Елім деп өтті ерлерім

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Елім деп өтті ерлерім

Сабақтың мақсаты:

  1. Еліміздің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен ерлерді еске алу, олардың жасаған ерлікке толы істері туралы мәлімет беру.

  2. Қосымша деректер арқылы оқушылардың біліктіліктерін дамыту. Оқушылардың жеке іздене білуімен бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.

  3. Отансүйгіштікке, туған елге деген патриоттық сезімдерге тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Ұлт зиялылары мен қайраткерлерінің портреттері. Оқиғаларға байланысты суреттер, слайдтар.

Техникалық құрал: компьютер, проектор.

1-жүргізуші:

Армысыздар құрметті сабағымызға қатысып отырған ұстаздар, қонақтар! Бүгінгі ойын сабағымыздың тақырыбы « Елім, деп өтті ерлерім» деп аталады. Яғни, бұл сабағымыз қазақ қазақ болғалы еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен батыр бабаларымыз бен замандастарымызға арналады.

Елім деп өтті ерлерім







2-жүргізуші

Президентіміз Н.Ә.Назарбаев тәуелсіздік туралы « Қазақстанның тәуелсіздігі бейбіт жолмен келді. Бұл - азаттық үшін алысқан мың-мыңдаған азаматтардың қанының өтеуі. Бұл - бүкіл тарихында өзгелерге қиянат жасау дегенді білмеген халықтың пейілінің қайтарымы» деп жазды.

1- жүргізуші

Тарихымызға көз жіберсек тәуелсіздік үшін, еліміз бен жерімізді сақтап қалу үшін күрескен асыл ерлер бірінен соң бірі көз алдымыздан тізбектеліп өтеді. Ел үшін жанын пида еткен, болашақ ұрпақ қамы үшін күрескен ерлерін еш уақытта ұмытпайды.

2-жүргізуші

Қазақ жері көп шеккен қасіретті

Қазақ ері - өнерлі, өсиетті.

Египетті билеген Бейбарыстың,

Елі-текті, киелі, қасиетті.

1-жүргізуші

Жатыр бүгін жалын боп алыптарым,

Қорған болған елінің елдігіне

Ұрпақтары қаһарман бабалардың,

Тәулсіздік қамалын көрді, міне!

2-жүргізуші

Ал енді ойын барысымен танысып өтсек, ойынға әр командада 4 оқушыдан 2 команда қатысады. Ойын 4 кезеңнен тұрады. Әр команданың өз жанашырлары бар. Әділқазылар алқасын сайлаймыз. Екі команда өз аттарын таныстырып өтсін.

Елім деп өтті ерлерім







1-жүргізуші

Бірінші кезеңіміз «Өткел» деп аталады. Бұл кезеңде әр команда капитаны жедел 5 сұраққа жауап беру керек.

1-ші команда капитанына сұрақ:

1. Парсы патшасы Кирді талқандаған сақтардың әйел патшасы кім? (Томирис)

2. Қазақ хандығының негізін қалаған Жәнібек пен Керей алғашында өз туларын қай жерге тікті? (Батыс Жетісу, Шу мен Талас аңғарлары)

3. ХVIғ. қай хан тұсында қазақ жерлері кеңейіп,қазақтардың саны 1млн.адамға жетті?(Қасым ханның тұсында)

4. К.Қасымұлы көтерілісін жазғаны үшін айыпталған тарихшы кім?(Е.Бекмаханов)

5.Тентек төре бастаған 1821 жылғы халық көтерілісі кімге қарсы бағытталды?(Қоқан хандығы)

2-жүргізуші

1.80 мың әскерімен Отырар қаласын Шыңғыс ханнан 5 ай бойы қорғаған кім?(Қайырхан)

2.Ш.Уалиханов қандай халықтарды «екі туысқан Орда»деп атады?(ноғайлар мен қазақтарды)

3.ХVII ғ. Соңы мен XVIIIғ. Басында билік еткен және қазақ жерін біріктіріп, елдің басты күшін Жоңғарларға қарсы жорыққа бағыттаған кім?(Тәуке хан)

4.Білектің күшімен, найзаның ұшымен Сайрам, Созақ, Шымкент, Түркістанды қайтарып, ежелгі Түркістанды астана еткен XVIII ғасырдағы хан кім? (Абылай хан)

5. Кіші жүздегі патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы ұлт - азаттық күрестің ең ірісі қайсы және қай жылдары болды? ( С.Датұлы бастаған көтеріліс 1783-1797жж.)

1-жүргізуші

Келесі кезеңіміз «Белес» деп аталады. Онда әр командаға 2 сұрақтан қойылады. Қосымша көмек бар.

