Научная работа тема ЭКСПО -2017 в Казахстане

Раздел История
Класс 5 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақмола облысы

Бурабай ауданы

Ұрымқай орта мектебі



Тақырыбы: «Қазақстан үшін ЕХРО - 2017 -ның мағынасы»







Орындаған: Байгабулова Айдана, 5 «Ә» сынып оқушысы.

Жетекшісі: тарих пәнінің мұғалімі, Сарсекеева Даулет Жарылкасыновна

Жоспар

І. Кіріспе:

ЕХРО көрмесінің тарихы тереңде......................................................

ІІ. Негізгі бөлім:

ЕХРО -2017 көрмесі Қазақстанның әлеуетін көрсетуге зор мүмкіндік.................................................................................

а) ЕХРО көрмесі бізге қалай әсер етеді?.........................

ІІІ. Практикалық бөлім......................................................................................

ІV.Қорытынды...................................................................................................









Жұмыстың тақырыбы: «Қазақстан үшін ЕХРО - 2017 -ның мағынасы».

Секция: Экология.

Зерттеудің мақсаты: Мектеп оқушыларына "ЕХРО -2017" көрмесінің

Қазақстан үшін маңыздылығын ақпараттандыру,

табиғатты қорғауға үгіттеу.

Өзектілігі:

Жобадан ЕХРО көрмесі жайлы мағлұматпен қаруланған болашаққа сене алатын 4-7 сынып оқушыларын көрме жайлы біліммен қаруландырмақпыз. ЕХРО ол тек елдің, халықтың ғана тағдыры емес, ол барлық әлемнің тағдыры. Неге осы әлемдік тағдырға ат салысып оны насихаттамаймыз? Бұл жоба маған өзінің тарихымен, зәулім, аспанмен таласқан теңдесі жоқ алып ғимараттарымен қызықтырды. Бұл жолы да қазақ халқы салт-дәстүрімізге сай өз мейірбандығымызбен қоса қонақ жай халық екенін білдіртіп, қонақ күтуде бар өнерін салар деп ойлаймыз. Біз де, оқушы жастар, назардан тысқары қалмаймыз.

Міндеттері:

  1. Көрменің тарихымен таныстыру.

  2. Статистикалық зерттеулар жүргізу.

  3. Мектептегі «Жасыл желек» мектеп орманшылығының жұмысымен таныстыру.

Зерттеу әдістері:

  • Сауалнама жүргізу.

  • Әр түрлі ақпарат құралдарымен жұмыс.

  • Мектепішілік «Жасыл энергетика -2017» атты суреттер сайысын өткізу.

  • Насихаттау.

Зерттеуден күтілетін нәтиже: Қазіргі қоғамда адамзат, тіпті ауыл халқы да, бала-шаға асырау үшін күндіз - түні ерінбей еңбек етуге мәжбүр. Олар елдің жаңалықтарынан біршама тысқары қалуда. Біз өз еңбегімізді өз ауылымыздың ішінде насихаттауға бел будық. Алдымен оқу мен тоқудан, ойын мен мектеп мерекелерінен қолдары босамайтын оқушылар арасында, өз жұмысымызды таныстыруға ұйғардық. Сауалнама арқылы ЕХРО туралы білер - білмейтіндерін біліп алдым. Сауалнама қорытындысы дегенімен мәз емес болып шықты. Бұл әрине ұятты нәрсе болса керек! Өйткені біздің облыстың және ауданның орны ерекше. Мұнда туризм саласын дәріптейтін нысаналар салынбақ. Біз өз еңбегіміздің арқасында көрменің қайда және қалай пайда болғаны жайлы түсіндіремін. «Жасыл желек» тобының шағын жобасымен таныстырамын. Олардың Ұрымқай орта мектебін көгалдандыру жұмысын жүргізеді. Ауыл, мектеп ауласын қоқыстан тазарту мақсатында сенбіліктер ұйымдастырады.









І. КІРІСПЕ

Қазақстанға да өз қуаттылығын көрсететіндей мүмкіндік туып отыр. Ол ЕХРО - 2017 көрмесі. Көрменің тақырыбы «Болашақ энергиясы» деп аталады. Энергия көзі де сарқылатын байлық көзі болып табылады. Қазіргі кезде, тиімді ,қоршаған ортаға еш теріс әсері жоқ балама энергия көзін іздестіруде. Ол үшін жел, күн бір ауыз сөзбен сарқылмайтын байлық көзінен қуат алатын энергия қажет. Бұл энергия көзі табылса тек пайдалы ғана емес табиғаттағы тепе-теңдікті сақтап қалуға тырысатындай жағдай жасар едік. «Астанада бүкіләлемдік көрме өтетін болды» Бірақ ЕХРО деген не? Мақсаты мен мұраты неде? Ауқымы қандай? Оның бізге берері не? Осындай ауқымды шараны өткізуге біздің мүмкіндігіміз келе ме? ... Деген сұрақтар әр бір қазақстандықтың қояр сұрағы болар.

