаларына деген махаббатымен түсіндіреді. Олардың пікірінше, махаббат дегеніміз баланың қалағанын сатып әперуде, ештеңеге қарсылық көрсетпеуден тұрады. Ал бала барлық уақытта ата - анасын тыңдайды, айтқан нәрсенің барлығын істейді. Ата - аналары өз балаларын ешқашан жазаламайды.

4. «Сіз балаңызды білесіз бе?» жаттығуы.

Аналар мен балаларға қаламсап пен ақ парақ беріледі. Сұрақтар қойылады. Сұраққа балалар өздері туралы жауап берсе, ал аналары баласы туралы жауап жазады. Содан соң ана мен баланың жауаптары салыстырылады. Екеуінің жауабы қаншалықты сәйкес келсе, анасы баласы туралы соншалықты білетіндігі анықталады.

Сұрақтар:

1. Балаңыздың аты - жөні...

2. Балаңыздың ең жақын досы...

3. Сүйікті пәні...

4. Сүйіп тыңдайтын әні...

5. Сүйікті тағамы...

6. Жақсы көретін түсі...

7. Көзінің түсі...

8. Аяқ киімінің өлшемі...

9. Шаршағанда не ашуланғанда демалатын орны...

10. Жақсы көретін мұғалімі...

5. «Жалғасын тап» ойыны.

Ойын барысында 4 сөз беріледі: «Ана», «Бала», «Асығу» және «Дана». Осы сөздері қолдана отырып өлең шумағын құрастырамыз.

Талдау: өлең шумағын бір - бірден оқып талдайды.

6. Қорытынды: Мәселен, мен былай құрастырдым:

Бас иеді барлық адам - АНАҒА,

Жақсылықты ол тілейді - БАЛАҒА.

Мақсатына жеткізуге АСЫҒЫП,

Өз баласын теңейді ол - ДАНАҒА. - деп бүгінгі «Мен және жанұям» атты тренинг - сабағымызды аяқтаймыз, келесі кездескенше сау болыңыздар!



Сабақтың тақырыбы: Мен және менің отбасым

Сабақтың мақсаты: А) Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру;

Ә) Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетін білім, өзіндік ұлттық қасиетімсізід балалардың бойына дарыту;

Б) Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, сыпайы, инабатты болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, оқушыны шығармашылығынан тұратын көрме, отбасы туралы слайд, мультимедиа.

Барысы:

І. Құрметті ұстаздар, ата-аналар!

«Мен және менің отбасым» атты тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер.

ІІ. Алдымен балалар сабағымызды бастамас бұрын мынандай ойын ойнап жіберейік. Бұл ойынды мынадай жұмбақтар шешу арқылы ойнаймыз

  1. Әкелеріңнің әкесі сендерге кім болады?

  2. Әкелеріңнің анасы кім болады?

  3. Отбасының тірегі кім?

  4. Үйдегі алтын қазық кім?

  5. Өзі әкенің ізін қуатын, ал өзінің ізін артындағыларға қуғызатын, әке жоқ кезде әке орнына әке рөлін атқаратын кім?

  6. Ағадан кейін өмірге қыз бала келсе кім дейміз?

(Әр жұмбақтың шешуіндегі адамдарды тақтаға іліп, отбасы сөзін шығару)

ІІІ. Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласын шыр етіп дүниеге келген күннен бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді.

Отбасы-адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Балапан қыран болу ү.шін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған. Әр отбасында ата-ананың орын бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке-шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Әйел-отбасының ұйытқысы. Баланы өсіріп тәрбиелеу-әйел-ананың тікелей міндеті.

ІV. Балалардың отбасы туралы жыр шумақтары:

1-оқушы Роллан

Бала,бала, бала деп

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянған.

2-оқушы Шыңғыс

Атамның ән-күйі ғажайып

Әжемнің әлдиі ғажайып

Анамның мерейі ғажайып

Әкемнің пейілі ғажайып

Осындай жақсы әдет ғажайып

Қалмасын ешқашан азайып.

3-оқушы Айдана

Әке деген-биік шыңы адамның,

Әке деген-тірегі ғой ғаламның.

Әке деген-бойында аққан қаның да,

Шыққан тегің, ол-негізің, жаның да.

Не десеңде әке жолы бір бөлек,

Қайда жүрсең қолтығыңнан тұр демеп.

4-оқушы Рахима

Бойға қуат береді.

