Тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы. ашық сабақ

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тексерген 7 сынып

Ж.Шаекенова_________ Д.Қабылбаев


Қысқа мерзімді жоспар

Мерзімі

15.11.2015 ж

Сабақтың тақырыбы

Қазақ хандығының құрылуы

Жалпы мақсаты

Жеті модульді ықпалдастыра отырып, оқушылардың өзіндік білім алуын, өзін-өзі реттеу дағдыларын және сыни ойлауын қалыптастыру

Негізгі мақсаты

АКТ-ны пайдалана отырып оқушыларға Қазақ хандығы туралы жан-жақты ақпарат беру.

Оқушыларды ізденімпаздыққа, шығармашылықпен жұмыс істеуге, ұлтжандылыққа, ерлікке, достыққа, ұлт құндылықтарын сақтауға тәрбиелеу.

Оқушылардың өз ойын саралай, тұжырымдай білуге дағдыландыру, сыни ойлауын дамыту.

Күтілетін нәтиже

1. Қазақ хандығының құрылуы туралы толық ақпарат алады.

2. Ұлтжандылыққа, ерлікке, достыққа, ұлттық құндылықтарды сақтауға тәрбиеленеді.

3. Оқушылар өз ойларын нақты әрі еркін айтады, сыни тұрғыдан ойлануға дағдыланады.

Көрнекіліктер мен

әдіс-тәсілдер

Қазақстан картасы, суреттер, бейне фильм,

«Бүгінгі жаңалық - ертеңгі тарих», Блум таксономисы, джигсо әдісі, Эдвард де Бононың алты қалпағы, телекөпір стратегиясы, постер, стикерлер,

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу: «Сәлеметсіздер ме! Қазақ елінің болашақ министрлері мен депутаттары», - деп амандасу арқылы оқушылардың өзіне деген құрмет және жауапкершілікті сезінуіне жол салу.

Оқушыларды топқа бөлу үшін: «Қазақ хандығының картасы, Қазақ хандығының іргесін қалаған Керей мен Жәнібектің суреті, 550 деген санды таңдату арқылы үш топқа бөлу»

Кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

«Білу»

(АКТ, СТО)

«Бүгінгі жаңалық - ертеңгі тарих» Қазақстанда және әлемде болып жатқан саяси ,экономикалық, мәдени жаңалықтармен бөлісу.

Бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында және ой салу үшін бейнефильм «Қазақ хандығы» көрсетіледі. Сабаққа мақсатты оқушылар қояды.

Әр түрлі ақпарат құралдарынан естіген, көрген, оқыған жаңалықтарымен бөліседі.

Мұқият бейне фильмді көру арқылы біраз ақпарат алады және сабақтың тақырыбын өздері айтып, сабақтың мақсатын анықтайды.

«Түсіну»

(Джигсо әдісі)


Әр топқа тапсырма беріледі:

1. топқа Қазақ хандығының құрылуы

2. топқа Қазақ хандығының аумағы мен этникалық құрамы

3. топқа Қазақ хандығының ішкі-сыртқы саяси тарихы бойынша берілген тақырыпшаға топпен дайындалып, келесі топтарға түсіндіру керек.

Қазақ хандығының құрылуы,

аумағы мен этникалық құрамы, ішкі-сыртқы саяси тарихы туралы ақпаратты меңгерген соң, әр топ екіге бөлініп келесі топтарға түсіндіру жұмысын жүргізеді.

«Қолдану»

(СТО, ОүБ,

Талантты

және дарынды

балаларды оқыту,

Оқушылардың

жас ерекшеліктеріне

сәйкестоқытужәне

оқу. Оқытуды

басқару және

көшбасшылық)

Әр топ тақырып бойынша көрініс, постер, сөз шеберлігін көрсетуі керек.

1.Топқа көрініс арқылы көрсету

2.Постер жұмысы арқылы жеткізу

3.Өздерінің сөз шеберлігі арқылы баяндау.

Топ ішіндегі оқушылар бірлесіп берілген тапсырма бойынша өз рөлдерін анықтап, кейін жұмыстарын көрініс, постер, сөз шеберліктері арқылы қорғайды

Талдау мен

жинақтау

АКТ


Пәнаралық байланыс

География пәні мұғаліміне бейне байланыс жасау арқылы оқушылар сұрақтарына жауап алады.

Оқушылар Қазақ хандығы құрылған Балқаш көлінің оңтүстік батыс жағы немесе Шу мен Талас маңындағы Қозыбасы тауы туралы сұрай алады.

М.Тынышбаев атындағы Алматы облыстық мұражайының аға ғылыми қызметкеріне бейне сұрақтарын қоюға мүмкіндік жасалады. Онда қазақ хандығының құрылуы барысы туралы толық ақпарат беріп өтеді және оқушылардың сұрақтарына жауап береді.

Телекөпірді мүмкіндіктерін пайдалана М.Тынышбаев мұражайының аға ғылыми қызметкерінен Қазақ хандығы туралы жан-жақты ақпараттанады және сұрақтарына жауап алады.

«Бағалау»

(СТО, ОүБ)

Сабақтың әр кезеңін топпен критерий арқылы бағалайды. Эдвард де Бононың алты қалпақ әдісі арқылы Қазақ хандығының құрылуына сипаттама береді:

Тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы. ашық сабақ

Сабақ соңында екі жұлдыз бір тілек арқылы бүгінгі сабақты бағалайды.

Оқушылар тақтаға бағалау критериін жазып, топ ішінде ақылдаса отырып топтар бір-бірін бағалайды.

Ұсынылатын оқу

Қазақ хандығы тақырыбында эссе жазу, презентация жасау.



© 2010-2022