ЕХРО деген не? Бұл бүкіл әлемдік көрме. Бір жарым ғасырлық тарихы бар көрме. «Уикипединың» тілімен айтсақ «индустрияландырудың жаңа белгісі және техникалық һәм технологиялық жетістіктерді көрсететін мүмкіндік»

Ең алғаш бұл көрме 1851 жылы Ұлыбритания жерінде өткен. Содан бері бері қарай бұл көрме алпыс бес рет өткен екен. «Уикипедия» жариялаған соңғы мәліметтерге сүйенсек: «ЕХРО - 2017» өткізу үшін тендерді ұйымдастырушылар көрме өткізетін елге бұл шараның 2,3 миллиард долларға түсетіні бағаланған. Көрмені өткізуге екі қала таласқан. Олар біздің Астанамыз және Бельгияның Льеж қаласы. Тендерді ұтып алуын ұтып алдық, ендігісі енді оны абыроймен өткізу. Бұл қомақты қаржыны ғана емес,кәсіби биліктілік пен үлкен қажырлықты да талап ететін шара. Бізбен бәсекелес болған Льежде бүкіл әлемдік көрме екі рет - 1905, 1930 жылдары өткізілген.

Әйгілі Гайт паркте алғаш көрменің шымылдығын ашқан Лондон араға он бір жыл салып, екінші рет өткізіп үлгерген Америка Құрама Штаттарының әр қаласында бұл көрме жиырма рет өтсе , бір ғана рет Париждің өзі сегіз рет бүкіләлемдік көрме қонақтарына қызымет көрсеткен. Брюссаельде төрт рет өткен. Айтпақшы Парижде 1889 жылы Эйфель мұнарасы , ал 1908 жылы Амурдан өтетін көпір салынған екен.

Парижде өткен Халықаралық көрме бюросының бас ассамблеясында өткен дауыс беру рәсіміне мемлекет басшысы Н.Назарбаевтің барып қатысуын сан-саққа жүгірткендер де жеткілікті. Біздің міндет соның барлығын жоққа шығарып, бүкіләлемдік көрмені өз деңгейінде ұйымдастырып өткізу Қазақстан үшін дауыс берген 103 елдің үмітін ақтау.

«ЕХРО - 2017» 10 маусымда басталып, 10 қыркүйекте аяқталады деп жоспарланып отыр

«Болашақ энергиясы» жобасының түпкі ойы тұрақты қуат көздерін басқаруды қамтамасыз ететін шешімдер мен әдістерге қоғамдастық назарын аудару болып табылады. Бұл әдістер ауа-райы өзгеруімен және көмірқышқыл газының шығарылуымен күресуге; балама қуат көздерін пайдалануға ынталандыруға бағытталған, оның ішінде қалпына келтірілетін қуат көздерін пайдалану және энерготиімділік жөніндегі бағдарламаларды енгізу; энергиямен қамту сенімділігін қамтамасыз ету; энергияны өндіру, сақтау және пайдалануды басқару; және тұрақты қуат көздеріне жалпы қол жетімділікті қамтамасыз ету. Ел ордасы Астана қаласының ЕХРО көрмесіне дайындалып жатқаны сөзсіз. Қалада аспанмен тілдескен алып ғимараттар бірнеше жыл қатарынан салынуда.

Егер де, ЕХРО көрмесі аясында Бурабай қаласында «эко үйлер» қойылатын болса, Қазақстан Республикасындағы ең-ең әсем ауданы болып танылатын Бурабай ауданының, тек қана Республикалық дәрежеде туристтік нысана ретінде танылып қана қоймай, көрмеге келген қонақтарымыздың арқасында, саяси картада орын алған Қазақстан деп аталатын мемлекет қана емес, әсем әрі шипалы аудан ретінде таныламыз. «Эко үйлер» ұлттық нақышта, кигіз үй түрінде жасалып, қонақтарымызға салт-дәстүрімізді көрсете білсек, қандай есте қаларлық әрі болашақта ел экономикасына оң әсерлі жағдай. Ел ордасы Астана мен Бурабай аралығына керемет халықаралық талаптарға сай тас жолы салынып, қолданысқа берілді. Ендігі кезек осы тас жолының екі шетінен бастап, Астана қаласының құшақ жая қарсы алған кең даласын көгалдандыру, яғни көшеттер отырғызу. Оған тікелей мысал «Жасыл ел» бағдарламасы. Бұл бағдарлама тек қана, көгалдандыру жұмысымен айналысып қана қоймай, Ұрымқай ауылы сынды, кішігірім ауыл халқына, жаз айларында болсын, қаражат табуға, жанұя асырауға зор көмек, ерінбей еңбек етем деушілерге, екі қолға жұмыс.

