Оңтістік Қазастан және Жетісу

Раздел История
Класс 6 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы Оңтүстік Қазақстан және Жетісу өңірі

Мақсаты
• Білімділік: Адамның темірді ойлап тауып, одан құрал жасаған кезеңі - темір дәуірімен танысқандарын еске түсіріп, осы дәуірдегі Оңтүстік Қазақстан аймағының Жетісу деп аталу себебін, орналасқан аймағын картадан көрсету, оның табиғаты, өркендеген мәдениеттің орталығы болғандығын естеріне сала отырып, ерте темір дәуірінде осы аймақты мекендеген тайпалар туралы түсініктерін қалыптастыру.
• Дамытушылық: Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пайдалана отырып, сұрақ қою, жаңа материалмен байланыстыру арқылы оқушылардың ойлау қабілетін, қосымша материал ұсына отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
• Тәрбиелік: Оңтүстік Қазақтың кең Жетісу өңірі оны мекендеген тайпалардың мәдени ескерткіштеріне тоқтала отырып, оқушыларды еліне деген сүйіспеншілдікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:
Қазақстан картасы, қалташалар, карточкалар, кестелер, видеоролик, т.б.
Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс, «Жигсо» әдісі, «ыстық орындық» әдісі

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру

1.Амандасу, оқушыларды түгендеу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру «Ыстық орындық» әдісі


Сұрақтары : Жауабы:

1.Сақ тайпаларының патшайымы: Томирис
2.Алғашқы қауым ыдырап,не орнады? ру, тайпа
3.Шошақ бөріктілер: тиграхауда
4.Геродот сақтарды кімдер деп атады? массагет
5.»дұшпанға-қатал,досқа- ---» адал
6.Сақ тайпаларыныңбірі. парадарайа
7.Малшылар қонысы болған қала. Ташкент
8.Сақтар баспанасы. Киіз үй
9.Тарих атасы Геродот
10.Сақ қоғамдағы үшінші сатыда. Егіншілер
11.Темірді немен балқытылды? Қалайы,мыс


ІІІ. Жаңа сабақ 1.Мұғалім тарапынан сұрақтар, қызығушылығын ояту үшін видеороллик көрсету

«Жигсо»әдісі арқылы оқушыларды топқа бөліп, мәтінмен жұмыс жасау
І топ- Сақтардың мәдени мұрасы.
ІІтоп- Бесшатыр қорымы.
ІІІ топ- «Алтын киімді адам».
ІҮ топ- «Аң стилі».

Топ басшысы екінші топқа барып оқыған мәтінін түсіндіру.

Тақырыпты ашу мақсатында оқушыларға өз бетімен постер қорғайды.
Алған білімдерін картамен және электронды оқулықты пайдалана отырып, білімдерін толықтыру
ІҮ. Бекіту: Тест тапсырмаларын тарату

1.Есік обасынан табылған 26 таңбадан тұратын жазуы бар зат
А) Алтын табақша
В) Қола тостаған
С) Мыс табақша
D) Ағаш табақша
Е) Күміс табақша
2.Антропологтардың анықтауынша Есік обасындағы жерленген адамның жас шамасы
А) 10-11
В) 14-15
С) 25-26
D) 40-50
Е) 17-18
3.«Аң стилі" дәстүрімен сақтар жорықтар кезінде танысқан ел
А) Алдыңғы Азия мен Иран
В) Алдыңғы Азия мен Қытай
С) Қытай мен Индия
D) Қытай
Е) Индия
4.Аңдық стиль пайда болған ғасыр
А) б.з.б. У ғ
В) б.з.б. ІУ ғ
С) б.з.б. УІІ ғ.
D) б.з.б. І ғ
Е) б.з.б. ІІІ ғ
5.Сақтар обасындағы сағанаға жер астымен келетін арнайы жол
А) Саркофаг
В) Дромос
С) Қабір
D) Сағана
Е) Менгир
6. Іле өзенінің оң жақ жағалауындағы сақ қорымы
А) Шілікті
В) Есік
С) Берел
D) Бесшатыр
Е) Іле
7.Бесшатыр қорымындағы обалар жиынтығы
А) 11 оба
В) 17 оба
С) 83 оба
D) 51 оба
Е) 31 оба
8.Бесшатыр обасының мерзімі
А) б.з.б.5-4 ғғ
В) б.з.б.5-1 ғғ
С) б.з.б.7-6 ғғ
D) б.з.б.6-5 ғғ
Е) б.з.б.8-5 ғғ

9.Шығыс Қазақстандағы алып патша қорғандары кездесетін аудан
А)Іле ауданы
В)Зайсан ауданы
С)Тасмола алқабы
Д)Алакөл ауданы
Е)Екібастұз ауданы
10.Құрбандыққа шалынған 13 жирен жылқы қаңқасы табылған қорым:
А)Есік
В)Берел
С)Аққыр
Д)Бесшатыр
Е)Талды

Ү. Үй тапсырмасы Оқулықтың 16 тақырыпты оқу. Қосымша деректермен жұмыс ҮІ.Бағалау
ҮІІ.Рефлексия

1.1.Не білдім? Не білгім келеді? сұрағына жауап жазу.
1.2.Сабақ туралы пікірлерін білдіру кестеде Не білдім? Не білгім келеді? Әңгімелесу
Жеке жұмыс

© 2010-2022