Поручной план Есім хан тұсындағы қазақ хандығы

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ 7-СЫНЫП

Сабақтың тақырыбы: Есім хан тұсындағы қазақ хандығы.

Сабақтың мақсаты: Білімдік: Есім ханның Шығыс Түркістанға байланысты саясаты, бұхар-қазақ қарым-қатынастары, Есім хан мен Тұрсын сұлтан арасындағы қайшылықтарының тарихи сипаты .

Дамытушылық: Есім ханның ішкі-сыртқы саясаттағы басты мақсаты - Қазақ хандығын нығайтуға бағытталғандығын атап көрсету. Оқушылардың жүйелі ойлау, топ болып жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Есім ханның тағылымы мол тарихи тұлғасы арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, интернет материалдары, ХҮІ-ХҮІІ ғ.ғ. Қазақ хандығының картасы, қосымша әдебиеттер.т.б.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, сын тұрғысынан ойлау стратегиясы

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Үй жұмысы. 1.Кестені толтыру

2.Сөзжұмбақты шешу.

1.Баба сұлтан өлтірілген қала.

2.1582-1598 жылдардағы қазақ ханы.

3.1583 жылы Тәуекел хан басып алған қалалардың бірі.

4.Абдалах қай елдің ханы?

5.Орыс патшалығының астанасы.

6.1595 жылы Ресейден келген елші.

7.Баба сұлтанның адамдары өлтірген қазақ сұлтаны.

Жаңа сабақ.

І.Қызығушылығын ояту.

1.Қасым ханның заңдарын жетілдіріп жалғастырушы.

2.Қазақ хандарының ішіндегі «Еңсегей бойлы...» деген атқа ие болған хан. 3.Тәуекел ханның інісі.

Жауабы: 1. «Есім ханның ескі жолы». 2. «Еңсегей бойлы Ер Есім». 3.Есім сұлтан.

ІІ. Мағынаны тану. ЖИГСО-1 әдісі бойынша оқушыларды топқа бөлу арқылы оқулықтағы мәтінді оқуға тапсырма беру. 1-топ.Есім ханның ішкі, сыртқы саясаты. 2-топ.Есім ханның Шығыс Түркістанға байланысты саясаты. 3-топ. Тұрсын хан бүлігі.

Әр топқа берілген тапсырмаға 5-7 минут уақыт бөлінеді. Оқушылар оқып, өз түсініктерін ауызша жеткізеді. Топ мүшелері бір-бірін толдықтырып отырады.

1-тапсырма. (Оқушыларға сұрақ беріледі. Жауабын оқушылар интерактивтік тақтаға жазады.) Есім ханға сипаттама берелік:

-1598-1628ж.ж. Қазақ хандығының ханы.

-Хан тағына лайықты тәжірибелі қолбасшы.

-Білікті саясатшы.

-Қазақ хандығының әскери күш-қуатын арттыруға күш жұмсаған хан.

-Көрші мемлекеттермен бейбіт экономикалық байланыс орнатқан қайраткер.

-Жоңғарларға алғашқы болып қарсы шыққан хан.

- «Есім ханның ескі жолы» атты заң жинағының авторы.

- Ірі мемлекет қайраткері.

2-тапсырма. «Есім ханның ескі жолы» тіркесінің мәні неде?

Жауабы:-ХҮІІ ғасырда жазылған далалық әдет-ғұрып заңы.

-Адамдар арасындағы қатынас туралы ереже.

-Мал-мүлік, қоныс-тұраққа қатысты туындайтын дау-шарды шешетін жарғы.

-Жаугершілік заманда елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға бағытталған қағида.

- «Қасым ханның салған қасқа жолының» жалғасы.

3Поручной план Есім хан тұсындағы қазақ хандығы..Тапсырма: 1)Есім хан ұстанған мақсат

Жауабы:-Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құру.

2)Тұрсын хан мен Есім ханның арасындағы ұрыстың шығу себебі. Жауабы:

-Тұрсынның өзін хан жариялауы, Есім ханның билігіне мойынсұнбауы;

-Тұрсынның өз атынан ақша шығаруы.

-Өзін хан санаған Тұрсын қарауындағы халықтың күш-қуатына арқа сүйеуі.

/Қосымша интернет материалдарын пайдалану/.

4-тапсырма. Картамен жұмыс.

1.ХҮІ ғ.аяғы мен ХҮІІ ғ.басындағы Қазақ хандығының территориясы.

2.Картадағы қазақ-бұхар соғысы болған жерлер.

ІІІ.Ойтолғаныс кезеңі.Тарихи сынақ хат.

Қазақ-бұхар соғысы (....-....) ерекше қан төгісті соғыс болды. Бірінші қазақ-бұхар шайқасы 1603 жылы ........ деген жерде болды. Бұл шайқаста ..... хандығының әскері жеңіліс тауып, тым-тырақай қашады.

....-.... жылдары болған төртінші, бесінші және алтыншы қазақ-бұхар соғысында Қазақ хандығының әскерін ...... хан бастап шығып, қазақтар толық жеңіске жетеді.

.... жылғы ең соңғы, жетінші қанды шайқасқа .... хан ..... хандығының әскерін өзі бастап келіп, кескілескен шайқаста жеңіске жетті.

Сабақты бекіту сұрақтары:1.Есім хан елдің экономикасын нығайту жолында қандай әрекет жасады? 2. Қазақ хандығының саяси билігін нығайту үшін Есім хан қандай шараларды жүзеге асырды? 3.Бұхар-қазақ қатынасының жиі бұзылу себептері неде?4.Есім ханның Шығыс Түркістан туралы саясатының толық іске аспауының себептері.5. «Қатаған қырғы» деп неге аталды?

Сабақты қорытындылау.

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: Тақырыпты оқып келу, мәтін бойынша тест сұрақтарын құрастыру;


© 2010-2022