Ғарышты игеру 5 класс

Күні: 28.04.2015 ж Пәні :Қазақстан тарихынан әңгімелер Сыныбы:5 «Ә» Сабақтың тақырыбы Ғарыштыигеру Мақсаты XX ғасырдың екінші жартысындағы адам баласының ғарышты игерудегі жетістіктері, оның ғылыми маңызы жайында оқушыларға білім беру. Сілтеме 5 сыныпқа арналғаннұсқаулық Оқу нәтижесі Ғарышты игеру жайлыбілімдері кеңейеді. Негізгі идеялар ТәуелсізҚазақстанның ғарыш игеруіжайлы түсіндіру Сабақта қолданытынресурстар Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаев, Ю.А.Гагарин портреттері. Бай...
Раздел История
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 28.04.2015 ж


Пәні :Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сыныбы: 5 «Ә»


Сабақтың тақырыбы

Ғарышты игеру

Мақсаты


XX ғасырдың екінші жартысындағы адам баласының ғарышты игерудегі жетістіктері, оның ғылыми маңызы жайында оқушыларға білім беру.

Сілтеме

5 сыныпқа арналған нұсқаулық

Оқу нәтижесі

Ғарышты игеру жайлы білімдері кеңейеді.

Негізгі идеялар

Тәуелсіз Қазақстанның ғарыш игеруі жайлы түсіндіру

Сабақта қолданытын

ресурстар

Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаев, Ю.А.Гагарин портреттері. Байқоңыр ғарыш айлағының және планеталар суреті.

Оқыту әдістері


Портреттер сөйлейді,тірек-сызба,ойлан.бірік.бөліс,тарихи диктант,кесте, құмырадағы идея, карта

Дереккөздер

5 сынып оқулығы, интернет материалдары

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

Сабақ барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Оқушыға

психологиялық

ахуал туғызу

Оқушылардың көңіл - күйін дамытуға арналған психологиялық жаттығу жасатады.Геометриялық фигуралармен топқа бөледі. Топ басшысын сайлайды.

Оқушылар тренингке қатыасады. Топқа бөлінеді. Топ басшысын тағайындайды.

Үй тапсырмасын сұрау

«Портреттер сөйлейді» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрайды.

  1. Ғылыми жетістік деп нені айтады?
    2. Қазақстанда ғылымның дамуы қандай дәрежеде болды?
    3. Мәдениет пен өнердің дамуына баға бер? сұрақтарға жауап жинауды береді

Тақтаға әр топтан бир спикерден шығып, өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

Формативті бағалау (қол шапалақ)

Жаңа тақырып

«Ойлан.Бірік.Бөліс» әдісі бойынша тақырыпты оқуға, талқылауға береді.

  1. Ғарышқа алғашкы қадам.
    2. Қазақ ғарышкерлері.
    3. Ғарышты игерудің маңызы.

«Тірек-сызба» әдісі арқылы түсіндіруді тапсырады.

Мәтінді жеке-жеке оқиды, топта талқылайды.

«Тірек-сызба» әдісі арқылы түсіндіреді.

Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс

Кесте толтыруды тапсырады

Ғарышкелер

Дүниеге келген жылы

Ғарышқа ұшқан жылы


Сыныптағы үлгерімі төмен оқушылар кесте толтырады.

Форматив

ті бағалайды.

Сергіту сәті

Көз жаттығуларын орындатады.

Көз жаттығуларын орындайды.

Бекіту

«Тарихи диктант» жазуды тапсырады

1.Ғарыш- .... тілінен аударғанда ,.......,......

деген мағананы білдіреді.

2.О.Сүлейменотың поэмасы «…… ….., …….!»

3.Ғарыш кемелері Қазақстанның ........ .....

Айлағынан ұшады.

4.1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан «.......»

кемесімен ғарышқа ұшты.

5.Т.Мұсабаев.1991 жылы «..... -.......»біліктігін алып шықты.

Әр топ топпен бірлесіп, тарихи диктант жазады.

Басмармақ

Қорытындылау

Қазақстанның өз жерінде әлемде теңдесі жоқ ғарыш айлағы болса да көп уақыт ғарышқа ұшу қазақ баласына бұйырмады. Бұл әрине коммунистік саясаттың кесірі. Тек қана еліміз тәуелсіздік алған соң ғана мұндай мүмкіндікке қол жеткіздік.
Енді сол ғарыш көгіне самғаған қазақ азаматтары жайлы айта кетемін.
1. Тоқтар Әубәкіров - 1991 жылы 2 қазанда алғаш рет ғарышқа ұшты.
2. Талғат Мұсабаев - 1994 жылы 1 маусымда ғарышқа ұшты. Талғат Мұсабаев үш рет ғарыш көгіне самғады, - деп қысқаша қорытындылайды.

Оқушылар тыңдайды

Форматив

ті бағалайды.

Бағалау

Оқушыларға жиынтық баға қояды

Бағаларын қойдырады.

Жиынтық баға қояды

Үй тапсырмасы:

Тест құрастыруды, мәлімет жинауды береді.

Күнделіктеріне жазып алады

Рефлексия

«Құмырадағы идея» әдісімен рефлексия жаздырады

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін қағазға жазып құмыраға салады. Кейін сол сұраққа өздері жауап береді.Рефлексия жазады


© 2010-2022