Сабақ Ғылым 7 класс

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: § 20 Ғылым мен білімнің дамуы.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: Х-ХІІ ғасырларда ғылымның даму себептері, көрнекті ғалымдар жайлы кеңінен мағлұмат бере келіп, олардың еңбектерінің тарихи маңызын ашып көрсету.

Дамытушылық: Ғылыми еңбектерді, көркем шығармаларды түсініп оқуға , ізденіске дағдыландыру.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, кішіпейілділікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы, Әл-Фараби, М.Қашқари,

Ж. Баласағұни, Қожа Ахмет Йассауидің порттреттері.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.

Ұлы Абай атамыз айтқандай:

Ақылмен ойлап білген сөз

Бойыңа жұқпай сырғанар.

Ынталы жүрек сезген сөз

Бар тамырды қуалар.- деп сабағымызды бастайық.

1 тапсырма: «Кім шапшаң» сұрақтар қою.

1. Қолөнер қалай дами бастады? Қолөнердің қандай түрлерін білесіңдер?

2. Сәндік қолданбалы өнер деп нені айтамыз?

3. Қазақстанда іргелі ғимараттық құрылыстар қай кезде бой көтере бастады?

Оған қандай жағдай ықпал етті?

4. Қандай қалаларда мешіт құрылыстардың орны ашылды?

5. Қандай кесенелерді білесіңдер?

6. Қай қалалардан моншалардың орны аршылған?

7. Ислам дініне дейін Қазақстанда қандай діни нанымдар болды?

8. Ислам діні қай кезде қабылданды, оны мемлекеттік дін деп кім жарияланды?

2 тапсырма: Суретпен жұмыс:

1 Арыстан баб кесенесі - діни аңыздар бойынша Қожа Ахмет Иассауидің ұстазы болған.

Бабаның есімі Отырар, Сайрам, Йасы қалалары өңірінен шыққан сопылардың рухани ұстазы ретінде белгілі.

2 Бабаджа қатын кесенесі- күйдірілген кірпіштен шаршылап салынған порталдары бар, әсем күмбезді ғимарат. Төрт жағында - қабырғалардың ішкі және сыртқы беттерінде сүйірлеу арқалы қуыстары бар. Есігі шығыс жағында.

3 Айша бибі кесенесі- Кесененің күмбезі құлаған. Қабырғаларының бұрыштары төрт ширектік бағандармен безендірілген. Кесененің сыртқы қабырғалары түгелдей оюлы теракот кірпіштермен қапталған. Кесененің ішінде күйдірілген кірпіштен сатыланып қаланған құлпытас салынған.

3 тапсырма: Сөздікпен жұмыс.

1 Сары топырақты балшық пен ғаныш қолданбалы өнердің құрылыс материалы болған.

2 ХІ-ХІІ ғасырлар аралығында ғимараттарды өрнектеп, сәндеу ісіне оюланған кірпіштер (терракота) кеңінен қолданыла бастады.

3 Мешіт- мұсылман дінінің әдет-ғұрып , салт-дәстүрлері орындалатын қасиетті ғимарат.

4 Археологиялық қазба жұмыстары барысында көптеген қалалардан шығыс моншаларының орындары белгілі болды.

5 Дешті Қыпшақ - Қыпшақ даласы, ХІ-ХҮІ ғаысрларда қолданылған географиялық ұғым.

6 Диуан- мұсылман елдеріндегі әкімшілік және сот істері жөніндегі әкімшілік мекемелер.

4 тапсырма : Сандарды анықтау.

  1. ХІ ғасырдан бастап сәндік қолданбалы өнерде оюлы және жылтыратылған кірпіштер кеңінен пайдаланылған.

  2. Х-ХІІ ғасырлар сәулетті ірі құрылыстар салына бастады.

  3. Х ғасырда араб-парсы жазба деректерінде Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймағындағы қалаларда мешіттердің болғандығы айтылады.

  4. Араб қолбасшысы Кутейба ибн Муслим 709 жылы Бұхараны соғыссыз алады, 714 ж Шашты басып алып, Испиджабқа жорық жасайды.

  5. Бір орталықтандырылған мемлекеті құрылып, ислам діні қалыптасқаннан кейін арабтар 633 жылдан «дін үшін соғыс» деген ұранмен көрші елдерді жаулап ала бастайды.

  6. Насыр ибн Сейяр 737-748 жылдары Ота Азияның бірқатар аймақтары мен Қазақстанның Оңтүстігіне басып кіреді.

  7. 751 ж Атлах қаласы түбінде болған ұрыста қарлұқтар арабтармен бірлесіп қытай әскерлерін жеңіп шығады.

5 тапсырма : Тест жұмысы.

1 Ғаныш деген не?

А) күйдірілген бор тас ә) сары топырақ б) сылақ в)шикі кірпіш

2 Х-ХІІ ғасырларда қандай архитектуралық құрылыстар салу ісі ерекше дамыды?

