Конспект урока по тему «Тәуелсіздік қырандары»

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

8-сынып

Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіздік қырандары»

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға КСРО-ның ыдырауы, Қазақстанның тәуелсіздік алуы жайлы мағлұмат бере отырып, нақты тарихи заңдылықтарды түсінуін қалыптастыру. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің құрылуы жайындағы білімдерді меңгеру үшін жағдай жасау.

  2. Дамытушылық:Тарихи оқиғаның маңызын анықтай білу дағдыларын қалыптастыруға көмектесу, тарихи оқиғаларға баға бере білу және жан-жақты ойлау қабілеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Өз елінің өткен тарихын құрметтеуге үйрету, Отанға, еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, патриоттық, азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ.

Сабақтың әдісі: Сайыс сабақ.

Оқу материалын жабдықтау: Интерактивтік тақта, басылым материалдар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу

2. Оқушылардың назарын аудару

1. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Тәуелсіздік қырандары»

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: КСРО-ның ыдырауы мен Қазақстанның тәуелсіздік алуы жайлы мағлұмат алу.

Құрметті оқушылар біз бүгін дәстүрлі емес сабақ өтеміз бұл сабақтың ерекшелігі мен емес оқушылар үш сыныптың оқушылары түсіндіреді.

І-топ «Жалын»

ІІ-топ «Қыран»

ІІІ-топ «Тұлпар»

Негізгі бөлім:

І-бөлім. Слайд «желтоқсан оқиғасына»

ІІ-бөлім. «Шын және өтірік» интернет сайыс.

ІІІ-бөлім. «Кім жылдам?» /сұрақ-жауап/

ІІ-бөлім. «Шын және өтірік» интернет сайыс.

Биыл «Қазақ хандығының 550жыл» толғанына байланысты интернет сайысымыз Қазақ хандығына арналады.

  1. Алғашқы хан Керейдің екі ұлы болған. /Өтірік/

ж/ы: «Хандар шежіресінің көрсетуінше, Керейдің Бұрындық, Қожа-Мұхамед, Сұлтан Әли деген ұлдары болған.

  1. Қазақ хандығында елді ең көп уақыт бойы билеген хан - Қасым. /өтірік/

ж/ы: Бұрындық хан қырық жылға жуық уақыт хандық құрды.

  1. Ортағасырлық тарихшы Абдаллах бен Мұхамед бен Әли Насруллах өз жазбаларында Абылай хан туралы деректер қалдырады./өтірік/
    ж/ы:Абдаллах бен Мұхамед бен Әли Насруллах: «Қасым хан бүкіл Дәшті-Қыпшақтың падишахы болды. Ол ұлы істер жасау үшін туған адам еді. Қасым ханның қисапсыз әскері қазақтар мен ноғайлардан құралған еді», - деп сипаттайды.

  2. Қазақтың ең соңғы ханы Кенесары туралы «Жоралғылы жорық» зерттеу еңбегінің авторы - жазушы Думан Рамазан./шын/
    ж/ы:«Жоралғылы жорық» еңбегінің авторы, ханның бас сүйегін іздеп Ресей мұрағаттарын ақтарған кенесарытанушы - Думан Рамазан.

  3. Сан-Таштағы қырғынның қазақтарға қатысы бар ма? /шын/

ж/ы: Белгілі жазушы Мұхтар Мағауинның дерегі бойынша, 1537 жылғы Сан-Таштағы төрт халықтың соғысында қазақ-қырғыз әскері түгелдей қырылды. Тоғым хан тоғыз ұлы және қолбасшы отыз жеті сұлтанмен шайқаста шейіт болды.

  1. 1510 жылғы қазақ жері үшін болған ұлы шайқасқа Қасым сұлтан басшылық жасап, жеңіске жетті./шын/
    ж/ы: 1510 жылы Қасым сұлтан қысқы соғыста қазақтардың басты жауы Мұхаммед Шәйбани біржола талқандап, ұлыс шегінен асыра қуды. Сол кезеңдегі Түркістан уалаятына қарасты қалалардың көпшілігі Қазақ Ордасының құрамына енді.

