Қысқа мерзімді жоспар Қасым хан 7 сынып

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қысқа мерзімді жоспар

Сыныбы, пәні: 7 сынып , Қазақстан тарихы

Пән мұғалім : Болатбекқызы Динара

Сабақтың тақырыбы

Қасым хан

Мақсаты

Қазақ хандарының ішіндегі елді бағындырудағы ерекшелігімен теңылған тұлғаның көшбасшылығын талдай отырып оқушылардың жеке тұлға ретінде МЕНің қалыптастыру .

Күтілетін нәтижелер

Тақырыпты өз беттерімен меңгереді,Қасым ханның тақта отырған кезіндегі ішкі-сыртқы саясаттағы оқиғаларды баяндау арқылы өз ойларын жеткізе алады ,Қасым ханның заңдар жинағын біледі,өздігінен талдау жасай алады .

Керекті жабдықтар

Интерактивті тақта, смайликтер, қима қағаздар, мәтін, рефлексия парағы,

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Кемпірқосақ әдісі, дарынды және талантты оқушымен жұмыс,

«ДЖИКСО» тәсілі мен Аялдама әдісі(оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер) БӘЖ әдісі(бастама-жауап-кеінгі әрекет),Бос орынды толтыр.АКТ,Екі жұлдыз ,бір тілек -формативті бағалау.

С а б а қ б а р ы с ы :

Сабақ

кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе







Үзіліс кезінде оқушыларды математикалық фигуралар арқылы

4 топқа бөлу. Әр оқушыға қима қағаздар таратылады. Оқушылар әртүрлі фигуралар арқылы 4 топқа бөлінулері қажет.

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу.

- Оқушылар, көңіл-күйіміз қалай?

2. Психологиялық дайындық
"Мектеп кеме, білім теңіз

Барар жерге тез жетеміз!" ұранымен бастаймыз.(1 мин)

3.Үй тапсырмасын тексеру:

- Балалар, үйге берілген тапсырма қандай еді?

Пысықтау сұрақтары.

Кемпірқосақ әдісі

арқылы үй тапсырмасынан сұрақтары қойылады .


Интербелсенді тақта арқылы БЖӘ әдісімен сұрақтар қойылады.

(6 мин)

Оқушылар осы қима қағаздар бойынша 4 топқа бөлінеді.


Мұғаліммен амандасады.

Смайликтер арқылы көңіл-күйлерін көрсетеді.

Оқушылар бірге қосылып оқиды.

Бұл ұран сабақта еркін, сенімді отыруына септігін тигізеді.


Оқушылар үй тапсырмасы бойынша жауап береді. Жауап беруші оқушы толық жауап бере алмаса мұғалімнің бағыт беруімен басқа оқушыдан сұралады .

Негізгі бөлім






Жаңа тақырыпты меңгертудің алдында дарынды оқушыға алдын-ала Қасым хан туралы қосымша материалдар жинап,баяндап келуі тапсырылған . (2мин)


  1. Джиксо әдісі бойынша оқулықпен жұмыс.

Мағынаны таны :

1-топ : Қасым ханның тұсында Қазақ мемлекетінің өрлеу

2-топ : Қасым ханның заңдары

3-топ : Қасым ханның ішкі саясаты .

4-топ : Қасым ханның сыртқы саясаты (8 мин)

Аялдама әдісі арқылы түсіндіреді.


2.Сергіту сәті.(3мин)

3. Бос орындарды толықтыр :

Қасым ханның тұсында Қазақ хандығының өрлеуін сол кездегі орта ғасырлық авторлардың өздері де атап өткен. Мәселен , атақты _____________ « жұрттың

айтуына қарағанда , қазақ сұлтандары мен хандарының бірде-біреуі бұл

халықты дәл Қасым хан сияқты бағындыра алмаған . Оның қарамағындағы атты әскер саны ___________ болатын »-дейді .

Ал тарихшы ___________ Қасымның бүкіл Дешті Қыпшақ даласына билік жүргізгенің, оның халқы ____________ астам болғандығын айтады .

Қазақтың ғұлама ғалымы ___________ «Жәнібек хан ұлдарының арасында аса

Белгілі болғаны Қасым хан еді» деп жазады .(5мин)

4. Жеке жұмыс :

« Қасым ханның қасқа жолы »

мынадай ережелерден тұрады

1.(жер дауы , мал мүлік дауы )

2.(кісі өлтіру , талау , шапқыншылық жасау , ұрлық істеу )

3.(аламан міндеті , қосын жасақтау , қара қазан , ердің құны , тұлпар ат)

4.(майталман шешендік,халықаралық қатынастағы сыпайылық,әдептілік,сыпайылық)

5.(шүлен тарту,ас,той,мереке,думан үстіндегі еределер,ат жарыс , бәйге ережелері,

жасауыл)(6мин)

Дарынды оқушының жұмысы.баяндама


Оқушылар өз топтарына бөлініп берілген тақырыпша бойынша оқиды.

Топта өзара талқылайды,талдайды, түсінеді


Оқушылар топқа бөлінген тапсырмаларды оқып түсінгендерін « Аялдама » әдісі арқылы түсіндіріп,баяндайды.

Тапсырманы орындау үшін ізденеді,талқылайды,ой бөліседі.

Оқушылар сол арқылы білімдерін бір жерге жинақтап, жаңа тақырыпты ұғып алады.



Оқушылар ізденеді,ойланады,ой түйеді,шешім қабылдайды.






Қорытынды

1)Бекіту тапсырмасы : Кестемен жұмыс- дәптерге жазу (7мин)

Бағалау.

Топтық. Екі жұлдыз , бір тілек топты бағалау.(5мин)

3)Үйге тапсырма: Венн диаграммасы Керей мен Жәнібек хандар мен Қасым ханның ел билігіндегі ұқсастықтары мен ерекшеліктерін жазу.(1мин)

4)Рефлексия:

1. Бүгінгі сабақ маған___(ұнады)______(ұнамады)_Қысқа мерзімді жоспар Қасым хан 7 сынып Қысқа мерзімді жоспар Қасым хан 7 сынып(1мин)

Тақырып бойынша алған білімдерін қорытындылайды.

Оқушылар бағаланады.


Үй тапсырмасын түсіріп алады.

Сабақтан алған әсерін баяндайды. Кей оқушы сыныпқа оқып береді.






© 2010-2022