Поурочный план Тарих – халық зердесі

Раздел История
Класс 6 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Поурочный план Тарих – халық зердесіПоурочный план Тарих – халық зердесіҚабанбай батыр ауылы №41 орта мектеп.

6 «Б» сыныбы.



Сабақтың тақырыбы: Сарматтар

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ халқының ата-тегі болған тайпалар мен ұлыстар туралы айта отырып, Арал-Каспий теңіздері бойын мекендеген сармат тайпаларының шығу тегі және олардың мекендеген жерлері туралы толық түсінік беру
Дамытушылығы:

Оқушыларды топпен жұмыс істеуге ұйымдастыру, сарматтар туралы түсінік беру.

Оқушылардың өз беттерінше жұмыс жасатып шығармашылық ойларын өсіру.

Өз ойларын еркін жеткізуге, қорытынды жасай білуге дағдыландыру.

Әр түрлі білім көздерімен жұмыс жасауды әрі қарай дамыту, тарихитанымдық қабілеттерін дамыту, белсенділіктерін арттыру, танымдық қызығушылықтарын жетілдіру.

Тәрбиелілігі:

Түп тарихымызды білуге, бізге дейінгі өмір сүрген ата-баба тарихын қастерлеп, ұмытпай сақтауға, отансүйгіштікке тәрбиелеу және топта бірігуге, бірін-бірі тыңдай білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже. Оқушылардың мақсаты:

Өз бетімізше жұмыс жасап өз ойымызды еркін жеткізіп, ой түйіндей аламыз.

Сармат тайпасы туралы білімімізді толықтырып, осы тайпаны жалпы сипаттай аламыз.

Танымдық қызығушылығымызды жетілдіреміз.

Тарихи білімімізді кеңірек толықтырамыз.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар:

интербелсенді тақта, оқулық, бағалау парағы, суреттер, ватман, магнит, түрлі-түсті бор, маркер.

Әдіс-тәсілдер: топтық жұмыстар, топтық тапсырмалар, шығармашылық тапсырмалар.

І. Ұйымдастыру сәті: (сәлемдесу, сынып тазалығын және оқушылардың сабаққа қатысын, дайындығын тексеру. Оқушыларды үш топқа бөліп, назарларын сабаққа аудару)

Сабағымызды бастамас бұрын өзімізге жаңа көңіл-күй қалыптастырайық. Ол үшін мына слайдты оқиық.

Психологиялық көңіл-күй

Күндей жадырап,

Жұлдыздай жарқырап,

Таңдай арайлап,

Судай мөлдір таза көңілмен

Сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Жаңа сабақ.

«Тарих - халық зердесі».

Біз бүгінгі сабағымызда «Тарих - халық зердесі» деген дәйексөз ала отырып, қазақ жерінен өткен ежелгі тайпалардың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан тарихын танып, сармат тайпасы туралы білетін боламыз, дегенмен бүгінгі сабағымызда соны түсіндіру оқушылар сіздердің міндеттеріңіз болмақ.

Оқушылар 5 топқа бөлінеді. Топтарға сармат тайпаларының аты беріліп, тапсырмалар беріледі.

І топ «Савроматтар»

ІІ топ «Дай»

ІІІ топ «Роксолан»

ІV топ «Сирак»

V топ «Алан»

Топта мынадай ролдер бойынша жұмыс жасаймыз:

  1. Төраға

  2. Таймспикер

  3. Хатшы

  4. Баяндамашы

Топ басшыларына өзін-өзі бағалау парағын үлестіремін.

Топтарға берілетін 1 - тапсырма.

  1. Савромат тобы - Сарматтардың қоныстануы

  2. Дай тобы - Савромат, дай тайпалары

  3. Роксолан тобы - Сарматтардың қоғамдық құрылысы

  4. Сирак тобы - Әскери демократия

  5. Алан тобы - Әлеуметтік теңсіздік

Оқушыларға оқулықтағы мәтінмен жеке жұмыс жасауға 5 минут уақыт беріледі. Бұдан кейін топта талқылайды. Әр топтың баяндамашылары басқа топтарға барып өздеріне берілген мәтіндерін баяндап айтады. Таймкипер уақыт белгілесе, хатшы баяндаманы қағазға түсіріп, төраға топтың әр мүшелерін бақылап баға береді. Әр топ берілген тақырыптарды қорғайды. Жасаған жұмыстарын көрсету үшін топтарға ватман үлестіремін.