«Әй, жарайсың» дегені

Мен әкемнен әр кезде

Соны естігім келеді.

5-оқушы Аружан

Әкем шытса қабағын,

«Байқа, балам» дегені

Алған көп-ақ сабағым

Жақсы көрем мен оны.

6-оқушы Бақытжан

Сабағымнан қалмаймын

Бес аламын бәрінен

Озат оқып әрдайым

Қуантамын әкемді

7-оқушы Аян

Ойнаймыз, күлеміз

Жарқылдап жүреміз

Әкені сыйлаймыз

Айтқанын тыңдаймыз.

8-оқушы Айдана

Ана деген - өмірдің мөлдір кәусар бұлағы,

Ана деген - тіршіліктің шұғылалы шуағы.

Ана деген - теңдесі жоқ ұлылық,

Көз алдымда тұлғаң биік тұрады.

9-оқушы Адалхан

«Балам аман болсын» деп көз ілмеген,

Қуат алдың, анажан, өзің неден?!

Адамдардан жақсылық күте алмаймын

Ана жүрек мейірін түсінбеген

10-оқушы Бақдәулет

Әжемнің саясында ер жетіп мен,

Аялы ақ бесікте тербетілген

Әжемдей ақ ниетті абзал жанды

Таппаспын айналсам да жер бетінен

11- оқушы Бақытжан

Ер жетіп есейгенде балапаны

Арайлап атады екен дала таңы

Иіскеп маңдайымнан сипалайтын

Қымбат қой әжелердің алақаны

12- оқушы Ғазиза

Дүниенің жарық күні-анамыз

Жарық күннен қуат алған санамыз.

Ұлы болсақ-анаменен ұлымыз,

Дана болсақ-анамене данамыз.

Өмірге мына бізді ала келген,

Дүние қымбат екен анаменен

V. Ән: «Асыл әжем»

VІ. Отбасы туралы мақал-мәтелдер

  1. Ата-асқар тау, ана-бауырындағы бұлақ, бала-жағасындағы құрақ.

  2. Ұлың-қымбат, немерең-ыстық.

  3. Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер

  4. Ата-бәйтерек, бала-жапырақ

  5. Балалы үйдің еңсесі биік.

  6. Ұлы бар үйде қуат бар, қызы бар үйде шуақ бар.

VІІ. Оқушылар шығармашылығынан тұратын «Менің отбасым » тақырыбындағы көрмемен таныстыру. Оқушыларға шығармаларын оқыту.

VІІІ. Жалғыз-дара өзіңсің

Атасының көзісің,

Әжесінің сөзісің

Аппақ мөлді сезімсің

Мен барымды аяман

Ботақаным, сен үшін- деп, үнемі балапандарының маңдайынан сүйіп, еркелететін арамызда ата-аналарымыз отыр. Ендеше, қонаққа келіп отырған ата-аналарымызды ортаға шығарып, бірнеше ойындар ойнасақ.

Бірінші ойын: «Гүл бейнесін келтіру»

-Бала-әр ата-ананың болашағы. Ол-оның өмірінің жалғасы деп жатады халқымыз. Олай болса сіздер үшін бала деген кім? Осы сұраққа бір-бір жауапты мына гүлдің жапырақтарына жаза отырып, бір гүлдің бейнесін құрап шығаруларыңыз керек (Аналардың жауабы: бауыр етіміз, болашағымыз, үміитіміз, сүйенішіміз, мұрагеріміз, ізбасарымыз…)

Екінші ойын: «Біз екеуміз бірге…»

-Бұл ойында ата-ана баласымен бірге үнемі не істейтіндері жазуы тиіс. Мысалы: біз екеуміз бірге сабақ оқимыз, біз екеуміз бірге сурет саламыз, біз екеуміз бірге ойнаймыз т.б.

Үшінші ойын: «Сезім гүлі»

-Бұл ойында мұғалім ұсынған жауқазынға ата-ана өз баласын қалай жақсы көретінін жазу және дауыстап айтып баласын шақырып беру керек.

ІХ. Оқушыларға арналған ситуациялық жағдайлар:

  1. Ата-анаңды мектепке шақырса үнемі келмейді, сол үшін ұстазың саған

ренжиді. Осындай жағдайда сен не істейсің?

  1. Сенің досың шамалы бұзықтау бала. Бұған ата-анаң «Досына қарап

өзін таны» деп, мына жолдасың маған ұнамайды, онымен бірге жүруді қой деді. Не істер едің?

