Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

Раздел История
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Мемлекеттік рәміздер туралы түсінік беру арқылы

рәміздерді құрметтеуге,олардың мазмұнын білуге,

Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу

Сабақтың міндеттері: 1.Оқушыларға Мемлекеттік рәміздер,оларды пайдалану

туралы түсінік беру;

2.Мемлекеттік рәміздерде бейнеленген атрибуттар туралы

түсінігін қалыптастыру және оларды пайдалану ережелері

жөніндегі білімдерін дамыту;

3.Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге,қастерлеуге,ұлт аралық

достыққа және Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа білімдерді меңгеру

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап,түсіндіру,көрсету,баяндау

Қажетті құралдар: компьютер,бейнемагнитофон

Көрнекілік: рәміздер бейнеленген плакаттар,слайд,бейнетаспа,перфокарта,

семантикалық карта,карточкалар

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1

Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа келмеген оқушыларды анықтау;оқушылардың назарын сабаққа аудару;Психологиялық тренинг

Сабаққа деген назар аудару,сабаққа дайын болу;

2

Мақсат қою

Оқушыларды сабақтың мақсат, міндеттерімен таныстыру.

Слайд №1-3


3

Жаңа тақырыпты түсіндіру (Оқушыларды сабақтың жоспарымен таныстыру)

а\Ой толғаныс

ә\Кіріспе

б\Оқулықпен жұмыс

в\Шығармашылық жұмыс.

(Дәптермен жұмыс)

г\Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс


3\а


Ой толғаныс

Оқушыларға жаңа тақырыпқа байланысты төмендегі сұрақтарды қою:

1.Қазақстан Республикасының рәміздерін атап беріңдер.

2.Гимнде не туралы айтылады?

3.Герб авторлары кім?

4.Мемлекеттік Туның түсі не үшін көгілдір?

Мұғалім қойылған сұрақтарға берілген жауаптардың дұрыс немесе қате екендігін қадағалап,дұрыстап отырады.

Әр бір оқушы сұрақтарды мұқият тыңдап,сұраққа өз түсінігі бойынша жауап береді.




3\ә


Кіріспе

Әр бір тәуелсіз мемлекеттің мемелекеттік рәміздері болады.Олар:Герб,Ту,Гимн.Әр бір рәміздің өзіне тиісті тарихы,қолдану ережелері бар.

Ту-ежелден келе жатқан мемлекеттік белгі.Ең алғашқы Ту 5 мың жыл бұрын табылған.Ең алғашқы Ту Иран жерінде табылып,Гиннестер кітабына енгізілген.



3\б


Оқулықпен жұмыс

Оқушыларды 3 топқа бөліп,төмендегі тапсырмаларды беру (5мин)

I топ: Гимн

II топ: Герб

III топ: Ту туралы

төмендегі сызба бойынша жауап дайындау;

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріҚазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріҚазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріҚазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріҚазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріҚазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

Анықтамасы

Авторлары

Мазмұны

Пайдалану ережелері

Қабылданған жылы

Топтағы оқушылар оқулықтан жауап іздеп тауып,өз ара талдау жасайды.

Дайындалып болғаннан кейін әр топтан екі оқушы орун алмастырып,басқа топтағы оқушыларға өзі дайындалған тапсырма бойынша түсінік береді.

Одан кейін оқушылар өз топтарына қосылады


3\в


Шығармашылық жұмыс.

(Дәптермен жұмыс)

3 топқа бөлінген оқушыларға

тапсырмалар орны ауыстырылып

беріледі.

I топ: Гербтың мазмұны туралы

және онда не бейнеленгендігін

жазыңдар;

II топ: Туның мазмұны туралы және

онда не бейнеленгендігін жазыңдар;

III топ: Гимнде не туралы

айтылады?

Оқушылар оқығаны бойынша емес,енді басқа топтағы оқушылардың айтып бергендері бойынша жауап дайындайды

3\г

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс

1\Сабаққа белсенді қатыспай

отырған,үлгерімі төмен оқушыларды

анықтап,оларға білім деңгейіне сай

тапсырмаларды семантикалық карта

арқылы беру;

2\Оқушылардың жауаптарын

тексеріп,кемшіліктерін

анықтау,бағалау

Оқушылар тапсырмаға өздерінің жаңа сабақта түсігіні бойынша,немесе оқулықты пайдалана отырып дайындалады.

4

Жаңа тақырыпты түсінгенін тексеру

Деңгейлік тапсырма беру

Деңгейлік тапсырманы оқушы жеке орындап,жоғары деңгейге жетуге ұмтылады

5

Бекіту

а\Сладтарды пайдалана отырып жаңа

тақырыпты бекіту;

Слайдтардағы материалдарды көреді,

Әнұран басталғанда орындарынан тұрып,құрмет білдіріп бірге айтады

5\ә

"Логическая цепочка"ойыны

Ойын арқылы өтілген сабақтың моделін құрастыру.

(Сабақтың моделі Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы болып шығады)

Қол көтерген оқушы тақтаға шығып тудың бір элементін алып,артқы жағындағы сұраққа жауап беріп оны орныны жабыстырады

5\б

Бағалау

Оқушылардың еңбектерін бағалап,күнділіктеріне бағаларын қойып береу.

Баға алған оқушылар күнділіктерін береді

6

Үйге тапсырма беру

§13 оқып келу,75 беттегі сұрақ және тапсырмаларға дайындалу

Берілген тапсырмаларды күнділіктеріне жазады

7

Рефлексия

Құрметті оқушылар егер сіздерге сабақ ұнаған болса оң қолдарыңызды ал, ұнамаған болса сол қолдарыңызды көтеріңдер.



© 2010-2022