• Преподавателю
  • История
  • «Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт – азаттық қозғалыстың басталуы, сипаты, барысы және нәтижесі»

«Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт – азаттық қозғалыстың басталуы, сипаты, барысы және нәтижесі»

Раздел История
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыстың басталуы, сипаты, барысы және нәтижесі».

Шаймұрат Айдын Шаймұратұлы,

Өскемен қаласы,

«№1 орта мектебі» КММ,

тарих пәні мұғалімі


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: 1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыстың отаршылдыққа қарсы сипатын түсіндіріп, қозғалыстың себептері және басталуы, қазақ демократтарының саяси көзқарастарын көрсету, ірі орталықтары, қозғалыстың жеңілу себептері және тарихи маңызын, қазақ қоғамының түрлі топтары назарының жалпыұлттық идеяға ұласқанын ашып көрсету.
Тәрбиелік: Ұлт зиялыларының ұстанған бағытын түсіндіріп, алаш зиялыларының ұстанған бағыты халықтың аман қалуы, оның этникалық тұтастығын сақтау идеясы болғанын түсіндіру, "Бабалар ерлігі - ұрпаққа үлгі"демекші оқушылар бойында елжандылық, отаншылдық қасиеттерін шыңдау.
Дамытушылық: Оқушылардың осы сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын арттырып, танымдық, ізденімпаздық қасиетін арттыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру

Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары, ЖИГСО, топтастыру, аквариум, вен диаграммасы.

Сабақтың көрнекілігі: карта, схема, интерактивті тақта, көтеріліс басшыларының суреттері, тарихи деректер, үлестірме қағаздар.

Кітап көрмесі, тарихи және әдеби кітаптар: С. Асфендияров. «1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыс», М. Әуезов. «Қилы заман», С. Мұқанов. «Ботакөз», Ж. Аймауытов. «Қартқожа», С. Сейфуллин. «Тар жол тайғақ кешу», т. б.
Пәнаралық байланыс: Дүние жүзі тарихы, әдебиет.

А. Байтұрсыновтың сөзі:

«Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды».

Сабақтың нәтижесінде:
а) оқушы Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыстың тарихи мәнін түсінеді;
ә) дүниежүзілік ұлт - азаттық қозғалыстармен салыстырып талдау жасай алады;
б) ұлт - зиялыларының ұстанған бағытымен танысып, пікір қалыптастырады;
в) патша өкіметінің отаршылдық саясаты туралы түсінік қалыптасады;
г) қозғалыс басшылары, көтерілістің барысы жөнінде кестелер мен тест әдісінің түрлерін қолдану арқылы мағлұматтарды терңірек есте сақтау қабілетіне ие болады.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй жұмысын тексеру: «XX ғасырдың басындағы Қазақстан ».
Оқушыларды топқа бөліп, әртүрлі негізде жасалынған тест түрінде төмендегі берілген жоспар бойынша үй тапсырмасын тексеру.

а. Елдің әлеуметтік- экономикалық жағдайы.
б. Өнеркесіптегі жағдай.
в. Қоныстандыру саясаты және демографиялық ахуал.

г. Қазақстан бірінші орыс революциясы кезеңінде.

д. Мемлекеттік Думаның депутаттары және олардың қызметі.

1топ.Толықтыруды қажет ететін тест.
2 топ. Баламалы тест түрінде тест жұмысын алу.

3 топ. Сәйкестендіру тест түрінде тест жұмысын алу.

4 топ. Аралас тест түрінде тест жұмысын алу.

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру: «1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыс».
Жоспар:

1. Қозғалыстың себептері және басталуы.
2. Қазақ демократтарының саяси көзқарастары.

3. Қозғалыстың сипаты, қозғаушы күштері.
4. Қозғалыстың Жетісудағы орталығы.

5. Торғайдағы көтеріліс орталығы.

6. Қозғалыстың қорытындылары, жеңілу себептері және тарихи маңызы.
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.
Көтерілістің сипаты.