  1. Анаң жұмысқа кетер алдында «Балам, менің бүгін жұмыстағы ең ауыркүнім, кешігіп келемін. Ал сен мен келгенше үйді жинастырып, шай тамағымды дайындап қой!»-деп бұйырып кетті. Сен болсаң кешке дейін далада ойнап дәл анаң келер уақыттан 15 минут бұрын ғана үйге кірдің. Ешнәрсеге үлгере алмадың. Осы кезде есіктің қоңырауы соғылды. Не істейсің?

Х. Ата-аналарға сауалдар:

1. Сіздің балаңыз-озат оқушы. Үй шаруашылығымен айналысқанды жек көреді, ештеңе істегісі келмейді. Оны қызықтыру үшін не істейсіз?

2. Қызыңыз кешкі астан кейін ыдыс жууы керек. Оның орнына қозғалмай теледидар көріп отырып алды. Қандай әрекет қолданасыз?

3. Балаларыңыздың теріс әрекеттері үшін қалай жазалайсыз?

ХІ. Көрініс: «Ананың жүрегі»

ХІІ. 13-оқушы «Ұлыма сыр» Гүлсезім

Екі нәрсе қадірлі тірі адамға,

Сол екеуі мәңгілік дос дер едім.

-Не дейсің ғой, айтайын:

-Бірі-Анаң да,

Бірі-Отаның туған жер, өскен елің!

Осы екеуі-бақытың, үміт таңың

Осы екеуі-ашатын жігіт бағын

Дүниеде бар нәрсе өзгермелі,

Осы екеуі-мәңгілік ұмытпа ұлым!

Осы екеуін әрқашанда пәк түсін де,

Осы екеуін арманым, ақ құсым де!

Өз арыңды лайлап алмау үшін,

Осы екеудің арына дақ түсірме!

Биіктер көп, бәрінен ғасыр биік,

Бермес саған ол бірақ жасын қиып

Қуансаң да, мұңайып қайғырсаң да

Осы екеуге тағзым ет, басыңды иіп.

ХІІІ. Қорытынды

Тақтадағы алтын түстес ағашқа әр оқушы отбасы туралы түйін сөздерін немесе отбасын қалай жақсы көретіндіктерін, отбасын қалай құрметтейтіндіктерін бір-бір сөз арқылы алтын жапырақтарға жазып іледі. Яғни «Отбасы-алтын діңгек» екенін дәлелдейді.

Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»

Әкем біреу, анам да біреу менің

Мен жығылсам сүйенер тілеулерім

Олар барда мереке

Көрген емес қабақтарын, шытқанын, түнергенің

Менің досым әкесін жек көреді

Бізбен ісі жоқ оның деп сөгеді.

Жамандайды, сыртынан тістенеді.

Бір-біріне бітпейді өкпелері

Дос тапса да адамдар, тапсадағы

Әке жалғыз табылмас ақшаға да

Жамандасаң әкеңді саған әкеп

Жақсы әкесін береме басқа бала

Әке білек, саусағы балалары

Қан тамырымен жалғасқан аналары

Ана тамыр бойымен беріледі

Тіршіліктің жылуы таралады



Сабақтың тақырыбы: «Мен және менің отбасым»
Мақсаты: Оқушыларға «Отбасы» туралы, оның құндылығы туралы түсінік беру. Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, ата - ана алдындағы парызын өтеуге, жанұяның мақтанышы болуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Отбасының қоғамдағы орны туралы біледі.
Тапсырмаларды орындауда сындарлы ойлайды, ізденеді, ой түйіндейді.
Өзін және сыныптарын бағалайды.
Түйінді түсінік: Отбасы, адамзат, қоғам.
Керекті жабдықтар: Интербелсенді тақта, компьютер, флипчарт, смайликтер, бәйтеректің суреті және көбелек, алма стикерлері, рефлексия парағы, «Перзент парызы» видеоклипі, «Мерейлі отбасы» байқауының үзінділері
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: Топтық жұмыс: ой бөлісу, бағалау әдістері, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңдері: Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе Оқушылармен амандасу, түгендеу.
- Оқушылар, көңіл-күйіміз қалай? Сабағымызды бастамас бұрын барлығымыз шаттық шеңберіне тұрайық.
- Біз неге шеңберге тұрып, сабақты бастадық?
Шеңбер - бұл әлемдегі мейірімділік, жақсылық. Шеңбер арқылы - бір - бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз.
Ойсергек: «Сәлемдесу»
Шеңберде тұрып оқушылар бір-бірімен сәлемдеседі. Мысалы:Салем! Сәлеметсің бе? Есен-амансың ба? Қалайсың? Ні Т.б
Топқа бөлу: Оқушыларды Отбасы, ата-ана туралы мақал-мәтелдер арқылы топқа бөлу.
- Балалар, біз неге осы сөздер арқылы бөліндік?
Мақал-мәтел қиындылары:
«Әке-асқар тау, ана-бұлақ, бала-жағасындағы құрақ»
«Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі»
«Отбасы-адамзат бесігін тербеткен ұя» Оқушылар мақал-мәтелдерді құрастыру арқылы 3 топқа бөлінеді.






