Реферат. Тақырыбы: «Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың саяхаттары мен зерттеулері»

Раздел История
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебі





Реферат. Тақырыбы:«Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың саяхаттары мен зерттеулері»


Тақырыбы:


«Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың саяхаттары мен зерттеулері»




Тексерген:Кошанова Гулнур Бейсенбековна

Дайындаған: Сүлейменова Гүлназ

Сыныбы: 5 «А»












Арқалық қаласы

Реферат. Тақырыбы:«Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың саяхаттары мен зерттеулері»

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов

(1835-1865жж)

Осынау бір аса көрнекті ғалым әрі ағартушы Шығыс халықтарының география, тарих, этнография, фольклор салаларында айтарлықтай толымды да жемісті ғылыми зерттеулер жүргізді және сол бір кезде сыры-қыры ашылмаған беймәлім елдерге асқан қауіп-қатерге белді буып, батылдықпен саяхат жасады. Өзінің ғылыми еңбектерінде, сондай-ақ бүкіл жанқиярлық қызметімен ол қазақтардың орыстармен қаны да, жаны да бір тарихи туыстығын» дәлелдеп берді.

Шоқан Уәлихановты білімге баулыған Омбыдағы Сібір кадет корпусы сол кездегі ең таңдаулы оқу орындарының бірі болатын.

Өзін ержүрек саяхатшы ретінде даңққа бөлеген Қашқар сапарына Шоқан Уәлиханов 1858-1859 жылдарда шықты. Бұл мейлінше қауіп-қатерге толы сапар еді.

Реферат. Тақырыбы:«Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың саяхаттары мен зерттеулері»

Ш.Ш.Уәлихановтың Құлжа мен Қашқарияға саяхаты

Ш.Ш.Уәлиханов Қашқарияда 1859 жылғы наурыздың ортасына дейін жарты жылға жуық болған. Осы мерзім ішінде ол қаламен танысып, Алтышаһар елін зерттейді. Солтүстігінде Тянь-Шань, оңтүстігінде Кунь-Лунь таулары қоршап тұрған Қашқар, Ақсу, Үш Турфан, Жанасар, Жаркент және Қотан қалалары сол кезде Алтышәһар деп жалпылама аталатынды. [1]

Ш.Ш.Уәлиханов Петербургқа тек 1859 жылдың аяқ шенінде ғана келді. Орыс ғылымдары оны ержүрек саяхатшы, Орта Азия Қазақстанды Терең білетін зиялы зерттеуші ретінде қарсы алды. П.П.Семенов Тян-Шанский Уәлихановты Петербургта ғылыми жұмысқа қалдыру жөнінде үкіметке өтініш білдірді. Шоқан Азия департаментінің штатына тіркелді. Сонымен қатар Бас штабтың Әскери-ғылыми комитетінде, Сыртқы істер министрлігінде, Орыс География қоғамында да қызмет атқарды. Мұнда жас ғалым өз еңбектерін География қоғамының басылымдарында жариялауға әзірледі. Шоқанның «Жоңғар очерктері», «Алтышәһардың немесе Қытайдың Нан -Лу (Кіші Бұқардағы) алты қаланың 1858-1859 жылдардағы жай-күйі туралы» және т.б. еңбектері 1861 жылы «География қоғамының жазбаларында» жарық көрді.

Орта Азияны, Қазақстанды және Шығыс Түркістанды зерттеуші ретіндегі Ш.Уәлихановтық ғылыми еңбегін әлемдік ғылым бірауыздан мойындады. Оның еңбектері орыс, ағылшын, неміс және француз тілдерінде басылып шықты. Тамаша қазақ ғалымының толымды туындыларына орыс ғалымдары П.П.Семенов Тян-Шанский, И.В.Мушкетов, Н.Н.Веселовский, Н.А.Аристов, Н.И.Березин, Г.Е.Грум Гржимайло, Г.Н.Потанин және басқалар лайықты баға берді.

Орта Азия мен Қазақстанның көлдерінің ішінде Ш. Ш. Уәлиханов Алакөлге, Балқашқа және Ыстықкелге көптен-көп көңіл бөлді. «Алакөл мен Балқаш көлдері бірге біршама бертін көзге дейін біртұтас су қоймасы болғанға ұқсайды, өйткені, қырғыздардың айтуы бойынша, Алакөл қазірдің өзінде де көктемде су жайылған шақта сортаң алқап арқылы Балқашпен қосылып кетеді», - деп жазды ғалым.

Ш.Ш.Уәлиханов тұңғыш рет Тянь-Шаньның сүтқоректі жануарлары мен құстарын зерттеді және олардың таралу заңдылығын анықтап алғаш рет аудандастырды. Ғалымның деректері бойынша, Жоңғар Алатауы мен Тянь-Шаньның биік белдеулерінде оңтүстік Сібір мен қырғыз даласының таулы аймақтарына тән сүтқоректілер таралған. Шоқан бұл пікірін Жоңғар Алатауы мен Тянь-Шаньның тауларында да бұғы, тауешкі, арқар, қарақоңыр және қызғылт түлкі, ақтөс сусар және т. б. кездесетінін айтып дәлелдейді.