Көтеріліс отаршылдыққа қарсы сипатта болды. Өлкені талауға салу Бірінші дүниежүзік соғыс жылдарында бұрынғысынан да жеделдете жүргізіләп, ауқымды сипат алды. Қақақ даласынан арзан бағамен орасан көп мөлшерде мал сатып алынды. Патша армиясы үшін киіз үй мен бұйымдар жиналды. Салық мөлшері өсіп, соғыс салығы енгізілді, мемлекеттік заемдар таратылды, баж салығын төлеу міндеттелді, жергілікті халық соғысқа арналған жүктерді теміржол стансысына тасып жеткізуге мәжбүр болды.

Көтерілістің негізгі себептері:
1916 жылғы 25 маусымдағы патша Жарлығы бойынша қара жұмысқа 19 -дан 43 жасқа дейінгі еңбекке жарамды барлық ер адамдар алынуға тиіс болатын.
1. Жердің тартып алынуы (қоныстандыру саясаты);
2. Салықтар мен алымдардың кобеюі;
3. Еңбекшілерді үстем феодал-байлар тобының қанауының күшеюі;
4. Ұлттық араздықтың өршітілуі;
5. Соғысқа байланысты бұқара жағдайының күрт нашарлауы;
6. Орыстандыру саясаты.

Көтерілістің қозғаушы күші - өлкенің жекелеген жерлерінде ғана феодалдар мен клерикалық элементтер көтеріліске басшылықты өз қолдарына түсіріп алды. Тұтас алғанда Қазақстандағы 1916 жылғы көтерілістің қозғаушы күші халық бұқарасы болды.

Көтерілістің барысы. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығы халықтың шыдамын тауысып, оларды отарлау езгісі мен ортағасырлық қанауға қарсы көтерілуіне түрткі болды.

Қазақ даласында патша жарлығына көзқарас әртүрлі болды:

1. Феодалдық басшы топтар және жергілікті әкімшілік жарлықты қолдады.
2. Революцияшыл топ өкілдері - Т.Рысқұлов, Ә.Жангелдин, Ә. Майкотов, С. Сейфуллин, Т.Бокин, С. Меңдешов, Б. Алманов т.б қара жұмысқа барудан бас тартып, халықты көтеріліске шақырды.
3. Либералдық-демократиялық зиялылар - Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов патша үкіметімен келісімпаздық (компромистік) бағыт ұстанды.

Көтеріліске қатысушы революцияшыл - демократияшыл зиялылар өкілдері:

1. Жетісуда - Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ұ. Саурықов, Ж.Мәмбетов, Ұ. Саурықов (Қарқара).
2. Торғайда - Амангелді Иманов.
3. Орал облысы мен Бөкей Ордасында - С.Мендешев, Ә.Әйтиев.
4. Маңғыстауда - Ж.Мыңбаев.
5. Ақтөбеде - Ә. Майкотов.

Майдан жұмысына қазақ жастарын алу туралы жарлық қазақ халқының зор наразылығын тудырды. Елде болыстық басқармаларды талқандау, ауыл старшындарын, қатыгез, жағымсыз байларды өлтіру, ірі феодалдардың иеліктеріне шабуыл жасау, жер сату жөніндегі құжаттарды, алым-салық қағаздарын жою, патша әскерімен қақтығыс сияқты ашу-ыза әрекеттері кең орын алды. Сойыл, кетпен, шалғы, орақ, мылтық, қылышпен қаруланған ел адамдары байлардың ауылдарын өртеп, малдарын айдап әкетуі жиілей түсті.

Қозғалыстың Жетісудағы көтеріліс.