Ұрымқай орта мектебінің мұғалімдер ұжымы мен оқушылары да туған өңірімізді көгалдандыруға көп еңбек сіңіруде. Мысалы, әр түрлі оқушылар санатынан «Жасыл желек» атты мектеп орманшылығы тобы құрылған болатын. Облыстық экологиялық конкурсқа 2010 жылы қатысып 1 орын, 2014 жылы қатысып, 2 орынды иемденсе, тіпті республикалық конкурсқа 2011 жылы қатысып 2 орындарға ие болып келеді.

Облыстық және аудандық және ауылдық экологиялық сенбіліктерге үнемі қатысамыз. Мектеп қабырғасында баубақша отырғызылады. Баубақшаға жаз бойы баптау жұмыстарында жүргізетін «Жасыл желек» экологиялық тобының мүшелері. Биылғы жылы мектеп ауласына 10 шақты аққайың ағашы мен 15 шақты терек ағаштарын отырғызған болатын. Бұл топтың мүшелері төменгі буын оқушыларына үлгі саналады. Міне, біздің мақтанышты тобымыздың шағын ғана туған өлкесіне тигізетін әсері осындай. Жасалған жұмыс түрі көрмеге қосылған шағын ғана үлесім деп санаймын.

Көрме тақырыбы жайлы, мектебіміздің жоғарғы сынып оқушылары қаншалықты ақпараттандырылғандықтарын сауалнама арқылы тексердім. Сауалнама 9-11 сыныптар арасында жүргізілді. Сауалнама сұрақтары төмендегідей?



  • ЕХРО тақырыбы қандай екенін білесің бе? «ИӘ» «ЖОҚ»

  • ЕХРО туралы білесің бе? «ИӘ» «ЖОҚ»

  • Астана қаласы мен біздің Бурабай ауданының экономикасын өзгерте ме? «ИӘ» «ЖОҚ»

  • Көрменің Қазақстан үшін пайдасы бар ма? «ИӘ» «ЖОҚ»

Осындай сұрақар қою арқылы, оқушылардың көрмеден қаншалықты хабардар екендерін, төмендегідей қорытынды шығардым. Сауалнамаға қатысқан оқушылардың жауаптары төмендегідей:Кестеге назар аударып, қорытынды жасайтын болсам, көрме тақырыбын тек 42% «иә» деген жауап берсе, қалған 58% білмейтіндерін көріп тұрмыз. Көрме туралы оқушылардың 60% мұлдем білмейді екен. Ал Астан мен Бурабай ауданының экономикасына өзгеріс әкелетініне 22% оқушылар сенім білдіртсе, қалған 78% «жоқ» деген жауаптарын берген болатын. Соңғы сұраққа оқушылардың 70% оң жауаптарын берді.

Көрме тақырыбына байланысты, тек сауалнама ғана өткізіп қоймай, төменгі және орта буын сынып оқушыларының арасында «Жасыл энергетика -2017» атты суреттер конкурсын өткіздім. [1]

Содан соң, «Жасыл желек» орманшылық тобы өздерінің Ұрымқай орта мектебінің ауласын көгалдандыру дизаин үлгісімен таныстырған болатын. [2]

Көрме тақырыбын таныстыру менің негізгі жұмысым болғандықтан, оқушыларды көрменің тарихымен, жалпы ол туралы ақпараттармен таныстырдым. Таныстырудың соңында, 4 сынып оқушысы Туймакова Акнурды, «Жасыл энергетика -2017» атты суреттер сайысының жеңімпазын марапаттадым. [3] Ал оқушылардың мені қаншалықты мұқият тыңдағындарын білу үшін, ақпараттандырудан соң, тағы да сауалнама алдым.

Сауалнама төмендегідей сұрақтардан тұрды?

  • Біздің елде өтетін көрме маңызды ма? «ИӘ» «ЖОҚ»

  • Қарапайым халыққа оң әсері бар ма? «ИӘ» «ЖОҚ»

  • Сен өз үлесіңді көрмеге қосуға даярсың ба? «ИӘ» «ЖОҚ»

  • Көрме біздің өңірімізге өзгерістер әкелеме ? «ИӘ» «ЖОҚ»

Оқушылардың 70%, көрменің біздің өңірімізге жаңа жаңалықтар, экономикалық өзгерістер әкелетіндеріне сенімді.

Әр адамның өз ойлау, түсінік деңгейлері бар. Мен де, осы жоба атауына өзімнің туған өлкем, Республикамыздың маржаны Бурабай ауданында орналасқан, Ұрымқай аулымен байланыстырғым келді. Осы тақырып төңірегінде, сүйікті мектебімдегі «Жасыл желек» экологиялық тобппен таныстыру, менің жұмысымның негізгі мақсаты деп санадым.



