Ашық сабақ Білімділер сайысы

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:20. 01. 12.

Сабақ тақырыбы: «Білімділер» сайысы.

Сабақ мақсаты: 1) Оқушылардың Қазақстан және дүниежүзі тарихы пәнінен өз

білімдерін ортаға салып қайта өңдеуге белсендіру.

2) Тарих пәнінен білімдерін шыңдап, оқу деңгейінің

белсенділігін арттыру.

3) Оқушыларды білімділікке, елжандылыққа, сүйіспеншілікке

үйрету.

Сабақ түрі: Сайыс сабақ

Сабақ әдісі: Ынталандыру, сұрақ - жауап, ой толғау,

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, қима қағаздар, плакаттар.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу

2. Түгендеу

3. Сабаққа даярлау

II. Сайыс барысымен таныстыру.

  • І - тур. Таныстыру

  • ІІ - тур. Бәйге

  • ІІІ - тур. Дода

  • ІV - тур. Ойлан тап

  • V - тур. Байқампаздар сайысы

Ойынның өтілу тәртібі:

1.Ойынға екі топ қатысады, әр топ жетекшісі сайланады.

2. Топ атауы, ұраны болады.

3.Тәуелсіздікке арналған эмблема жасау үй тапсырмасы ретінде берілді.

4. Әр топқа ойын барысында тапсырмалар беріледі.

5. Соңғы сайыс топ басшыларына арналады.

Бірінші - тур

Әр топтың аты,ұраны таныстырылады.

Тәуелсіздік тақырыбына арналған

эмблема таныстырылады. 10 ұпаймен бағаланады.

Екінші - тур «Бәйге»

1 минут ішінде оқылған сұрақтардың дұрыс жауаптары бағаланады. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. Тарих пәні бойынша сұрақ.

Бірінші - тур сұрағы.

1. Француз тілінің негізін қай халықтардың тілі құрады? Латын - Герман

2.Франк мемлекетінде «Майордом»қандай қызмет атқарды? Ең жоғарғы билеуші.

3. Рим империясы қашан құлады? 395ж

4. Ислам дінінің негізін салушы? Мұхаммед пайғамбар.

5. Эфталиттер деген кімдер? Орта Азияда мекендеген Ақ - ғұндар бірлестігі.

6. Киев Русін құрған кінәз? Олег

7. Пар мен себуді пайдаланған егіншілік түрі? Қостанапты егіншілік.

8. Еуропада әскери іспен айналысатын феодалдар қалай аталды? Рыцарь

9. Еуропада шаруалар қалай жікке бөлінді? Басыбайлы ж/е ерікті.

10. Реконкиста деген не? Арабтарға қарсы күрес «Қайтарып алу» мағанасы.

Екінші - тур сұрағы.

1. Чомпилер деген кімдер? Флоренциядағы жалдамалы жқмысшылар.

2. Күздік, пар ж/е себуді пайдаланған егіншілік түрі? 3 танапты

3. Орта ғасырларда «Бір қап бұрыш» деп кімдерді атаған? Аса бай адамдарды.

4.Еуропа қалаларында не себепті жұқпалы аурулар жиі тарады? Ластықтан.

5. Еуропада алғашқы университеттер қашан пайда болды? 12 ғасырда.

6. Ортағасырлық мүсіншілер нені бейнелеуге тырысты? Ананың мүсінін.

7. «Орыс қалаларының анасы» қай қала? Киев

8. Христиан діні неше тармаққа бөлінді ата? Католике ж/е православие.

9. Крест жорығы деген не және неше крест жорығы болды? Христиан жауларына қарсы жорық. 8 крест жорығы болды.

10. Жапон феодалдық қоғамындағы негізгі кәсіби, әскери топ? Самурайлар.

Үшінші - тур «Дода»

Ашық сабақ Білімділер сайысы

20

1.Түркі тілдес тайпалардың ортақ атауы - Теле

2.Қытай шежіресі бойынша «түрік» сөзі қай сөзден шыққан? Теле сөзінен

3.Түріктер Букрат тауларында кімдерді талқандады? Аварларды

4.Түркеш қағанатының кіші ордасы? Күңгіт

5.Суяб қаласы қандай өзеннің бойында орналасқан ? Шу өзені

6.Батыс Түрік қағанатының жерін шығыста - Алтайға, батыста - Памир тауына дейін жеткізген қаған.? Шегу

7..Ташкент қаласының бұрынғы аты? Шаш

8.Селифтер қандай қызмет атқарды? Салық жинау

9.20 жылға созылған соғыс кімдердің арасында болды? Қара Түркештер мен Сары Түркештер

10.Оғыздардағы әскербасы қалай аталды? Сюбашы

11.Батыс Түрік қағанатында сот ісін атқарушылар? Бұйрықтар мен Тархандар

12.Тулис тауында тұрып оғыздарға бағынышты болған тайпа? Қарлұқ


ТАшық сабақ Білімділер сайысыАшық сабақ Білімділер сайысыөртінші - тур «Олан тап» Ғалымдар туралы Әр дұрыс жауап 5 ұпай.