  2. Керей - Қазақ хандығының алғашқы билеушісі./шын/

ж/ы: Қазақ хандығының тізгінін алғашқы болып Керей хан ұстады.

  1. 1486 жылы қазақтар Шәйбани ханды ауыр жеңіліске ұшыратып, Хорезмге тықсырған оқиға Қасым ханның тұсында болды. /өтірік/ ж/ы: 1473 жылдары билікке келген Бұрындық Шәйбани ханға қарсы бірнеше жорықтар ұйымдастырып, жеңіп отырды.

  2. Қазақ хандығының негізін қалаған Қасым хан. /өтірік/

ж/ы: 1465жылы Керей мен Жәнібек хандар қалаған/

  1. «Жеті жарғы» заңын жазғандар Керей мен Жәнібек. /өтірік/

ж/ы: Тәуке хан мен қазақ билері: Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би/

ІІІ-бөлім. «Кім жылдам?»

  1. 1986жылғы желтоқсан көтерілісінің басты себебі? / КССР-ның І-ші секреторы 22 жыл үздіксіз басқарып келген Дінмұхамед Ахмедұлы Қонаевтың орнынан алынып Ресейден жіберілген Генадий Колбинды қойды./



  1. Жасақшы Савицкийді өлтірді деген айып тағылды кімге?/Қ.Рысқұлбековке/

  2. 1986жылы 17желтоқсанда халық қай алаңға шықты? /Брежнев алаңы қазіргі Республика алаңы/

  3. 1991жылы 10желтоқсанда қандай оқиға болды? /Қазақ КСР-і Қазақстан Республикасы болып атала бастады/

  4. 1991жылы 1желтоқсанда қандай оқиға болды? /Н.Ә.Назарбаев ҚР Президенті болып сайланды/

  5. Қазақстан БҰҰ-на қашан мүше болып қабылданды? /1992жылы 2наурызда/

  6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері қашан қабылданды? /1992жылы 4маусымда/

  7. Қазақстан Республикасының алғашқы конституциясы қашан қабылданды? /1993жылы 28қаңтарда/

  8. Қазақстан Республикасының екінші конституциясы қашан қабылданды? /1995жылы 30тамызда/

  9. «Мәдениетті қолдау жылы» деп қай жылды жариялады? /2000ж/

  10. ҚР Президентінің жарлығы мен «Жалпыұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» деп қай жылды жариялады? /1997ж/

  11. «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» деп қай жылды жариялады? /1999ж/

  12. «Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы» деп қай жылды жариялады? /1998ж/

  13. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі қашан жарияланды? /1991жылы 16желтоқсан/

  14. Қазақстан Республикасының тұғыш ғарышкерін ата?/Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров 1991жылы 2қазанда ғарышқа ұшты./

  15. Желтоқсан оқиғасының құрбандарын білесіңбе? /Ләззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхамеджанова т.б. жазықсыз сотталды./

  16. Қай жылыҚазақстан Респуликасының Мемлекеттік гимнің жаңа редакциясы бекітілді, және оның авторлары кімдер? / 2006жылы 7қаңтар. әні:Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев./

  17. Нұрсұлтан Назарбаев еңбек жолын қайдан бастады? /1960жылы Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы «Қазметаллургияқұрылыс» тресіде жұмысшы болып бастады./

  18. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қашан қабылданды? /1992жылы 2наурызда қабылданды./

  19. Желтоқсан оқиғасына қатысқан жастарға қандай айып тағылды? /Қылмыскер,ұлтшыл./

Мұғалім сөзі:

Сол бір жас жүректердің қаһармандығы егеменді еліміздің жастарының көтерер туын биіктете берсе екен дей отыра, сайыс сабағымызды қорытындылаймыз. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақтың басын біріктіріп, бір жұдырыққа жұмылдырған бақытты да, қайғылы күн еді. Желтоқсан жаңғырығы көзден де көңілден де кетер емес.Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар-намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыққан жастардың ерен еңбегі ұрпақтан-ұрпаққа үлгі.Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер боласыңдар.

Бағалау:

Бөлім

Балл

Ортақ балл

І-бөлім

10-20

ІІ-бөлім

10-50

ІІІ-бөлім

10-50







© 2010-2022