1- ші командаға сұрақ

«Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді», «Тұрған жерін тұрақтаған тұғыры берік ел едік, іргемізді ірітпей, бір жеңнен қол шығарып, атам қазақтың абыройын сақтайық» деген кімнің сөзі?

Қосымша көмек: Абылай ханның ақылшысы болған.

Жауабы: Төле би

2-жүргізуші

2-ші командаға сұрақ

«Қорлықта жүрген халқыма

бостандық алып берем деп,

...Қоңыраулы найза өңгердім,

Жетімдерге жем бердім,

Жесірлерге жер бердім» деген өлең шумақтары кімдікі және кімге арналған?

Қосымша көмек: Ол Беріш руынан.

Жауабы: Махамбеттің Исатайға арнаған өлеңі.

Елім деп өтті ерлерім







1-жүргізуші

1-командаға сұрақ

Үшқоңыр тауындағы Бүрген төбесінде патша жарлығына наразылық білдіру үшін Жайылмақ болысының адамдары жиналмақ еді. 3 күнге созылған жиында қазақ шаруалары патша үкіметінің ұлттық және жер саясатын әшкерелеп, шаруашылықтың күйзеліп, тұрмыс жағдайларының нашарлап бара жатқанын ашу ызамен сөз етті. Бұл жиналысты ұйымдастырушы кім?

Қосымша көмек: Ол 73 жаста еді.

Жауабы: Бекболат Әшекеев.

2-жүргізуші

2-ші командаға сұрақ

«Ем таба алмай дертіңе, мен ертеден,

Сол бір қайғың өзегімді өртеген.

Тырп етпейсің бас көтеріп көрпеден

Еңсең неге түсті мұнша, елім - ай?

Түзелесің қашан жұртым, оңалып?

Тіл алмасаң, кетпеймісің жоғалып?

Қайтер едің өткен дәурен оралып,

Жылы жүзбен мойын бұрса елім -ай!»

Бұл кімнің өлеңі?

Қосымша көмек: Ол 1928 жылы тұтқындалып, 1935 жылы Соловецк лагерінде қайтыс болады.

Жауабы: Міржақып Дулатов.

1-жүргізуші

Келесі кезең «Математикалық ойын»

1-ші команданың есептері

1. 4000/2-532=1468 (Әбілқайыр хан қайтыс болған жыл)

2.600*2+270=1470 (Керей хан бастаған қол Түркістанға, Жәнібек пен Созаққа шабуыл жасады.)

3. 2800+105-1500=1405 (Әмір Темір қайтыс болған жыл)

4. 728*2+9=1465 (Қазақ хандығының құрылуы)

2 жүргізуші

2-ші команданың есептері

1.3800/2+91= 1991 (Тәуелсіз Қазақстанның жариялануы)

2. 468*2+924-350=1510 (Мерв түбіндегі шайқаста және Шайбани ханның қаза табуы)

3. 60*20+54/3 =1218 (Отырар опаты)

4.740*2+215-60 =1635 (Жоңғар хандығының құрылуы)

1-жүргізуші

IV - кезең «Асу» деп аталады.

1

2

3

4

5

6

Әр команда 3 терезеден ашады.

1. Ғ. Мүсірепов, М.Ғатаулин, М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, К.Қуанышбаев жазған «Бесеудің хаты» кімге арналған және не туралы жазды?

Жауабы: Ф.И.Голощекинге арналды.

2-жүргізуші

2. Олар «Қарусыз халық үкіметтің жазалау шараларының құрбаны болды» деп кауіптенеді. «Тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар» деп жазды олар 1916 ж.қазандағы үндеу хатында. Мұны жазған кімдер?

Жауабы: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М. Дулатов

1-жүргізуші

3. 1933 жылы наурызда Сталинге ашық хат жазған кім?

Жауабы: Т.Рысқұлов

2-жүргізуші

4.1931-1933 жылдары болған қасіретті жылдар тарихқа қандай атпен енді?

Жауабы: «Ұлы жұт»

1-жүргізуші

5. 1986 жылы 16 желтоқсанда кімнің орыннан алынуы көтеріліске себепші болды?

Жауабы: Д.А.Қонаев

(«Желтоқсан оқиғасына» байланысты бейнебаян)

2-жүргізуші

6. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен Қ.Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы қашан берілді?

Жауабы: 1996 жылы 9 желтоқсанда

(«Қазақ елі» әніне бейнебаян)

1-жүргізуші

Әділ қазылар алқасын қорытынды сөзді айту үшін шақырамыз.

Елім деп өтті ерлерім







марапаттау



© 2010-2022