Қорытынды.

Қорыта келгенде, күннен күнге дамып жатқан заманауи технологияларды тиімді пайдалану үкіметтік деңгейде қолға алынса, біздің дәстүрлі энергия көздеріне тәуелділігімзіді айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік туар еді. Сонда біз қоршаған ортаны зиянды қалдықтардан қорғап қана қоймай, көптеген жұмыс орнын құрып, сатып алу қабілеттілігін арттыра аламыз.

Жоба бойынша өткізілген жұмыс нәтижесінде, 4-7 сынып оқушылар арасында «ЕХРО -2017» халықаралық көрмесі туралы білімдерін толықтырдым. Көктем айының аяқ кезінде, мектептегі «Жасыл желек» жас орманшылар тобы мен мектеп әкімшілігі бірлесіп құрылған көгалдандыру жоспарын жұзеге асырмақшы. Қазақстан дамуына оқушылардың да үлес қосуы үздік оқу, қоршаған ортаны қорғау, тұрмыста электр энергиясын үнемдеу сияқты қарапайым ережелерді сақтауларында.

Сондықтан біздің Тәуелсіз жас мемлекетіміз үшін «ЕХРО -2017» көрмесін өткізудің маңызы зор. Жеңіс біз үшін өте маңызды.







08-Окт-2013

ЭКСПО-2017 - дамудың бетбұрыс белесі

Еркіндікті еншілеген егемендігіміздің тарихында көңіл марқаяр толайым табыстар толып жатыр. Шешендігі мен көсемдігі даугершілікте, батырлығы мен ақылдылығы жаугершілікте сыналып, қайратты қажырлылықпен қадамын нық басқан Алаш ұрпағы арманын аласартқан емес. Асыл арман ешқашан адастырған да емес. Тәуелсіздігімізге тірек, елдігімізге тілек, барша қазаққа жүрек болған Астанамыз мәртебемізді биіктетіп, айбынымызды асқақтатты. Алысты жақындатты. Қазақ Елін жатқа танытты. Таныта да бермек. Оның бір айқын дәлелі - бүкіләлемдік ЭКСПО-2017 көрмесі болмақ.

Еркіндікті еншілеген егемендігіміздің тарихында көңіл марқаяр толайым табыстар толып жатыр. Шешендігі мен көсемдігі даугершілікте, батырлығы мен ақылдылығы жаугершілікте сыналып, қайратты қажырлылықпен қадамын нық басқан Алаш ұрпағы арманын аласартқан емес. Асыл арман ешқашан адастырған да емес. Тәуелсіздігімізге тірек, елдігімізге тілек, барша қазаққа жүрек болған Астанамыз мәртебемізді биіктетіп, айбынымызды асқақтатты. Алысты жақындатты. Қазақ Елін жатқа танытты. Таныта да бермек. Оның бір айқын дәлелі - бүкіләлемдік ЭКСПО-2017 көрмесі болмақ.


Уақытқа шегініс жасасақ, өткен жылдың соңы, атап айтқанда 22 қараша бүкіл қазақстандықтар үшін айтулы күн болды. Сұлулық пен сымбаттылық салтанат құрған Париж қаласынан жеткен қуанышты хабар халықты қуантты әрі толқытты. Қуанғанымыз - ортақ мұраттың жеңіске жетіп, ел мерейінің өскені болса, көңілдегі толқыныс - жауапкершілікті сезінгеніміз еді. Халықтың пікірі екіге жарылды: бірі жақсылық хабардың жаршысы болып тілеулестік танытса, бірі «бос шығын, пайдасынан зияны көп» деп көлгірсіді, тереңірек үңіліп, байыбына бармады ма, қалай өзі?! Елбасы бұқара халық арасында түсіндіру жұмыстарының тыңғылықты жүргізілмей, игі шараның өз деңгейінде насихатталмауын сынға алды. Орынды.

Тәуелсіз мемлекетіміздің Халықаралық көрмелер бюросына тұрақты мүше болып енгеніне 16 жыл толыпты. Болашақты болжап, бағдарлауда қателеспейтін Елбасы егемендіктің алғашқы жылдарында-ақ Қазақстанды келешекте бүкіл әлем танып, мойындайтынын айтқанда таңдай қаға таңырқағандар да, басын шайқап сенбегендер де болды. Ел экономикасын өсіріп, ішкі және сыртқы істерді біріздендіріп, саяси тұрақтылық орната білген Мемлекет басшысы нағыз істің адамы екенін және бір дәлелдеді. ЭКСПО-2017 бүкіләлемдік көрмесін елімізде өткізу мүмкіндігіне ие болуымыздың астарында қарапайым халықтың еңбегімен бірге Елбасының биік беделі, асқақ абыройы мен тұлғалық танымалдылығы жатыр. Иә, ақиқаты сол, бұл жеңісті жылдамдатқан Елбасының көрегендігі, білімдарлығы мен біліктілігі! Дос қуанып, дұшпан күйінді. Тілеулес жұрт сүйсінді. Көре алмастар күрсінді. Мәңгілік Ел мұраты мұнымен шектелмек емес.