Сергіту сәті. «Жұмыр қылыш»





Топтарға берілетін 2 - тапсырма.

Картамен жұмыс



Топтарға берілетін 3 - тапсырма.

Сонымен оқушылар біз бүгінгі сабағымызды қорытындылаймыз. Ол келесі тапсырмаларды орындаймыз.

Тест тапсырмасы

Әр топқа қорытынды тест тапсырмасы беріледі.



Сабақтағы кері байланыс:

Оқушылар енді бүгінгі сабағымызды қалай түсіндіңіздер, сабақта білімдеріңіз қаншалықты толыққанын білу үшін алдарыңыздағы жабыстырғышқа жазып тақтада сызылған кестеге жабыстырыңыздар.

Өзін - өзі бағалау парағын жинау.

Үйге тапсырма:

«Савромат-сарматтардың көне замандағы орны», қосымша мәтінді пайдалана отырып ,« сармат қоғамындағы әйелдердің орны» деген тақырыпта әңгіме құрастырыңдар.

Қорытынды:

Осымен біздің бүгінгі сабағымыз аяқталды. Белсене қатынасқандарыңыз үшін көп рахмет.

тапсырмалар

аты-жөні

Мәтінмен жұмыс

Картамен жұмыс

Тест тапсырмасы

Қорытынды баға














"Сақтар дұшпанға қатал, досқа адал болған».

(Грек тарихшылары).

Біз бүгінгі сабағымыз сармат туралы білетін боламыз, дегенмен бүгінгі сабағымызда соны түсіндіру оқушылар сіздердің міндеттеріңіз болмақ.

Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Топтарға сақ тайпаларының аты беріліп, тапсырмалар беріледі.

І топ «Парадарайа»

ІІ топ «Тиграхауда»

ІІІ топ «Хаумаварга»

Топта мынадай ролдер бойынша жұмыс жасаймыз:

  1. Төраға

  2. Таймспикер

  3. Хатшы

  4. Баяндамашы

Топ басшыларына өзін-өзі бағалау парағын үлестіремін.

Топтарға берілетін 1 - тапсырма.

  1. Парадарайа тобы - Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығына сипаттама.

  2. Тиграхауда тобы - Сақтардың қолөнер кәсібі.

  3. Хаумаварга тобы - Діни нанымдары мен ғұрыптары.

Оқушыларға оқулықтағы мәтінмен жеке жұмыс жасауға 7 минут уақыт беріледі. Бұдан кейін топта талқылайды. Әр топтың баяндамашылары басқа топтарға барып өздеріне берілген мәтіндерін баяндап айтады. Таймкипер уақыт белгілесе, хатшы баяндаманы қағазға түсіріп, төраға топтың әр мүшелерін бақылап баға береді. Әр топ берілген тақырыптарды қорғайды. Жасаған жұмыстарын көрсету үшін топтарға ватман үлестіремін.

Сергіту сәті. «Жұмыр қылыш»

Топтарға берілетін 2 - тапсырма.

Әр топқа картамен жұмыс беріледі

Топтарға берілетін 3 - тапсырма.

Сонымен оқушылар біз бүгінгі сабағымызды қорытындылаймыз. Ол келесі тапсырмаларды орындаймыз.





Сабақтағы кері байланыс:

Оқушылар енді бүгінгі сабағымызды қалай түсіндіңіздер, сабақта білімдеріңіз қаншалықты толыққанын білу үшін алдарыңыздағы жабыстырғышқа жазып тақтада сызылған кестеге жабыстырыңыздар.

Өзін - өзі бағалау парағын жинау.

Үйге тапсырма:

«Мен сақтар өмір сүрген уақытта дүниеге келсем...» деген эссе жазып келу.

Қорытынды:

Осымен біздің бүгінгі сабағымыз аяқталды. Белсене қатынасқандарыңыз үшін көп рахмет.

тапсырмалар

аты-жөні

Мәтінмен жұмыс

Картамен жұмыс

Тест тапсырмасы

Қорытынды баға









© 2010-2022