А) діни кешендер ә) сауда орындары б) сарайлар салу. В) қамалдар тұрғызу

3 Белгілі адамдардың құрметіне қабір басына тұрғызылған діни құрылыс қалай аиалады?

А) ескерткіш ә) кесене б) сардоба в) мұнара

4 Адамдардың шығу тегін белгілі бір аңмен байланыстыратын наным -сенім:

А) мазда ә) тотемизм б) зороастризм в) тәңірлік

5 751 жылғы Атлах шайқасында арабтармен бірлесіп Қытай әскеріне қарсы тұрған тайпа?

А) үйсіңдер ә) қарлұқтар б) ұйғырлар в) түргештер

6 Араб қолбасшысы Кутейба ибн Муслим қай жылы Шашты басып алды?

А) 633 ж ә) 709ж б) 751 ж в) 714ж
ІҮ Жаңа материалды түсіндіру. Ж. Баласағұн айтқандай:

Ақыл керек білім таңдап оларға,

Білім керек жақсы іске қарауға.

Ғылыммен жақын болсаң, қолың жетер,

Залыммен жақын болсаң, басың кетер. - деп сабағымызды бастаймыз.

Сабақтың жоспары:

І. Ғылымның дамуы.

ІІ. Тіл білімнің дамуы.

ІІІ. Әдебиет.

Х ғасырдан бастап Оңтүстік Қазақстанда ислам діні кең түрде дами бастайды. Сайрам, Отырар, Түркістан т.б қалаларда діни медреселер салынып, ғылым-білімге кең жол ашылады. Әдеби және ғылыми шығармалар араб тілінде жазылады. Шығыстың аса көрнекті ғалымы Әбу Насыр әл - Фараби де шығармаларын араб тілінде жазды.

Тірек- кесте

Әбу Насыр әл-Фараби (870-950жж)

Білім жолы

Ғылым салалары

Отырар, Бұхара, Самарқан

Исфахан, Бағдат, Шам

Философия, математика, музыка, әдебиет, медицина, ғарышнама, логика, анатомия

Платон, Аристотель,Птоломей

«Ғылымдар энциклопедиясы»

Архимед еңбектері

«Ғылымдардың шығуы», «Мәселелердің түпкі мазмұны»,

«Жұлдыз бойынша болжаулар», «Вакуум туралы трактат».

Х-ХІ ғасырлардағы тіл білімінің дамуына үлес қосқан ғалымдар.

Аты-жөні

Еңбектері

Не айтылатыны

  1. Махмуд Қашқари

(1030-1090)

«Диуани луғат ат- түрік» ХІ ғ

(Түрік тілдерінің сөздігі)

Түрік дәуірінде өмір сүрген түрік тайпалары сөздерінің жиынтығы. Тіл тарихы , түрік мекендерінің аталуы, тарихы, этнорафиясы, ауыз әдебиеті туралы мағлұматтар.

  1. Жүсіп Баласағұни

(1021-1075 )

«Құтадғу білік» ХІ

(Құт негізі - білік)

Онда түрік тілдес халықтардың тарихи мен қоғамдық -саяси өмірі, әдет-ғұрып, наным-сенімдерінің мағлұмат береді. Философия, астрономия, алгебра, сияқты ғылым салалары да қамтылған.

6 - тапсырма : Математикалық ойын.

1 400х2+70 870ж Әл-Фарабидің туған жылы.

2 2000/2-27 973ж Әл- Бирунидің туған жылы.

  1. 400Х3-170 1030ж Кашғаридің туған жылы.

  2. 800х2-579 1021ж Баласағұнидің туған жылы.

  3. 3000/2-397 1103ж Иассауидің туған жылы.

  4. 800х2-433 1167ж Иассауйдің дүниеден өткен жылы.

  1. - тапсырма: Басқатырғыш ойын.

Ыылғме- ғылым қлрааалм-қалалар

Іімблм-білім іден-дін

Ығмлае- ғалым ееелекснрл-кесенелер

Едетмнем- мәдениет ұрыылсқм-құрылыс

Ермөнш-өнер

Бекіту сұрақтары:

  1. Қазақстанда ғылымның дами бастауына не себеп болды?

2. Түрік тіл білімін зерттеуге Махмуд Қашқари қандай еңбек сіңірді? Ол қандай еңбегімен белгілі болды?

3. Жазба әдебиет өкілдерінен кімдерді білесіңдер?

4. Қожа Ахмет Иассауи туралы тарих дәптерлеріне жазып келіңдер?

Енді оқушылар ғылым , білім туралы қандай мақал - мәтел білеміз.

Үйге тапсырма беру.

  1. Қожа Ахмет Йассауи туралы мәлімет жинақтап келу.

Оқушыларды бағалау.

Тест жұмысы

© 2010-2022