Аты да, заты да салмақты дүниежүзілік беделді ұйым ұйымдастыратын іс-шараларға Қазақстан 2005 жылдан бері белсенді қатысып келеді. Испания Корольдігінің Сарагоса қаласында «Су және тұрақты даму» айдарымен өткен ЭКСПО-2008 Дүниежүзілік көрмесінде әлемнің 104 мемлекеті павильондарының арасында біздің елдің павильоны «С» дәрежесі бойынша қола жүлдені иеленді. Қазақстанда Дүниежүзілік көрме өткізу идеясын алғаш рет Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы көрменің ашылу салтанатында жариялады.

2011 жылдың 10 маусымында ЭКСПО-2017-ні Астана қаласында өткізу жөніндегі ресми өтініш Париж қаласындағы Халықаралық көрмелер бюросына тапсырылды. Бүкіләлемдік ауқымдағы ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу құқығына орталық Азия мен ТМД мемлекеттерінің арасынан алғаш болып Астана қол жеткізді. Халықаралық көрмелер бюросына мүше 160 мемлекеттің 103-інің дауысын иеленген бас қаламыз ел мерейін үстем етті. Шүкіршілік.

Дүниежүзілік көрмелер тарихы 1851 жылы Лондон қаласында өткізілген «Барлық халықтардың өнеркәсіптік еңбектерінің ұлы көрмесінен» бастау алады. Барша көрме қойылымдары орналастырылатын ғимарат қажеттілігінен Хрусталь сарайы салынып, техникалық және технологиялық жаңалықтарға деген ұмтылыстың алғашқы қадамы жасалды. Бұл дәстүр халықаралық көрме шежіресінде күні бүгінге дейін жалғасып келеді. 1851-1900 жылдар аралығында экономика мен сауданың өсу толқынында туындаған өндірістік жаңалықтар ұсынылса, 1900-1939 жылдары «Дағдарыстан - болашақты көруге дейін» тақырыбында, ал 1958-1970 жылдары «Бейбіт уақыт және жаңғыру» ұранымен, 1974-1998 жылдары «Жаңа технологиялар дәуірі» сипатымен, 2000-2010 жылдар аралығында «Ертеңгі күн бүгіннен де жақсы болуы керек» тақырыбымен өтті. 2008 жылы Испанияның Сарагоса қаласындағы «Су және тұрақты даму» аталған көрмеде әлем назарына жаһандық су мәселесі ұсынылып, мұнда Еуропадағы ең үлкен тұщы су аквариумы орнатылды. Ал 2010 жылы Шанхай қаласында «Жақсы қала - жақсы өмір» ұранымен ұйымдастырылған дүниежүзілік көрмені 73 миллион адам тамашалап, ұйымдастырушылар 12 миллиард доллар пайда көрді. Орта бизнестің табысы шамамен 20 пайызға артты. Шанхайдағы шараға барлығы 192 мемлекет пен 50-ге жуық ұйым қатысқан. Күн сайын жүздеген мәдени және ойын-сауық шаралары өтіп тұрған. ЭКСПО-2010 қатысушылардың саны жөнінен, көрме қонақтары мен экспозициялардың аумағы жөнінен рекорд жасаған. Ал осы көрмеге қойылған «Астана - Еуразия жүрегі» атты Қазақстанның ұлттық экспозициясын 1 миллионнан астам адам тамашалаған.

Ең үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсететін ЭКСПО көрмесінде әлемнің барлық мемлекеті жаһандық дамудың жаңа күн тәртібін қалыптастыратынын айта келіп, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астананың жеңіп шығуы бекерден бекер емес. Біріншіден, елордамыздың әлемдік деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптасқаны баршаға белгілі болды. Екіншіден, таңдаудың Қазақстан пайдасына шешілуі мемлекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын білдіреді және Еуразия өңірінде де оның даму келешегі кемел екенін айғақтай түседі. Үшіншіден, біздің «Болашақтың энергиясы» атты өзекті тақырыпты ұсынуымыз жеңіске жетуімізге көмектесті. Іс жүзінде ІІІ индустриялық революция «жасыл экономикадан» басталмақ. Бұл ретте қай елде «жасыл экономика» болса, соның қолында жаңа технологиялар бар. Ал жаңа технологияларсыз енді даму жоқ. Яғни, ЭКСПО-2017 Қазақстан үшін экономикалық дамудың түбегейлі жаңа бетін ашудағы бетбұрыс бекетіне айналмақ! Ең бастысы, Астананың таңдалуы - Қазақстанның барша халқының күш-жігерінің нақты жемісі, бұл - тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның халықаралық сахнадағы ең үлкен жетістігі!» деген болатын.

