Ашық сабақ. 1931-1933 жылдардағы аштық

Раздел История
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

9-сынып. Қазақстан тарихы

Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: 1931-1933 жылдардағы аштық. Асырасілтеушілік зардаптары: Ұлы нәубет.

Сабақтың мақсаты:

  1. Қазақстандағы ұжымдастырудың салдарынан болған ұлы жұт, ұлы нәубет аштықтың қасіретін түсіндіру

  2. Өз ойларын жеткізе білуге ,топпен жұмыс жасай білуге дағдыландыру

  3. Оқушыларды ұлтын, халқын, Отанын сүюге, еліне, халқына адал қызмет етуге, білімді, шыдамды, ұлтжанды азамат тәрбиелеу.

Түрі: аралас

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, ашық, жабық әдісі, конверт-сұрақ, Сұрақты ұстап ал!

Көрнекілік:карта, суреттер, сызба, интерактивті тақта, видео, постер, маркерлер, стикерлер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі 3 минут

Оқу құралын тексеріп түгелдеу

Оқушылар зейінін сабаққа аудару

Оқушыларды топқа бөліп отырғызу

Оқушыларды 3 топқа бөліп отырғызу. ( топқа конфет тарату әдісі бойынша)

  • Әр топқа топ басшысын тағайындау.

  • Бағалау парағын үлестіру.

  • Топ ережесімен таныстыру

II Үй тапсырмасын тексеру 15 минут. топпен жұмыс

Үйге «Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру» тақырыбы берілген. Оны тексеру үшін оқушыларды топқа бөліп, тапсырма беріп мазмұнын айту. (4 минут)

1 топ. Ұжымдастыруға дейінгі қазақ ауылы.75-76

2 топ. Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру. 77-78 бет

3 топ. Шаруалардың жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылығы. 81-82

Тапсырма. (интерактикті тақтаға орындау)

Дұрыс жауабын орналастыру.

Үй жұмысын қорытындылау : (2 минут)

№ 1( видео көрсету)

Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру, байларды қудалап, малын тәркілеуді Е.Смағұловтың «Ақбоз үй» романы бойынша түсірілген «Аманай мен Заманай» атты кино бар. Шетел асып кеткен қазақтардың ауыр тағдыры айтылады.

Міне, күштеп ұжымдастырудың салдарынан ұлы нәубет басталды. Бүгінгі сабағымыз 1931-1933 жж аштық яғни , ұлы нәубет жайлы болмақ.

Енді балалар жаңа сабағымызды көңілді күймен бастау үшін сергіту сәтін жасайық.

Сергіту сәті 1 мин

III Жаңа сабақ 20 минут

Бүгінгі жаңа тақырыпты бастаймыз. Дәптерлерімізді ашып жаңа сабақтың тақырыбын жазғызу.

Жаңа сабақ: §17-18. 1931-1933 жылдардағы аштық. Асырасілтеушілік зардаптары: Ұлы нәубет.

Ұжымдастыруға байланысты әр түрлі іс-шаралардың нәтижесі-Қазақстанның барлық аудандарын қамтыған бұрын-соңды болмаған аштыққа ұрындырды. Барлығы «Бай шаруашылықтарын тәркілеу» туралы қаулыдан басталды. «Байды тап ретінде жою» дегенді сылтау етіп, шолақ белседілер орташа шаруалардың да мал-мүлкін тәркіледі. Тартып алынған малға есеп жүргізілмей, талан-таражға түсті.

Енді осы жайлы толық мәлімет алу үшін экранға назар аударыңдар. №2 (видео) 7 минут

Міне осындай аштық өзіміздің өңірде де болы. Өзім мысал келтірем.

Аштықты көзбен көргендерден естеліктер. №3 (видео)

Ал сендердің де ата-әжелеріңнен естігендеріңнен сұрастырып келіңдер дегенмін.

-Кім айтады?

Бір-екі оқушыдан сұрау.

Оқушыларға мәтін таратылып беремін.

Енді осы түсінгеніміз бойынша әр топ жұмыс жасаймыз.

Ол үшін:

«Ойлан, жұптас, бірік» стратегиясы

І топ экранда көрген бейнебаянмен мәтінді оқып, келесі топтарға түсіндіреді.

ІІ топ келесі топтарға сұрақ дайындайсыңдар (конверт-сұрақ)

ІІІ топ суретке түсіреді

Қорғау 2 минут

IV Қорытындылау 5 минут

«Сұрақты ұстап ал!» әдісі бойынша топтарға сұрақ қоямын.

  1. 1931-1932 жж. қанша млн адам құрбан болды? (2 млн адам)

  2. 1931-1932 жж ауру-сырқаудан қанша мың адам өлген. (250 мың)

  3. Жалпы, ашаршылықтан өлген қазақтар саны қанша? (1 млн 750 мың)

2 жұлдыз 1 тілек стратегиясын қолданамын. Оқушылар бүгінгі сабақта не түсінгенін, не үйренгенін жазады және 1 ұсыныс тілектерін жазады.

Бағалау (2 минут) Топ басшылары топтағы оқушыларды бағалайды.

Қорытынды:

Ауыл шаруашылығын дамытудың сталиндік үлгісі халқымыздың басына жақсы жағынан гөрі орасан зор қасірет әкелгендігін бүгінгі сабақтан оқып білдік.

Үйге тапсырма: §17-18 1931-1933 жылдардағы аштық. Асырасілтеушілік зардаптары: Ұлы нәубет.78-81 бет






© 2010-2022