Конспект урока по тему Қайталау

Раздел История
Класс 9 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қайталау сабағы .

Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру.Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып,шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны тәрбиелеу.

Сайыстың барысы:

Бүгінгі біздің ойынымыз бірнеше кезеңнен тұрады,оған 3 топ қатысады.

Олар:

  1. «Адам» тобы

  2. «Қоғам» тобы

  3. «Құқық» тобы

Сайыстың шарттары:

1.Таныстыру

2.Ойлан, тап!

3.Құпия ұяшықтар

4.Кім, тапқыр?

5.Сөз шебері

6.Жоба қорғау

1-кезең. Топтар өздерін таныстырып өтеді.

2-кезең.Ойлан ,тап!

Оқушыларға тақтада берілген сандарды таңдау ұсынылады.Әр санда әріп жасырылған.Сол берілген әріптен басталған сөздермен сұрақтарға жауап беру қажет.

Берілетін сандар:

1-Б , 2-С, 3-Д, 4-Т, 5-М, 6-К

«Б» жауапты сұрақтар:

1.Адамның өзінің болмысының шарттары мен кең ауқымды ішкі қанағаттанушылығына сәйкес келетін, өмірінің толыққандылығы мен маңыздылығының көрсеткіші болатын,адамдық мұратына жету күйін көрсететін моральдық сана ұғымы? (Бақыт)

2.Өмір жайлаған жер қыртысы? (Биосфера)

3.Нарыққа қатысушылардың арасындағы өндіріс жағдайларын жақсарту және өнімді өткізу үшін талас? (Бәсеке)

4.Ағылшын тілінен аударғанда іс ұғымын білдіреді? (Бизнес)

5.Қосарлы азаматтығы бар адам? (Бипатрид)

«С» жауапты сұрақтар:

1.Адамдардың бұқара,қоғамдық бірлестіктермен , жеке адамдармен бірге мемлекет пен билікке қатысты мәселелерді шешуге бағытталған қызметінен ерекше түрі? (Саясат)

2.Аумағы жағынан дүниежүзінде оныншы орындағы мемлекет? (Судан)

3.Сатып алушылардың тауарды белгілі бір бағамен сатып алу қабілеті? (Сұраныс)

4.Уақыт өткен сайын елдегі және дүниежүзіндегі даму үдерістерін ескере отырып,өзгеріп отыратын қоғамдағы саяси белсенді адамдардың ұйымы?(Саяси партиялар)

4.Парламенттің жоғарғы палатасы?(Сенат)

«Д»-жауапты сұрақтар:

  1. Адамдардың тарихи отанынан өзге жерлерге тұратын бөлігі?(Диаспора)

  2. Жаңалығымен, жоғары жетістігімен және қоғамдық маңыздылығымен ерекшеленетін қызметтің өнімін алуға мүмкіндік беретін қабілеттердің жиынтығы?(Дарын)

  3. Халық билігі?(Демократия)

  4. Ресми жарияланған бағдарламалық мәлімдеме?(Декларация)

  5. Заңды елемей, мемлекетті күшпен басқару?(Диктатура)

«Т» -жауапты сұрақтар:

  1. Белгілі бір әлеуметтік ортаның құндылықтарын тасушы индивид? (Тұлға)

  2. Адамдар қауымының рудан жоғарғы сатысы? (Тайпа)

  3. Ата -анасы және балалары бар отбасы?(Толық отбасы)

  4. Қазақ құқық жүйесіне өзгеріс енгізген хан?(Тәуке хан)

  5. Демократияға қарама-қарсы саяси жүйе?(Тоталиторизм)

«М»-жауапты сұрақтар:

  1. Тұлғаның саналы қызметінің негізі және себебі?(Мотив)

  2. Қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік жүйесін бірізділікке түсіретін, қоғамды басқаратын және сақтайтын негізгі интитут?(Мемлекет)

  3. Айналадағы нағыздықты жаңартуға бағытталған адамның шығармашылық еңбегінің нәтижесі?(Мәдениет)

  4. Билік мұраға қалдырылатын мемлекеттік басқару формасы?(Монархия)

  5. Бір әйел мен бір ер адамның некелік одағы?(Моногамды)

«К»-жауапты сұрақтар:

  1. Өндірісті ұйымдастыру үшін жасалған адамның қолымен өндірілген материалдық игіліктер мен құралдардың жиынтығы?(Капитал)

  2. Ата-анасы мен балаларынан басқа туыстары қосылып өмір сүріп жатқан отбасы?(Кеңейтілген отбасы)