Ашық сабақ Білімділер сайысы

Ашық сабақ Білімділер сайысыАшық сабақ Білімділер сайысыАшық сабақ Білімділер сайысыАшық сабақ Білімділер сайысыАшық сабақ Білімділер сайысы




Жанып тұрған оттың арасынан өтіп, қаған қабылдауында болған Византия елшісі

Земарх

Соғдылардың Түркістан мен Жетісуға қоныс аударуы саудаға байланысты деп айтқан зерттеуші

Бартольд

Қарлұқтарда 9 тайпа болды деп жазған араб тарихшысы

Марвази

Кім оғыздарда 24 тайпа болды деп жазды?

М.Қашқари

Қарлұқтар туралы "Қаған қаласының халқы көп бекінісі мықты,әскері және қару-жарағы мол" -деп жазған ғалым.

Әл - Идриси

"Оғызнама" дастанын толық жазған тарихшы

Әбілғазы хан

Жетісу қазақтарының Ұмай анаға табынуы туралы жазған қазақ ғалымы

Ш.Уалиханов

Қарахандар жылқы малына ерекше көңіл бөлді деп жазған кім?

Ж.Баласағұн

5 - тур «Байқампаздар» топ басшылар сайысы.

Әр топ басшысы берілген түсініктер ішіндегі қатесін табу керек.

Әр сұрақ 1 ұпаймен бағаланады.

1 топ басшысына арналған тапсырмалар

1. Қаңқаш - шонжарлар кеңесі.

2. Сұлу қағанды өз қолбасшысы қастандықпен өлтірді.

3. Атлах шайқасынан кейін қытайлар Жетісудан

біржолата кетті.

4. Қарақытай мемлекетін құрған Орталық - Азиялық тайпа - қимақтар.

5. Қорқыт ата кітабы 12 жырдың қосындысынан тұрады.

6. Наймандардың астанасы - Балықты Шу өзенінің бойында орналасқан.

1 топ басшысына арналған тапсырмалар жауабы

1. Қаңқаш - шонжарлар кеңесі.

2. Сұлу қағанды өз қолбасшысы қастандықпен өлтірді.

3. Атлах шайқасынан кейін қытайлар Жетісудан

біржолата кетті.

4. Қарақытай мемлекетін құрған Орталық - Азиялық тайпа - қидан.

5. Қорқыт ата кітабы 12 жырдың қосындысынан тұрады.

6. Наймандардың астанасы - Балықты Орхон өзенінің бойында орналасқан.

2 топ басшысына арналған тапсырмалар

1. Балбал тастар Орталық Қазақстан мен Жетісуда өте көп кездеседі.

2. Соғдылар Жетісуға қоныстанды.

3. Атақты қобызшы Қорқыт ата күмбезі орналасқан аймақ - Түркістан.

4. Жазу өнерінің дамуына байланысты түріктердің жазба әдебиеті ҮІІІғ дүниеге келген.

5. Керейіттер Онон өзенінің бойында қоныстанды.

6. Шыңғыс ханның жалайырлар ішіндегі ең жақын адамы - Мұқылай.

2 топ басшысына арналған тапсырмалар жауабы

1. Балбал тастар Орталық Қазақстан мен Жетісуда өте көп кездеседі.

2. Соғдылар Жетісуға қоныстанды.

3. Атақты қобызшы Қорқыт ата күмбезі орналасқан аймақ - Қызылорда.

4. Жазу өнерінің дамуына байланысты түріктердің жазба әдебиеті ҮІІІғ дүниеге келген.

5. Керейіттер Керулен өзенінің бойында қоныстанды.

6. Шыңғыс ханның жалайырлар ішіндегі ең жақын адамы - Мұқылай.

6 - тур «Сөзжұмбақ» сайысы. Топтар даярлап келген сөзжұмбақтарын жасырады.

Төрешілер сайс бағасын беріп өз тілектерін айтады.

Мұғалім сабақты қорытып оқушыларды құттықтап тілек білдіреді.

Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі

Ж.Жабаев атындағы №6 орта мектеп








Ашық сабақ Білімділер сайысы







Тақырыбы: «Білімділер» сайысы







Өткізген: Шынтаева Н.С.

Талғар қаласы.

Ашық сабақ Білімділер сайысы

Ашық сабақ Білімділер сайысы

© 2010-2022