ЭКСПО - таза әрі ашық бәсекелестікке арналған әлемдегі беделді алаң. Оның басты мақсаты - қатысушы мемлекеттердің адамзат өміріне қажетті барлық саладағы жаңа зерттеулері мен тың жаңалықтарын барынша насихаттау. Халықаралық көрмелер экспозиция ерекшелігіне байланысты екі түрге бөлінеді: Дүниежүзілік әмбебап көрмелер және Халықаралық мамандандырылған көрмелер. Дүниежүзілік әмбебап көрмелер бес жыл сайын алты ай бойына өткізіледі.

Бүкіләлемдік көрмені өткізудің қандай пайдалы жақтары бар, дүние жүзінің алпауыт мемлекеттері неге қызығушылық танытады деген сұрақтың тууы заңды. Жүргізілген зерттеулерге сүйеніп, талдау жасағанда байқағанымыз төмендегіше болды:

Біріншіден, көрмені өткізу құқығына ие болған кез келген мемлекет сол көрме өтетін қала экономикасына белгілі бір деңгейде инвестиция тарта алады. Бұл арада Халықаралық көрмелер бюросының өзі ірі инвесторлық жасайтынын ескеру керек.

Екіншіден, сырттан қаржы тартылған қаланың инфрақұрылымы жетілдіріледі. Жұмыссыздық азаяды - көрме нысандарын салу кезінде он мыңдаған жұмыс орындары ашылып, жаңа заман технологиясын игеруге, іскерлік пен білімділікті ұштастыруға жағдай жасалынады.

Үшіншіден, мемлекет пен көрме өтетін қалаға шетелдік туристерді тартуға үлкен мүмкіндік туындайды, бұл танымалдылықты арттырып қана қоймай ішкі жалпы табыстың өсуіне тікелей әсер етеді. Сонымен бірге, туризмді аса жоғары деңгейде ұйымдастыру шеберлігін меңгерер үлкен тәжірибе алмасу алаңы болады.

Төртіншіден, көрмені өткізуші мемлекеттің халықаралық аренада беделі биіктейді, абыройы артады. Бұл келешекте ғаламдық жобаларға қатысуға және оны жеңіп алуға ықпал етеді.

Бесіншіден, ұлттық құндылықтарымызды әлемдік ауқымда насихаттау мүмкіндігі туады. Бұл үшін осы мақсаттағы жұмыстарды жүйелеп, жанашырлықпен жүргізу қажет. Қай-қайсымызда атқарылар қайсыбір істе болмасын атүстіліктен аулақ болып, патриоттық, адалдық, адамгершілік, ұлтжандылық танытуымыз шарт. Астанадай айбарлы ақордасы бар алып мемлекет иесі - Қазақтың ұлттық ерекшеліктерін ұсынудың тамаша үлгісін көрсетуге осы бастан қамдануымыз қажет. Тарихымызға, мәдениетімізге, әдебиетімізге қатысты түрлі кітаптарды шет тілдерге аударып, келген туристердің назарына ұсынып, өзге де жан-жақты қосымша ұлттық көрмелер, концерттер ұйымдастыру керек. Баспасөзден оқығаным бар еді, Монреальда болған көрмеде ең үлкен павильон Кеңес Одағынікі, ал көрнекті бетке ұстар филиал біздің Қазақстан филиалы болыпты, оның павильонында ұлттық қолөнер түрлері көрсетілген екен. Қазақтың ою-өрнектерін, тұскиізі мен текеметін, тоқыған кілемін, жасаған ер-тұрманын тамашалаған шетелдіктер бір текеметті 6 мың долларға, бір тұскиізді 20 мың долларға сатып алған. Демек, біз келген қонақтарды ұлттық қадір-қасиетіміз бен мәдениетіміздің озық үлгілерімен, оның ішінде қазақы қолөнеріміздің таңғажайып туындыларымен таңғалдыра аламыз. Осы орайда педагог, ғалым-этнограф, тарихшы, қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен әдет-ғұрпының жаңарып, дамуына елеулі үлес қосқан, ұлттық мәдениетіміздің жоқтаушысы, жанашыры болған Өзбекәлі Жәнібековтің коллекциясынан көрме ұйымдастырылып, жинаған жауһар дүниелерін жиналған жұртшылықтың назарына ұсынамыз ба деген ой бар.