Тұсаукесер -Отбасы дегеніміз не? Қалай түсінесізіңдер? Отбасы қандай болуы керек?
Отбасы туралы пікірлерін ортаға салу.



-Бүгін біз бір ғажайып әлем туралы сыр шертеміз. Қалай ойлайсыздар ол қандай әлем болуы мүмкін. Ол сіздер өскен шағын мемлекет, яғни жанұя бірлігі, ынтымақтастығы, достығы, өзара сыйластықтары.
Сыйластық, жарастық орнаған орта; шағын мемлекет;ата-әже, әке-шеше; қоғамның басты негізі; бала тәрбиесінің алғашқы ұжымы; адам ғұмырының тірегі.
Отбасы әр адамның шағын отаны.Отбасынды өсіп-өніп тәрбие алады. Біз жастаймыздан өзгелерге қамқор болуды, ата-ананы үлкендерді сыйлауды, жақсы көруді отбасынан үйренеміз. Бізге ең жақын ең қымбат жандар отбасында яғни бірге жанымызда болады. Отбасы ата -әженің ұрпағынан тарап, шағын мемлекетке айналады.
Отбасы- Бірге тұратын, бір -біріне қамқорлық жасайтын және ортақ шаруашылық жүргізетін бір үйдің адамдары.
Ата-анамыз біздің тұрмысымыз жақсы болуы үшін еңбек етеді.
-«Батыр ана» қалай түсінесіңдер?
Көп баланы дүниеге әкелген ананы- Батыр ана деп атаймыз.
Көп бала өсірген аналарға «Күміс алқа», «Алтын алқа» беріледі.
Ауыл бойынша Алтын алқа, күміс алқа алған аналалар туралы мәліметті мониторинг арқылы көрсету.
Ойланып дәптерге түсіріп, анықтама береді, жауап береді.
Топтардағы әр оқушының пікірін тыңдау.

Интербелсенді тақтаға келіп жазады
- ойланады;
- естеріне түсіреді
-мысалдар келтіреді.


Негізгі бөлім 1-топ: «Отбасы татулық негізі» атты постер жасайды.
2-топ: «Әке- алтын діңгек»
3-топ: «Отбасы бақыты-ел бақыты»
Осы тақырыпты ашу үшін әр топқа флипчарт,бояулар беріледі, әр топ мүшесінің ойын осы қағазға түсіруін сұраймын және постерлеріңіз эстетикалық жағынан да, мазмұны, көркемделуі жағынан да жақсы болуы тиіс.
Қыркүйек айының бірінші жексенбісі «Отбасы күні» болып белгілендігін және Астана қаласында өткен «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы, біздің облыстан қатысқан Сәндібековтар отбасы туралы мәлімет беру.
Көрсетілім: «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қорытындысы.
Көрсетілім: Орал қаласындағы қарттар үйі мен балалар үйінде тәрбиеленушілер туралы статистикалық мәліметтер келтіру.
«Өзімнің жанұям туралы айтып берейінші...» (алдын ала үйге берілген тапсырма негізінде топ ішіндегі оқушылар өз отбасы туралы слайд не бейне таспа арқылы әңгімелейді) Жантолы Н, Тусип И, Есекеш Н.
Видеоклип: А.Жорабаеваның «Перзент парызы».
Осыдан кейін оқушылар төмендегідей тапсырмаларды орындайды.
1-топ: «Менің бақытты жанұям» тақырыбында эссе жазады.
2-топ: Венн диаграммасы: Отбасы және мектеп
3-топ: 5 жолды өлең.
Әр топқа тақырып төңірегенде мәтіндер беріледі.
Әр топ тақырыптың мазмұнын, тақырыбын, идеясын, тәрбиелік мәнін ашу мақсатында жоба құрады, қорғайды. Жұмыстану үшін топ басшысын сайлап алады. Әрбір топтан шыққан 3 көшбасшыны қалған топтар формативті: «басбармақ», «бағдаршам», «2 жұлдыз бір тілек» арқылы бағалайды.
Қорытынды «Жақсы тілек - менен» әр оқушы көбелекке, алмаға тілек жазып, тақтадағы «Тілек ағашына» қондырады.
Кері байланыс парағын толтыру.
Кері байланыс парағы:
Бүгін мен сабақта білдім (нені)?
Бүгін мен сабақта үйрендім (неге?)
Бүгін мен үшін күтпеген нәрсе болды (не?)
Оқушыларға жаднама таратып беру.
Үйге:
«Біз бақытты жанұямыз!» тақырыбында сурет салу
«Отбасы ағашы» (отбасыңның шежіресін құру) «Тілек ағашына» оқушылар алмаға, көбелекке ата - аналарына тілектері немесе шығарған өлеңдерімен, тәрбие сағатынан алған әсерлерімен бөліседі.












