Египет тарауын бекіту, қайталау сабағы

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы облысы

Панфилов ауданы

Шежін орта мектебі

Тарих пәнінің мұғалімі

Қадырқұлова Бағила Чапаевна

Тақырып : Египет тарауын бекіту, қайталау сабағы.

Сабақтың мақсат - міндеттері:

Білімділік : Ежелгі Египетте қанаушылар мен қаналушылардың пайда болуына байланысты құлиеленушілік құрылыс қалыптасып,шағын мемлекеттер мен бір орталыққа бағынған мемлекеттің пайда болуы, қоғамдық құрылысы, басқыншылық жорықтары, ғылыми білім, өнердің жетілгендігін толықтыра отырып, алған білімдерін саралау.

Дамытушылық : Ежелгі Египетпен қазіргі Египетті салыстыра отырып, математика ғылымдары мен медицина, астрономия білімдерінің дамуын, діни- нанымдарының пайда болуын зерттете отырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік : Адамзат баласының қолымен жасалған озық туындыларын сезіне білуге, бағалауға, өнерді, еңбекті сүюге, адам қасиетін бағалап, қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс ,СКТТ

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі : жарыс сабақ «Атажұрт» бағдарламасы негізінде

Пәнаралық байланыс : математика, география, Қазақстан тарихы, әдебиет

Көрнекілік:слайдтар, дүниежүзінің саяси картасы, буклет, кубик, инцерт кестесі, карточкалар,ВЕНН диограмма, тақтамен жұмыс.

Жоспар :

а) топқа бөлу

ә) карточкамен жұмыс

б) кубизм

в) математикалық есеп жарысы

г) инцерт кестесін толтыру

д)ВЕНН диаграмма қорыту

ж) топ бағаларын балмен есептеу

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1. топ - перғауындар

2. топ - бекзадалар

3. топ - шаруалар

ІІ. «Шарықтау» (карточкамен жұмыс)

№1. А) алғашқы қауымдық құрылыс пен құлиеленушілік құрылыстың айырмашылығы неде?

Ә)қанау дегеніміз не?

Б)Ежелгі египет қанша тапқа бөлінді?

№2. А) ежелгі египет қай жерде орналасқан? Табиғат жағдайын көркемде.

Ә) Ніл өзені адамдар өмірінде қандай рөл атқарды?

Б) Адамдар еңбегі ерте кездің өзінде-ақ Ніл аңғарын қалай өзгертті?

№3. А) Алғашқы қауымдық кезеңде мемлекет болды ма? Египетте ол неліктен құрылды?.

Ә) мемлекет деген не? Египетте бір тұтас мемлекет бұдан неше мың жыл бұрын құрылды?.

Б) перғауын деген кім?. Олар балаларына қандай өсиет айтты?.

ІІІ. «Самғау» кубизм.

Ежелгі Египет деректерін қай елдердің ғалымдары қалдырғанын зерттеңіз.

Ежелгі Египет пирамидаларын қазіргі Астанада салынған пирамидамен салыстыр.

Ежелгі Египеттегі ғылыми білімдерді қолдаңыз.

Шаруалар мен құлдардың еңбегін суреттеңіз.

Ежелгі Египеттегі құдайларды неге ұқсатқан?.

Қаналушылар езгіден құтылу үшін әрекет жасап көрді ме? дәлелдеңіз.

ІV. «Белес» математикалық жарыс.

Мысалды орында.

№1

Құлдар мен шаруалар егін даласынан храмға арнап 480 қап бидай жинады. Оның 55 қабын шонжарларды асырауға қалдырып, 95 қабын бордақылаған малға жемге жұмсауға қалдыру керек болды. 40 қабын құлдардың күнкөрісі үшін, 30 қабын көктемгі егіске қалдыру керек болды. Сонда сатуға қанша қап бидай қалды?. (жауабы: 260 қап)

№2

Шонжар қоластындағы шаруаға егін егуге 12 шаршы метр жер берді, шаруаға берілген жердің ауданын тап.

Мұндағы : S= а2 (жауабы: S= 12 х 12= 144 шаршы метр)

№3

Есепшілер кезекті алым - салық жинауға шықты. Оларға 130 адамнан 2600 теңге көлемінде салық жинау керек болды. Алайда олар 90 адамнан ғана салық жинады. Сонда қанша теңге салық жиналды.

(жауабы: Х=1800т)

V. «Асу» инцерт кестесі.

Мысыр пирамидалары туралы не білеміз?

Әлемнің жеті кереметінің бірі

Ол қасиетті

Египет ескерткіші

Перғауын моласыV

Бұрыннан білемін

+

Жаңа ақпарат

-

Мен келіспеймін

?

Ары қарай білгім келеді


Туризм орталығы

Тарихи қазына

6 тонналық тас

145-146,6 м биіктікте

Сәулет өнері

Хеопос пирамидасы

Египет араб

Бальзамды мумия

Толық зерттелмеген

Құлдар салды.

VI. «Жерұйық». ВЕНН диограмма

Ежелгі Египет пен Қосөзен аралығын салыстыру.




VIІ. Топты бағалау.

VIІІ. Үйге тапсырма.

Өткен тарауды толықтырып, деретер жинақтау.


© 2010-2022