Алтыншыдан, ЭКСПО кезінде әлемнің түкпір-түкпірінен келген ең жаңа, заманауи технологиялар көрмеге қойылады, олардың жұмыс істеу принциптері көрсетіледі. Бұл бізге не береді дегенге келсек, жаңа технологияларды көру, әлемдегі озық технологиялар мен техниканың қай бағытта, қалай дамып бара жатқанына куә болу - еліміз бен дамыған мемлекеттер арасындағы технологиялық прогрестің айырмашылығын танытады.

Жетіншіден, бүкіләлемдік көрме барысында Қазақстанның тарапынан және шетел тарапынан салынатын жаңа жобалар, зерттеу орталықтары кейін де Қазақстанның керегіне жарап, ары қарай қызмет етеді. Бұл біз үшін межелеген дамушы отыз елдің қатарына ену процесін жылдамдатады.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев облыс әкімдерімен болған кездесуде еліміздің барлық өңірлері бүкіләлемдік көрменің өтуіне дайын болып және өткізілуіне белсенді түрде атсалысу қажеттігін айтып, тапсырмалар жүктеді: «Біріншіден, жұмыстың барлық көлемін өңірлер арасында қазіргі бағыттар негізінде бөлу керек. Мысалы, оңтүстік өңірлерде - азық-түлік, жеңіл өнеркәсіп өнімдері, солтүстікте - тағам, шығыс пен орталықта - машина жасау. Астана айналасында азық-түлік белдеуін жасау туралы жоспарымызды да қайта қарау керек. Екіншіден, қонақтар барып қайтатын өңірлерді дайындау қажет. Ол - Байқоңыр, Щучинск-Бурабай демалыс аймағы, Жоңғар қақпасы, «Алатау» инновациялық технологиялар паркі. Батыста да сондай орындар бар. Барлық жерде әлемдік деңгейге сәйкес жағдайлар жасау керек. Үшіншіден, индустрияландырудың аймақтық картасының барлығы көрмені дайындау мен ұйымдастыру жөніндегі Ұлттық жоспармен үйлестірілуі керек».

ЭКСПО-2017 көрме кешені толығымен жаңартылатын энергия көздерімен қамтамасыз етілетін болады. Астанадағы күн батереялары зауыты мен Ерейментаудағы жел стансасы көрмеге қызмет жасайды. Сарапшылар бұл айтулы оқиға елдегі баламалы энергетиканың анағұрлым қарқынды дамуына оң ықпал ететіндігін қазірдің өзінде анықтап отыр.

ЭКСПО-2017 бүкіләлемдік көрмесіне атау болған, біз ұсынған тақырып - «Болашақ энергиясы» - жел, күн, су, ғарыш баламалы энергетика, биомасса энергиясы, атмосфераға СО2 қалдықтарын төмендету мәселелерін терең қозғайтын өте ауқымды түсінік.

Баспасөз деректерінен белгілі болғандай, дүниежүзінің екі ірі мұнай компаниясы «British Petroleum» пен «Royal Dutch Shell» 2050 жылға дейін әлемдегі энергияның үштен бір бөлігі күннен, желден, басқа да баламалы көздерден алынып, адамзат энергияны үнемдемесе, әлемдік проблемаларға ұрынуы мүмкін деген болжам айтуда. Ғаламшарда климаттың, жер бетінде адам санының өсуі, сондай-ақ қазба байлықтар қорының түгесілуге жақындығы болашақта энергия үнемдеу мәселесінің үлкен рөл атқаратынын көрсетіп отыр. Сондықтан да Қазақстан ЭКСПО-2017 көрмесіне «Болашақтың энергиясы» тақыбырын ұсынды. Жерінде минералды ресурстары мен қазба байлықтардың үлкен қоры бар, елдегі өнеркәсіп өндірісінің 60 пайызға жуығын мұнай мен табиғи газ өндірісі құрайтын және осы байлықтардың қоры жағынан әлемде 11-орынға ие Қазақстан аталған тақырыпты халықаралық деңгейге алып шығарына сенім мол.

Еліміздің көп бөлігінде желдің орташа жылдық жылдамдығы секундына алты метр болғандықтан, қазақтың сайын даласында жел энергиясын пайдалану мүмкіндігі мол екенін зерттеушілер жасырмайды. БҰҰ Даму бағдарламасының негізінде Қазақстанда энергия ресурсы ретінде желден энергия өндіруге байланысты зерттеу жасалғанда, еліміздің климаттық ерекшеліктеріне байланысты кейбір аймақтарда жылына 3000 сағатқа дейін күн сәулесі түсіп тұрады екен. Бұл біздің өңірімізге, нақтырақ айтсақ Оңтүстікке тікелей қатысты. Халықаралық сараптаулар нәтижесінде Қазақстанда күн сәулесінің энергиясын пайдалануға да жол ашатын мүмкіндік бары анықталды. Ендеше, оңтүстіктің Өзбекстан Республикасымен шекаралас Сарыағаш, Мақтаарал аудандары үшін күн сәулесі энергиясын пайдалану мүмкіндігі туып отыр. Тек істің көзін тауып, халыққа қызмет көрсетудің озық үлгісін ұсыну қажет.

