ҚМЖ 6 сынып Қола дәуіріндегі Қазақстан. Тарауды қорытындылау

Раздел История
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақты құру және жоспарлау кестесі

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Жетигенова Гульзихат Курмангазиевна

6 «а,б» сыныбы

Оқушының саны:

Алматы облысы Іле ауданы Қосөзен ауылы

№ 14 орта мектебі

№ 25 сабақ

Сабақтың атауы

§ Қола дәуіріндегі Қазақстан.

Тарауды қорытындылау

Сілтеме

Ежелгі Қазақстан тарихы Т.С. Төлеубаев Ғ.Д, Іргебаев .

Слайдтар. Актив инспаер

Жалпы мақсаты

Оқушыларға қола дәуірінің ерекшеліктерін,қола дәуірінің ескерткіштерін айта отырып,әр-түрлі тапсырмалар беріп, өз ойларын ашық айта білуге, еркін сөйлеуге үйрету, тарихқа деген көзқарастарын қалыптастыру;

алған білімдері арқылы ой қорыта білуге, өз ойын жеткізе білу қабілеттерін дамыту;

ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, әділдікке, ізденушілікке баулу

Міндеттері

Қола дәуірі,оның кезеңдері мен ерекшеліктері жайлы оқушыларды таныстыра отырып білімдерін тиянақтау

Күтілетін нәтиже

- өзіне, бір-біріне деген сенімділікті орнату

- еркін ойлауға мүмкіндік беру

- айтылған ойды негізгі ақпарат көзімен салыстыра алу

- сұрақтар мен жауаптардың нақты болуы

- топтарда пікірін тыңдата отырып ой қорыта білу

- шығармашылықты дамыту

- АКТ-ны пайдалана алу

- қосымша ақпараттар арқылы ой-өрісін кеңейту

- бірін-бірі бағалай білу

Тапсырмалар

- жеке жұмыс

- топтық жұмыс

- шығармашылық жұмыс

Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады?

а) Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру /1 мин/

ә) Оқушыларды әр-түрлі құмыраның түстері арқылы 5 топқа бөлу /2мин/

б) бағалау парағын тарату /1 мин/

в) сергіту сәті /2мин/

СТО сұрақтары

Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

Сабақтың маңыздылығы не?

-оқушылар не алады?

-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?

-өмірден алған тәжірибесінің әсері?

-сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?

- даму ерекшеліктерін саралай алады;

- суреттер арқылы ой қорытады;

- күнделікті өмірден мысал келтіре алады;

- өз ойын басқамен бөлісе алады;

- пікірлесе отырып өзін және өзгені оқыта алады;

-тақырыптың мәнін аша алады.

Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер

-еркін ойлауға қандай мүмкіндіктер жасалды?

-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады?

1. топтарға тапсырма беру / 2 мин/

1 тапсырма

1 топ - Қола дәуірінің ерекшеліктері

ҚМЖ 6 сынып Қола дәуіріндегі Қазақстан. Тарауды қорытындылау

2 топ - Құрамында мыс бар кенді балқыту үдерісін сипатта

ҚМЖ 6 сынып Қола дәуіріндегі Қазақстан. Тарауды қорытындылау

3 топ - Сөйлемдегі қалып қойған сөздерді толықтыр

ҚМЖ 6 сынып Қола дәуіріндегі Қазақстан. Тарауды қорытындылау

4 топ - Климаттың өзгеруі неге әкеліп соқты? логикалық тізбек құра

ҚМЖ 6 сынып Қола дәуіріндегі Қазақстан. Тарауды қорытындылау

5 топ - Крассвордты шеш

Орындауға 2 минут беріледі, қорғау 1 минут

2 тапсырма

Мазмұнды сызбамен жұмыс 2 минут

1 топ - Андрон мәдениеті

2 топ - Беғазы-Дәндібай мәдениеті

3 топ - Жеке меншіктің пайда болуы

4 топ - Діни көзқарастар

5 топ - Зергерлік өнер

Қорғау 1 минут

Сергіту сәті 2 минут

Мағынаны ажыра-ту сатысы (жаңа ақпарат)

-оқушыларды белсене қатыстыру

-стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру

-оқушылармен бірлесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу

-оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу

1. Тест жұмысы / 2 мин/

1. Мыс кеніне қалайы қосу арқылы өндірілген металл

А) алтын

Ә) темір

Б) қола

2, Қазақстанда қола дәуірінің басталған кезі?

А) б.з.б. 2 млн 600 мың жыл

Ә) б.з.б. 1 мыңыншы жыл

Б) б.з.б. 2 мыңыншы жыл

3. Қола дәуірі кеніштерін зерттеген академик-ғалым

А) Ә, Марғұлан

Ә) Ә. Төлебаев

Б) Қ, Сәтбаев

4. Қола дәуірінде ыдыс жасаудың ең бір өрістеген түрі

А) микролит жасау

Ә) көзе құмыралар жасау

Б) дәнүккіш жасау

5. Беғазы - Дәндібай мәдениетіне жататын жерлеу орындары

А) обалар

Ә) қорғандар

Б) қабірлер

6. Қола дәуіріндегі шаруашылықтың негізгі саласы

А) мал шаруашылығы

Ә) егіншілік

Б) аңшылық

7. Қола дәуірі қоныстары орналасқан жерлер

А) өзен,көл жағалары

Ә) орман арасы

Б) кесенелер

8. Жеке меншік қалыптасқан кезең

А) мезолит

Ә) қола дәуірі

Б) энеолит

9. Андрондықтар құдайлар қайда жүреді деп сенген

А) жерде

Ә) көкте

Б) аспанда

10. Рудың ежелгі салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарының бұлжымай орындалуын қадағалағандар

А) байлар

Ә) абыздар

Б) көсемдер

Тексеру 1 минут

Толғаныс (рефлексия)

-сабақта үйренгендерін бекіту, қолдану жолдарын беру

-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу

жауап шешімі осыған байланысты жұмыстар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру

1. Ой қорыту /2 мин/

ҚМЖ 6 сынып Қола дәуіріндегі Қазақстан. Тарауды қорытындылау

2. Мұғалімнің қортынды сөзі /1мин/

3. Үй тапсырмасы. §Қола дәуірі (1 мин)

Бағалау (түрлері)

-оқушының өзін-өзі бағалауы

-топтың өзін-өзі бағалауы

-мұғалімнің бағалауы

-жалпы бағалау

-критерийлер арқылы бағалау

Өзін-өзі бағалау;стикер арқылы топты бағалау; бағалау парақтары арқылы спикер бағалап отырады.

Бағалау критерийлері бойынша мұғалімнің бағалауы қоса ескеріледі.

4-ден жоғары «5»

3- дан жоғары «4»

2-тен жоғары «3»





© 2010-2022