1916 жылғы шілде-тамызда Жетісу облысындағы қарулы көтеріліс бұқаралық сипат алды.
Жетісу облысының генерал-губернаторы Фольбаум ұлтаралық қақтығыстар туғызу үшін арандату шараларын қолданды:
1. Қоныстанушылар ауылдарындағы орыс кулактарын қаруландырды. Қапал, Лепсі, Жаркент, Пржевальск уезд бастықтарынан жергілікті халыққа ойран салуды ұйымдастыруды талап етті.
2. Қырғыздардың топтасып, бас қосуын бүлік деп санап, басып - жаныштады.
3. Көтеріліс басшыларын тұтқындап дала сотына беріп, дереу дарға асуды ұйымдастырды.
Осыған қарамастан котеріліс үдей түсіп, Шу озені мен Ыстықкөлге жақын бүкіл аймақты қамтыды. 10 мыңнан астам қырғыз және қазақ көтерілісшілері Тоқмақты қоршады. Жаркент уезінде көтерілісшілер Таврия, Владислав, Мещеры, Краснодар, Новокиев көтерілісшілері мен подполковник Базилевичтің жазалау отрядының арасында күші тең емес шайқастар болды.
Революцияның ірі ошағы-Қарқара аймағы болды. 5мың көтерілісшілер Қарқара жәрменкесін қоршап, Кравченконың жазалау отрядтарын талқандады. 1916 жылы 11 тамызда Лепсі уезінде Масловтың жазалаушы отрядтары 220-ға жуық көтерілісшілерді оққа ұшырды.
Жетісудағы көтеріліс басшыларының бірі Т. Бокин үгіт жұмысына басшылық етіп, соғыстың халыққа қарсы сипатын түсіндірді. Феодалдық тобының сатқындық ролін әшкерелеп, патша жарлыған орындамауға шақырды. Ол 1916 жылғы тамызда революциялық қызметі үшін қамауға алынып, түрмеде Ақпан төңкерісіне дейін отырды. Жетісудағы көтерілісті басуға патша үкіметі жазалау экспедициясын жіберді. 14 батальон, 33 жүздік, 42 зеңбірек, 97 пулемет командасы. Жетісу көтерілісшілері патша әскеріне табандылықпен қарсылық көрсетті, бірақ күш тең болмағандықтан жеңілді.
Көтеріліс жетекшілерінің бірі Бекболат Әшекеевті 1916 жылы 9 қыркүйекте жазаушылар Боралдай асуында дарға асты.
Сөйтіп, 1916 жылғы қазан айында Жетісу көтерілісі талқандалды.

Қозғалыстың Торғайдағы көтеріліс. Торғай облысындағы көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған, ең табанды және билік бір орталықтан жүргізіліп, ұйымдасқан көтеріліс болды. Бұл Торғайдағы көтерілісінің ерекшелігі еді. Көтеріліс барлық уездерді: Торғай, Ырғыз, Ақтөбе, Қостанай уездерін қамтыды. Облыста көтеріліс қамтымаған ауыл немесе елді мекен болмады. Көтеріліске, сондай-ақ Сырдария, Ақмола, Семей болыстарының көтерілісшілері де қатысты.
Көтерілісшілер почтаға шабуыл жасады, темір жол табанын бұзып, болыс басқармаларын ойрандады, боластарды өлтірді. Көтеріліс бүкіл облысты қамтыды. 1916 жылы Торғайда болған көтеріліске жүрт арасында танымал халық батыры Амангелді Иманов басшылық етті.
Амангелді Имановтың ұйымдастырушылық қабілеті халық көтерілісінің алғашқы күндерінен бастап-ақ айқын көрінді. Оған Торғай облысындағы уездерден ғана емес, сонымен бірге Сырдария, Ақмола, Семей облыстарынан көтерілісшілер ағылып келіп жатты.

1916 жылы 22 қазанда Амангелді басшылығымен 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршады. Оған қарсы генерал А.Д.Лаврентьевтің 9 мың адамдық жазалаушы тобы жіберілді.

Көтерілісшілердің негізгі бөлігі Амангелдінің штабына орналасқан Батпаққара жазығы мен Аққұм құмының маңына шоғырланып, партизандық күрес әдісіне көшті. 1916 жылғы қарашасы - 1917 жылғы ақпаны аралығында, Амангелдінің серігі, атақты мерген Кейкі батыр жасағы ерекше ерлік көрсетті. Торғай даласында А.Имановпен бірге көтеріліске басшылық етіп, оның дүниетанымен қалыптастыруға зор ықпал еткен большевик Әліби Жангелдин (1884-1953 жж.) болды.
Негізгі шайқастар - Татыр, Шошқалы қопа, Күйік қопа, Доғал - Үрпек, Ақшығын маңында болды. Татыр шайқасында 300 көтерілісші, 3 жазалаушы қаза тапты. Жазушы Л.Соболев: «Бұл аңыздар мен ертегілерден шыққандай ғажап әскер еді...Амангелді ортағасырлық жасақтарымен зеңбіректер мен оққа толы винтовкалары бар жазалаушыларға қарсы шықты» деп жазды.