Ш.Ш.Уалиханов өзі зерттеген елдерді картаға түсіру ісіне елеулі үлес қосты. Оның архивінде толып жатқан чертеждер, карталар, схемалардың сызбалары сақталған, олардың көпшілігі осы күнге дейін сыры ашылмай және қалпына келтірілмей жатыр.[2]

1855-1856 жылдары Орталық Қазақстанға, Тарбағатайға, Жетісуға саяхат жасаған және ғылыми экспедицияның құрамында Ыстықкөлге сапар шеккен кезінде Ш.Ш.Уәлихановтың алдында ғылыми қызметін өрістету үшін кең өріс ашылды. Ш.Уәлихановтың сол саяхаттарының күнделік жазбалары жүрген жолдарының схемалық карталарымен және түрліше схема, чертеждермен толықтырылған. Мәселен, «Ыстықкөлге сапар күнделігінде» «Хоментовский отрядінің Торайғыр таулары арқылы маршруты», «Торайғыр тауларынан Күнгей Алатаудың көрінісі», «Отрядтың Мерке өзенінде түнеуі», «Шарын өзенінің шатқалы» атты суреттері келтірілген. Ол тұңғыш рет «Қарқара өзені алқабының схемалық картасын», «Солтүстік Тянь-Шань асуларының карта-схемасын жасап, оларда осы күнгі Алматы облысы оңтүстік-шығыс бөлігінің орографиясы мен гидрографиялық торын өте-мөте дәлдікпен бейнелеп, суретке салды. Ыстықкөлдің шығыс жағалауын топографиялық сьемкаға түсіру арқасында алғаш рет сол көлдің шығыс беткейінің дәлме-дәл карталары қолға тиді.

Орта Азиямен Шығыс Түркістанның картасын құрастырған кезде Ш.Ш.Уәлихановқа көптеген ескі деректер мен материалдарды ақтарып зерттеуге, өз ізденістерімен қатар ғылыми әдебиетке де сүйенуге тура келгенін дәлелдейді. Архивте сол сияқты Ш.Ш.Уәлиханов құрастырып, әскери-топографиялық депоның архивіне түскен (1860 жылдың 1 наурызынан 1 сәуіріне дейін) кейбір карталардың тізімі келтірілген. Олардың арасында мыналар бар:

  1. Құлжа қаласының планы (бір парақ, бір дана, № 52854).

2.Балқаш көлі мен Алатау жотасының аралығындағы кеңістіктің картасы (бір парақ, бір дана, № 52853).

3. Іле өзенінің төменгі сағасының картасы (1 парақ, № 52854).

4. Іле өлкесінің батыс бөлігіне әскери барлау (1 парақ, № 52855). Азия бөлімшесінің қорында экспедиция жұмысының нәтижесі туралы есепке қоса Ыстықкөлдің картасы да сақталған.

Ш.Ш.Уәлиханов құрастырған карталардың осынау толық емес тізімінің өзі-ақ оның Бас штабпен, Азия департаментімен және басқа мекемелермен бірлесіп, Петербургте қаншалықты зор іс тындырғанын көрсетеді.

Ш.Ш.Уәлиханов зерттеулерінің ішіндегі ең маңыздысы әрі қызғылықтысы - оның Шығыс Түркістанға жинаған материалдары. Ғалымның қолжазбаларының архивінде Шоқанның күнделіктерінде жазғандарымен қоса толып жатқан суреттемелер, топографиялық және географиялық карталар бар.

Орталық Азияның Ш.Ш,Уәлиханов құрастырған картасы құнды жақтарымен қатар кейбір кемшіліктерден де құралақан емес-ті. Қашқарияны қоршап тұрған негізгі тау жоталарының орналасу қалпы мен бағытын Шоқан асқан дәлме-дәлдікпен берген.[4].

Ш.Ш.Уәлиханов 1852 жылы құрастырған тағы бір карта бар. Ол - Торғай даласы мен Құсмұрын дуанының қауырсынмен сызылып жасалған схемалық картасы. Картаның практикалық зор маңызы бар, өйткені оны Қазақстанның осы күнгі картасымен салыстыра отырып, кейбір геогра-фиялық объектілердің ол кезде қандай роль атқарғанын түсінуге болады.

Ш.Ш.Уәлихановтың географиялық мұрасы осынау бір ғажайып қазақ ұлының ғылымға жан-тәнімен берілген саяхатшы әрі ғалым екенін дәлелдейді. Шоқан сапар кезінде қиын-қыстау жағдайларда асқан батылдық пен ержүректік танытты.

1865 жылғы сәуірде қазақ халқының аяулы ұлы, аса көрнекті ғалымы, әрі саяхатшысы мезгілсіз дүние салды.[3].




Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Ш.Ш.Уәлиханов «Бес томдық шығармалар жинағы» V том 154-160 бет.

2. Ә.Илмағанбетов «Ш.Уәлиханов» таңдамалы. Алматы, «Жазушы» 1980-416 бет

3. Б.Ысқақов «Ұмытылмас есімдер» Алматы, «Қазақстан» 1994-224 бет

4. Сапарғали Бегалин «Шоқан асулары» жазушы баспасы, Алматы 1971




© 2010-2022