Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы ( 7 сынып) тарих пәнінен ашық сабақ

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

7 сынып. Орта ғасырдағы Қазақстан тарихы

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: §21-22 Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы
Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға Қазақстанда Монғол империясының үстемдік етуі, империяның басқыншылық саясаты мен оның зардаптарының әсері жайында толық мағлұмат беру.

  • Қазақ тарихындағы осы бір оқиға арқылы оқушыларды патриоттыққа, елжандылыққа, саяси сауаттылыққа тәрбиелеу

  • Оқушылардың белсенді ойлау қабілетін арттыру, алған білімдерін қажетіне сай пайдалана білуге, өз бетінше қорытынды жасауға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес (ойын түрінде)

Әдісі: сұрақ-жауап, жеке жұмыс, СТО,

Көрнекілігі: карта, сурет, кесте, бейнефильм, үлестірмелі қағазбен жұмыс

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру

  • Амандасу, түгендеу

  • Сабаққа зейіндерін аудару

ІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту

Жаңа материалды меңгерту: Қазақстанды монғолдардың жаулап алуы.

Сабағымыз екі бөлімнен тұрады.

  1. бөлімде жаңа тақырыпты меңгерсеңдер,

  2. бөлімде тапсырмалар арқылы игерген білімдеріңді көрсетесіңдер.

1.Жаңа тақырыпты меңгеру

Моңғол империясының құрылуы

Моңғол империясының негізін қалаушы Темүжін 1155 жылы Монғолияның Кендітау аймағындағы Онон өзенінің жағасында, Болдоң деген жерде дүниеге келген. Теміжүн 9 жасқа толған кезінде әкесі Есугей батырды татарлар қастандықпен өлтіреді. 1206 жылы өткен құрылтайда Темүжінді хан етіп сайлап, Монғол империясын құрады

Қоғамдық құрылысы

95 түмен 10 мың әскер Түменбасы

Мыңдық 1000 әскер Мыңбасы

Жүздік 100 әскер Жүзбасы

Ондық 10 әскер Онбасы

Мемлекеттің басты заңы «Жасақ» (Яса)

Монғолияның аумағы мен халқы 3 әскери әкімшілікке бөлінді:

Бурунгар Жоңғар Кул

Оң қанат сол қанат орталық қанат

Монғолдардың Қазақ жерін жаулап алуы (Кесте арқылы түсіндіру)

Оқушыларға кесте арқылы түсіндіргеннен кейін, проблемалық сұрақ қойылып, пікірлері тыңдалады. Монғол әскерлерінің көп жерлерді жаулап алуының мәні неде деп ойлайсыңдар?

Жаулап алудың зардаптары

  • Жетісу аймағында шапқыншылыққа дейін 200-ден астам елді-мекендер болса, одан кейінгі 13-14 ғасырларда 20 жуық елді-мекендер қалған;

  • Баласағұн қаласының орны мүлдем жоғалып кеткен;

  • Егін шаруашылығының жүйесі бұзылды;

  • Халықтардың этникалық құрамы мүлде бұзылды;

  • Қазақ халқы қалыптасуның аяқталуы 200 жылға кешеуілдеді;

  • Мәдениетің дамуына кедергі болды.

Шыңғыс хан жаулап алған жерлерін, балаларына мұрагерлікке үлестіріп берді. Ол жерлер ұлыс деп аталады.

Монғол жаулаушылары қазақ жеріне енуі 2 бағытта жүрді:

1) Шапшаңдылық, басқыншылық бағытта;

2) Шыңғыс хан ұрпақтары Қазақ хандығының хандар тарихының бастауы болды.

Монғолдар Қазақ жерін жаулап алғаннан кейін түркіленіп, Қазақ хандығының түп негізі болғаны сөзсіз. Енді балалар сабақтың келесі бөліміне көшелік, тапсырмалар орындауды бастаймыз.

II. 11-12 ғасырларда монғол тайпалары қай жерде қоныстанды? Онон мен Керулен

  • Шыңғысхан әскери - феодалдық монғол мемлекетін қашан құрды? 13ғ басында

  • Шыңғысхан әкесі кім? Бай ноян Есугей баһадүр

  • Темучин қай жылы хан сайланды? 1206 жылы

  • Шыңғысхан тұсында Монғол имперясының астанасы? Қарақорым

  • Шыңғысханн мемлекетіндегі түмен қанша жауынгерлерден тұрды? 10 мың

  • 1206 жылы құрастырылған әдет-ғұрып заңдар жинағы? Яса / Жасақ/

III. Келесі тапсырма «Тұлғаны таны» деп аталады. Оқушылардың алдына тұлғаның портреті және сұрақтар беріледі

Бұл кім?

Қай уақыттарда өмір сүрген?

Бұл адам туралы не білесің?

Бұл тарихи тұлғаның Қазақстанға қандай қатысы бар?

IV. Хронологиялық диктант Жаңа меңгерген тақырыптан оқулықпен жұмыс жасауға мүмкіндік жасалады.

1206 жылы 1208-1209 жылы

1207-1208 жылы 1211-1215 жылы

1218жылы 1217 жылы

1219-1220 жылы 1219 жылы

IV.Тарихи басқатырма

Татарлар - ртатрала-монғолия халқы алғаш қытай деректерінде аталды

Күшілік хан - үкшікіл ахн- шыңғыс ханға Баласағұн қаласы Күшлі ханның қаланы талқандауының нәтижесінде берілді

Сығанақ - қсаныға-сыр бйындағы тегеурінді қарсылық көрсеткен қала 7 күн

Інжу - унжі-шыңғысхан балаларына бөліп берген жерінің атауы

V.Білімнің шыңына..

Оқушыларға проблемалық сұрақ қойылады.

1 сұрақ. Шыңғысхан не себептен соғыс пен жаулаушылықтар жолына түсті?

Жауап: Көшпелі ақ сүйектердің талабын орындау үшін

  • Дүниежүзіне атын шығару үшін

  • Билік үшін тартыстарды тоқтату үшін

  • Әлем билеушіс болғысы келді.

2 сұрақ. Монғолдардың соғыстарда жеңуіне не себеп болды?

  • Қатаң әскери тәртіп

  • әскери басшылыққа ержүрек, батыл адамдарды тағайындау

  • шапшаң және шешуші қимылдар жасау

  • басқа халықтардың әскери тәжірибесін пайдалану

  • әскери тактиканы мықтылығы

3 - сұрақ Жаулап алудың зардаптары

  • Қалалық мәдениеттің дамуына үлкен кедергі болды

  • Отырықшылық мәдениет тоқырады

  • Егін шаруашылығының жүйесі бұзылды

  • Халықтың этникалық құрамы мүлде бұзылып, қазақ халқының қалыптасуын кешеуілдетті, әлеуметтік-экономикалық дамудың барысына орасан зор зардап тигізді.

Сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Монғол әскері қандай сапамен ерекшеленді?

  2. Қазақстан аумағы жаулап алынған мерзім?

  3. «Отырар опаты» қашан болды?

  4. Жетісу тұрғындарының монғолдар жағына шығуына қандай оқиғалар ықпал етті?

  5. Монғол жорықтарының зардаптары қандай?

Бағалау

VII.Үйге тапсырма. §21-22 оқып мазмұндау, Шыңғысхан және оның ұрпақтары туралы мәліметтер жинастыру






1. Монғол ханның шын есімі

2. Шыңғысханның баласы

3. Монғолиядағы өзен

4. Тайпа

5. 6-ай берілмеген қала

6. Батый құрған мемлекет





Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы ( 7 сынып)тарих пәнінен ашық сабақ

© 2010-2022