Көрменің тақырыбына сәйкес балама қуат көздерін (табиғи қуат көздері: жел; өндірістік суды қайта пайдалану және өзендерді; күн көзі қызуы; жерасты жылуы) пайдалануды іске асыратын бағыттарды белгілеу қажет. Сонымен бірге, балама қуат көздерін табумен қатар, осы электр қуаттарын тасымалдауды үнемдеуді ойластыру керек. Ал балама қуат көздерін пайдаланудың басты нәтижесі - экологиялық қауіпсіздік пен ауыл мен шағын қалалар тұрғындарының экономикалық, әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталуы.

Жақында газет бетінен қызықты материал оқыдым. Онда малдың қиын, нақтырақ айтқанда, көңін энергия көзі деп танып, «үшінші дүние» елдерінде суға бөктіріп, ерекше қоймалжыңға айналдырғанда одан бөлініп шыққан метан газын кәдімгі энергия көзі ретінде пайдаланатынын жазады. «Көңнен метан газын алуды жеделдететін реактив өндірісін әзірлеу мен осының бәрін кешенді түрде жүзеге асыратын техниканы дайындауға мемлекеттік мақсатты тапсырыс берілсе, бір жыл ішінде шешілетін мәселе» деп таниды. Мал шаруашылығымен айналысатын біздің өңіріміз үшін бұл тиімді ұсыныс. ХХ ғасыр басындағы Алаштың арда азаматы Әлихан Бөкейханұлының «Қазақтың оқыған азаматтары, қазаққа осындайда қызмет етпегенде қашан қызмет етіп пайдамызды тигіземіз?!» деген жанайқайын ЭКСПО көрмесін өткізу барысында қайталап айтқымыз келеді. Бұған Елбасының: «Біз туған мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне, халықаралық қауымдастықтағы беделінің өсуіне қызмет етуге қарыздармыз», деген қанатты қағидасын қосыңыз.

Жасампаздық пен толағай табыстарға кенеліп, Отанымыз Қазақстанды көркейтуде ЭКСПО сияқты бүкіләлемдік маңызға ие сындарлы істен ешкім де сырт қалмақ емес. Тек қана жаһандық деңгейдегі ұлы міндеттер мен мақсаттарға ұмтылған ұлттар ғана жеңіске жетеді. Сондықтан бәсекеге қабілеттілікке бет түзеу ұлт рухының ең маңызды міндетіне айналуы шарт. Қазақстанның әрбір азаматы мұны жақсылыққа, байлыққа, ақылдылыққа ұмтылыс деп танып, туған елінің гүлденуіне қолдан келгеннің бәрін істеу қажет. Әрбір адам өз бойындағы асыл қасиеттерді дамытып, олар жеңіс рухының өз ғұмырының, қоғам мен мемлекет өмірінің бір бөлшегіне айналуына бар күш-жігерін сарп етуі тиіс. Иә, бізге болашағымызды дұрыс болжап, әлеуетті елге айналу үшін тек ұмтылыс керек, еңбек пен қабілет керек, ең бастысы - Отанға деген шексіз сүйіспеншілік пен ауызбіршілік керек.

Оңалбай АЯШЕВ,

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық

институтының ректоры, педагогика

ғылымдарының докторы, профессор.









Қосымша әдебиеттер тізімі.

  1. «Қазақ үні» 12.02.2010 жыл. №1012 санында.

  2. «Қазақстан» Ұлттық энциклопедия. Ә.Нысанбаев.

  3. «Қайран елім» сайты 30.11.2015 жыл.

  4. Интернет сайттары, википедия мәліметтерінен.













Қосымша материалдар.

[1]

Научная работа тема ЭКСПО -2017 в КазахстанеНаучная работа тема ЭКСПО -2017 в Казахстане

[2]

Научная работа тема ЭКСПО -2017 в КазахстанеНаучная работа тема ЭКСПО -2017 в Казахстане

Научная работа тема ЭКСПО -2017 в Казахстане

[3] Научная работа тема ЭКСПО -2017 в Казахстане











«Жасыл желек» тобының мұшелері қызу жұмыс үстінде.

Научная работа тема ЭКСПО -2017 в Казахстане

Научная работа тема ЭКСПО -2017 в Казахстане



Научная работа тема ЭКСПО -2017 в Казахстане






Научная работа тема ЭКСПО -2017 в Казахстане

Научная работа тема ЭКСПО -2017 в Казахстане

Научная работа тема ЭКСПО -2017 в Казахстане

Научная работа тема ЭКСПО -2017 в Казахстане

© 2010-2022