Ұлағатты сөздер

Ата-ананы ұмытқан жас - опасыздың опасызы, рахымсыздың рахымсызы.
(Ғ. Мустафин)
Баланың жақсысы - қызық, жаманы -күйік
(Абай)
Ата-ананың қадірін білмеген - халық қадірін білмес
(Ғ. Мустафин)
Ата-бабасын сыйламау - азғындықтың белгісі
(А.С.Пушкин)
Баланың бас ұстазы - ата-анасы.

Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.

Атаңа ауыр сөз айтпа,
Атыңа ауыр жүк артпа.

Анадан артық дос бар ма,
Ашудан артық қас бар ма?

Ата-анаңның қадірін - балалы болғанда білерсің,
(халық мақалы)




Жаднама: «Ата-анам - ардақтым!»

Ата-анаңды өмір бойы сыйла!;
Ата-анаңа ауыр сөз айтпа;
Ата-анаңның қателігін бетіне баспа;
Өзгелердің ата-анасымен салыстырма;
Оларды қалай жақсы көретініңді жиі айтып отыр;
Күнде таңертең амандас;
Үй шаруасына қолғабыс ет;
Алыста жүрсең жиі хабарласып тұр;
Ата-анаңа жаманат келтірме;
Өзің есейгенде рухани, материалдық жағынан қарасып тұр!;
Ата-анаңның достарын сыйла;
Қартайған шақтарында көңілдерін аула!;
Ауырып-сырқағанда қабақ шытпай бақ!;
Олар қандай жағдай да сен үшін «ең асыл жандар» екенін ұмытпа!