  3. Тәуелсіздіктерін сақтай отырып, өздерінің кейбір әрекеттерін үйлестіру үшін біріккен мемлекеттер одағы?(Конфедерация)

  4. Аумағы жағынан әлемде екінші орынды иеленетін мемлекет?(Канада)

  5. Заңдардың ішіндегі ең негізгісі?(Конституция)

2-кезең. Құпия ұяшықтар

Әр ұяшықта топ атына байланысты сұрақтар берілген. Сол сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы жасырын ұпайды иеленеді. (10,20,30)

Адам тобына:

  1. Адм дегеніміз кім?(Жерде мекен ететін тірі организмдердің жоғары сатыда дамыған түрі)

  2. Халық ұғымына сипаттама бер?(белгілі бір географиялық ортада тұрып, әлеуметтік белсенді және жүйелі әрекет ете алатын, азаматтығы бар қоғам мүшелерінің жиынтығы)

  3. Адам мәселесімен айналысатын ғылым салалары?(Антропология,социология,этнология,педагогика,анатомия,физиология,психология)

Қоғам тобына

1.Қоғам сөзінің анықтамасы?(материалдық дүниенің бір бөлшегі ретіндегі адамдардың табиғат пен және өзара байланыста бола отырып, бірлесу формасы болып табылады.)

2.Әлеуметтік топтасулар арасындағы немесе адамдар арасындағы саяси, әлеуметтік, экономикалық, қатынастар қалай аталады?(Қоғамдық қатынастар)

3.Бағыты жағынан қоғамдық қатынастар қандай топтарға жіктеледі?(адам мен адам, адам мен қоғам, қоғам мен қоғам, қоғам мен табиғат арасындағы)

Құқық тобына

1.Құқыө дегеніміз не?(мемлекет тарапынан заңдастырылған және қадағаланатын жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі)

2.Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясында адам құқықтарын сипитына қарай қандай үш топқа бөлінеді?(адамның табиғи және тумысынан жазылған құқықтары, бостандықтар, экономикалық, әлеуметтік, және мәдени құқықтар)

3.Қоғамдық ортада адамдардың өздерін ұстау ережелерін қалай атайды?(Әлеуметтік нормалар?

3-кезең Кім, тапқыр?

Бұл бөлімде оқушылар назарына күнделікте өмірде кездесетін құжаттар мәтіні беріледі. Мәтін бойынша қандай құжат екенін табу керек.

1.Азаматша Сәуенов Асхат Дәуренұлы

Туған 25 қаңтар 1995ж

Туған жері:қала, ауыл Есет

Аудан/қала Бейнеу

Облыс/ Маңғыстау

Республикасы/Қазақстан (Туу туралы куәлік)

2.Осы құжат Сәуенов Асхат Дауренұлына берілді,ол 2008ж Х.Досмұхаммедов атындағы Атырау Мемлекеттік Университетіне түсіп,2011ж 030640 «математика және физика» мамандығының жоғары кәсіптік оқу бағдарламасын толық меңгеріп шықты. (Диплом)

3.Осы құжат Сәуенов Асхат Дәуренұлына берілді.Ол 2008ж Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Гагарин атындағы орта мектепті бітірді.(Жалпы орта білім туралы аттестат)

4-кезең Сөз шебері

Бұл кезеңде топтарға сөздер беріледі. Сол сөздерді мақал арқылы жеткізу керек.

Адам тобына:Куә, ар, заң.

Қоғам тобына:Жала, дауа, әділ.

Құқық тобына:Ұры, айғақ, ант.

Мақалдар:

Куәсіз істі күмән табар, куәлі істі куә табар.

Ар алтынмен өлшенбейді.

Заңның құрығы бәрінен ұзын.

Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің,ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсің.

Би екеу болса дау төртеу.Дау мұраты біту.

Әділ істің- арты игі.

Ұрлық түбі қорлық.

Тақыр жерге су төксең тайғақ болар, жаманға сырыңды айтсаң айғақ болар.

У ішкен бір өлер, ант ішкен мың өлер.

5-кезең Жоба қорғау

Бұл кезеңде әр топ өзіне берілген тақырыпты қорғап шығады.

1-топқа. «Еңбек құқығының негізгі түсініктері»

2-топқа. «Мемлекет және оның қоғамдағы рөлі»

3-топқа. « Құқық бұзушылық және заңдық жауапкершілік»

Қорытындылау



© 2010-2022