Поручной план Ұлттық-демократиялық қозғалыстың өрлеуі

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан тарихы 8-сынып Пән мұғалімі: Қосбармақова Гүлбағида №25 мектеп

Сабақтың тақырыбы: §41. Ұлттық-демократиялық қозғалыстың өрлеуі

Жалпы мақсаты: Бірінші орыс революциясының себептері мен ұлттық-демократиялық қозғалыстың өрлеуіне тигізген ықпалы туралы айту, қазақ зиялыларының жалпыұлттық-демократиялық қозғалыстағы орны мен қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің оянғандығын көрсету. Тақырып мазмұнын түсіндіру, Өз бетінше тарихи оқиғаларды оқып түсіну, өз ойын еркін жеткізуге дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже: Тақырып мазмұнын түсінеді. Мәтіндегі тарихи оқиғаларды ұғынып, өз ойын еркін жеткізе алады.

Негізгі идея: Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Негізгі түсініктер: реакция, ұлттық сана сезімнің өсуі, қаражүздіктер ұйымы, революция, жалпыұлттық-демократиялық қозғалыс, жандарм басқармасы.

Сабақта қолданылатын материалдар: Постер қорғау, ашық сұрақтар, слайдтар, интернет мат.

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеп, ынтасын сабаққа аудару. Балалар арасында ынтымақтастықты қалыптастыру үшін сынып оқушыларын бір-біріне жылы алақан ұсыну арқылы үй тапсырмасы бойынша ұлттық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді атап шығады.

Үй тапсырмасын сұрау:§40.Қазақтардың петициялық қозғалысы. «Жылдам сұрақ» 1.Қазақстанда петициялық қозғалыстың дамуына қандай оқиғалар әсер етті? 2.Қарқаралы петициясы қашан және қайда жазылды? 3.Петициялық қозғалыстың тарихи маңызы неде? т.б. Үй тапсырмасын оқу арқылы өз бойларыңда қандай сезім пайда болды? (сындарлы ой айту)

Топқа бөлу: 1-топ «Ә.Бөкейханов», 2-топ. «А.Байтұрсынов», 3-топ «М.Дулатов», 4-топ. «М.Шоқай». Сынып оқушылары топқа бөліне отырып, топ жетекшісі топ атаулары туралы қысқаша мәліметтер береді.

Топтық жұмыс, жеке жұмыс түрлері. АКТ-мен жұмыс.«Болжау» сратегиясы арқылы басталады.Оқушыларға слайд арқылы Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатовтардың суреттерін көрсетіп, мынандай сұрақтар қоямын:

1.Бүгінгі сабақта әңгіме не туралы болады?

2.Қандай тақырып маңайында өрбиді?

3.Қандай негізгі мәселелер көтеріледі-деп ойлайсыздар?

4.Сіздердің болжауларыңыз тура келді ме, жоқ па?

Жеке жұмыс

Формативті

Түсіну

Мәтін мазмұнын өз бетінше оқып түсінуге жағдай жасау.

Мәтін мазмұнын ұғынады

Оқулықтағы мәтін мазмұнын 4 топқа бөліп өз бетінше оқуға беру.

Жеке жұмыс. АКТ-мен жұмыс.

Формативті

Қолдану

Оқушыларды өз тәжірибелері арқылы жаңа білім туралы өзіндік түсінік пен пікір

танытуға бағыттау.

Жаңа білім жайлы өзіндік түсінік қалыптастырады;

1-топ.Жалпы ұлттық демократиялық қозғалыстың көсемі Ә.Бөкейхановтың өмірі мен қызметі.

2-топ.Ә.Бөкейхановтың сенімді серіктері мен пікірлестері.

3-топ.Қазақстандағы алғашқы басылымдар.

4-топ.Қазақ тілінде кітаптар шығару.

Тақырып төңірегінде жеке, жұппен,топпен ақылдаса отырып, өз ойларын сындарлы түрде ортаға салады.Плакатқа жазып қорғайды.

2 жұлдыз, 1 тілек

Талдау

Шығармашылық жұмыстарға баулу

Шығармашылыққа бағытталады

Жаңа сабақтан алған мәліметтері мен шығармашылық қабілеттерін пайдалана отырыпШағын үн қағаз (газет) дайындау. Газеттің ережені сақтау.

Жеке, жұптық, топтық жұмыс

Бармақпен бағалау.

Жинақтау

Тарихи оқиғаға баға беруге үйрету

Тарихи оқиғаларға сыни тұрғыдан қарайды.

«Сәйкестендіру», «Ретін тап» кестесін толтыру.

Дәптермен жұмыс.

Формативті

Бағалау

Іс-әрекетке сыни баға беруге жетелеу

Сыни көзқарас қалыптасады

«Алтын микрафон» сабақ туралы пікірін бір сөйлеммен ортаға салады.

Жеке жұмыс.

Формативті

Үйге тапсырма

§41. Ұлттық-демократиялық қозғалыстың өрлеуі. Тест сұрақтарын құрастыру. «Тарихи тұлғалар» тақырыбында сөзжұмбақ құрастырыңдар





© 2010-2022