Көтерілістің аяусыз жанышталғанына қарамастан, көп жерде бой көрсету бұдан кейін де біраз уақытқа жалғасты.
Салдары:
-3 мың адам жауапқа тартылды оның 201-і өлім жазасына кесілді.
-161-і каторгаға айналды.
-Жүздеген ауылдар тоналып, өртелді, жазықсыз адамдар атылды.

1916 жылғы көтерілістің жеңілуінің себептері:

1. Көтеріліс бытыраңқы болып, көтерілісшілер тарапынан ынтымақтың болмауы.
2. Көтерілістің ұйымдастырылуы мен басқарылуы дұрыс жүргізілмеді.
3. Әскери қарудың жеткіліксіздігі.
4. Патша үкіметі жергілікті жердегі руаралық, ұлтаралық діни тартыстар мен қайшылықтарды шебер пайдаланды.
5. Алдын- ала белгіленген жоспардың болмады.
6. Ұлттық зиялылар арасында бірлік болмады.
7. Байлар, феодалдар көтерілісшілер мүддесін сатып кетіп отырды.

Көтерілістің тарихи маңызы
1. Қазақ халкының революциялық таптық санасы өсті.
2. Қазақстан халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын ұғынды.
3. Қозғалыс барасында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару аппараты құрылды.
4. Отаршылдыққа қарсы азаттық күрестің шырқау шыңы болды.
5. Қазақ халқының отарлау саясатына қарсы күресе алатын күш екенін көрсетті.
6. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс отаршылдыққа қарсы көтерілістердің ішіндегі ең ірісі болды. Көтеріліс революцияға алғышарт қалыптастырды.

Қорытынды

Әлихан Бөкейханов: «Қазақ қырғыз осы көтерілісте көп адамын өлтіріп, шаруасын күйзелтсе де, келешекке қандай ел екенін білдірді...Алыспаған, жұлыспаған бостандық атына мінбейді, бұғаудан босамайды, ері құлдықтан, әйелі күңдіктен шықпайды, малына, басына да ие болмайды»

Шын мәнінде, 1916 жыл XX ғасырдың соңында қазақ халқының қолы жеткен саяси тәуелсіздігі мен ұлттық мемлекеттігі үшін күрестің бір белесі болып тарихта өз орнын алды.

Топтық жұмыс.

1-тапсырма
І топ
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың алғышарты, жалпы ұлттық сипаты
ІІ топ
Жазалаушы жасақтар қимылы /А.Н.Куропаткин, И Фольбаум/

2-тапсырма "Шығармашылық жұмыс"
І топ
Торғайдағы көтеріліс және оның ерекшелігін айту
ІІ топ
Жетісудағы көтеріліс. Қарқара көтерілісі.

3-тапсырма "Тұлғаларды танып біл"
Амангелді Иманов, Жәмеңке Мәмбетов, Әліби Жангелдин, Тоқаш Бокин сурет арқылы әңгімелеу.

4-тапсырма - "Венн диаграммасын" орындау

"Қазақ зиялыларының көзқарастары" ерекшелігі мен ортақ белгілерін анықтау

IV. Сабақты бекіту.

  1. 1916 жылғы көтерілістің себебі қандай?

  2. 1916 жылғы көтерілістің қозғаушы күштері?

  3. 1916 жылғы жарғы бойыншы кімдерді "қара жұмысқа"алу көзделді?

  4. Көтеріліс болған жерлер?

  5. 1916 жылғы көтерілісте А.Имановтың рөлі қандай болды?

  6. Торғай даласындағы көтерілісте А.Имановтың көмекшісі кім болды?

  7. Жетісудағы көтеріліске жетекшілік еткен кімдер?

  8. Торғайдағы көтерілісшілердің саны қанша болды?

  9. Торғайдағы көтерілісті басуға жіберілген жазалаушы әскерді кім басқарды?

  10. Көтерілістің тарихи маңыздылығы кандай?

Бағалау. Екі жұлдыз, бір тілек әдісі арқылы бағаланады.

  1. Оқушылардың топ бойынша;

  2. Жеке оқушылардың қатысуын;

  3. Шығармашылық ерекшеліктерін ескеру.

Үйге тапсырма:Тақырыпты оқу, қосымша деректер іздеу.



© 2010-2022