Тақырыбы: Мен және менің отбасым
Мақсаты: Балаларға отбасының өте қымбаттылығын, қажеттілігін, бағалы байлық екенін
түсіндіру.
Өз ойларын ортаға салып, еркін жеткізе білуге дағдыландыру. Шығармашылық
қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.
Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, еліміздің жақсы
азаматы болып өсуге, жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Айналаны қоршаған орта әліппе-дәптер, күлімдеген күн, түнерген бұлт,
интерактивті тақта, музыка, жүрек, бейне таспа
Әдіс -тәсілдері: шаттық шеңбері, түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау,өлеңдер
Білім салаларының байланыстылығы: қатынас, математика, музыка, өзін-өзі тану
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің
іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Дәлелдеу -
ояту Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті амандасып алайық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Барша жанды құрметтеп
Бас иеміз біз. Балалар қонақтармен амандасады
Ұйымдастыру іздену - Қане, балалар қолымдағы тұрған күнді біз мейірбан, жан-шуағын төгетін құдіретті ананың біріне теңесек, біз оның жүрегіндегі көлеңке сезімін сейілтейік, ол үшін бетіндегі түнерген бұлттарды ашайық.
ІІ. Өткенге шолу
1-бұлт
- Бір жылда неше мезгіл бар?
- Бір мезгілде қанша ай болады?
2-бұлт
- Күз мезгілінің айларын кім айтады?
- Алтын күздің ерекшеліктері неде?
- Кім күз туралы өлең біледі
3-бұлт
- Қыс мезгілінде қандай айлар бар?
- Қыста табиғат қалай өзгереді
- Кім қыс туралы өлең айтады?
4-бұлт
- Көктемнің айларын атап шығыңдар
- Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Кім көктем туралы өлең біледі?
5-бұлт
- Жаз мегіліне қандай айлар жатады?
- Жазда нелер піседі?
- Кім күз туралы өлең айтады?
ІІІ. Күн ашылды
Күлімде, күн күлімде!
Бүлдіршіндер қуансын.
Қырдың қызыл гүліндей,
Қолдарына ту алсын!
Осы жарқыраған күн мейірімін, жан шуағын төксе, адамгершілікті, мейірімділікті, жылы сөздерді кімнен аласыңдар?
-Дұрыс айтасыңдар балалар анадан, әкеден, атадан, әжеден, ағадан...
- Олай болса, балалар, бүгін біз «Мен және менің отбасым» тақырыбында әңгімелейміз.
Суреттегі отбасы мүшелерін ата?
Кімнің немен айналысып жүргенін айтып бер?
Ой шақыру. Күн шуғын толтыру
апа ата іні
ана сіңілі
әке әже аға
«Туыстық атаулар» атты бейне көріністі тамашалау Балалар, бүгін біз ата- аналарымыз, туыстарымыз, бауырларымыз жайлы айтамыз. Ешкім де туысқан - туғансыз, ағайынсыз емес. Кім болса да, адамнан тараған, сонысымен ол көп жапырақты, көп тамырлы ағашқа ұқсайды. Туыстар дегеніміз - сол бір түбірден өскен, бір ағаштың бұтақтары тәрізді. Сол себептен біздің ата- бабаларымыз « Туысым - түп тамырым » деп бекер айтпаған.
Сергіту сәті
Бас бармағым - атам
Шаңырақ данасы
Балан үйрек - әжем
Шаңырақ анасы
Ортан терек - әкем
Шаңырақ панасы,
Шылдыр шүмек - анам
Ошақ ажары
Кішкене бөбек - мен
Бәрінің базары
Мінеки, балалар, біздің бес саусағымызды отбасы мүшелерінің аттарын қойып атауға болады екен.
Ойын: «Жүректен жүрекке»

- Сенің отбасында қанша адам бар?
Санап санын жаз?
Б.Серікбаевтің Мен -апамның ай мен күні өлеңін оқу
Апам мені: «Айым!» - дейді,
Мен мұңайсам, уайым жейді.
Апам мен: «Күнім!» - дейді, Мен қуансам, күлімдейді
Сендерді үйлеріңде атаң, әжең,әкең, анаң , тәтең, қалай еркелетеді? Тыңдайды

Балалар жыл мезгілдері туралы
сұрақтарға өз беттерінше жауап береді

Тыңдайды

Балалардың жауабы

Суретке қарап әңгімелеп беруді үйренеді

Ата,әже, әке, ана, аға, апа, іні деп өздері тақтаға жазады

Балалар бейне көріністі тамашалайды.
Сергіту жаттығуын қимыл-қозғалыспен орындайды.

Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.
Отбасында қанша адам бар екенін санап айтып жүрекке санын жазып тақтаға жапсырады
Балалар өлеңді мұқият тыңдайды

Отбасы қалай ерке-лететінін айтып береді.

Рефлекс түзету Қорытынды
Туысқандық парыз - ағайын - туысқанға бір әулеттің жалғасымыз деген сезіммен қарау, соған лайық жақындық жасап, ілтипат көрсету, жиі барып тұру, хал - жағдайын сұрасып, қажет жәрдем көрсету, қуаныштарында құттықтап тұру. Солай еткенде әр туыстың отбасы сәулетті, берік те бекем , берекелі болмақ.
-Бәрімізде, балалар, ата-анамыздың құшағында
бақытты өмір сүріп жатырмыз.
-Әрқашан аспанымыз ашық болып, күніміз
жарық болып ата-анамыз әрдайым қасымызда болсын. Олай болса «Әрқашан күн сөнбесін!» әнін бәріміз бірге айтайық.
Мадақтау

Балалар әнді ұйымшылдықпен орындайды.
ҰОІӘ-не жақсы қатысқан балалар мадақталады.

Күтілетін нәтиже:
Білді: Балалар отбасы мүшелерін бір-біріне туыстық қарым-қатынасын
Игерді: Суретке қарап әңгіме айтуды, қойылған сұрақтарға толық жауап беруді өз ойларын
еркін жеткізе білуді
Меңгерді: «Мен және менің отбасым» тақырыбын түсініп, ойларын нақты жеткізе білуді



© 2010-2022